• Басты
  • Жаңалықтар
  • Генерал-майор М.Ысқақов: ҚР Президентінің Жолдауы мемлекеттік органдардың жұмысына жаңа серпін береді

Генерал-майор М.Ысқақов: ҚР Президентінің Жолдауы мемлекеттік органдардың жұмысына жаңа серпін береді

22 Қаңтар, 2014 11:40
ҚР Президентінің Жолдауы мемлекеттік органдардың жұмысына жаңа серпін береді, деді Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің Генерал-майоры М. Ысқақов.

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы Қазақстан халқына «Қазақстан жолы-2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір  болашақ» Жолдауын жариялады. Жолдауда Мемлекет басшысы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне артылған міндет жайында айтып, мемлекеттік кәсіпорындардың, ұлттық компаниялар мен бюджеттік мекемелердің кадр саясатына меритократия қағидаттарын енгізуді жалғастыру қажеттігін де тілге тиек етті», - деді М. Ысқақов.

Сонымен қатар, Ұлт Көшбасшысы барлық құқық қорғау жүйесі жұмысының сапасын арттыру қажеттігіне де тоқталған болатын.

 «Мен шенділер өкілі ретінде Н. Назарбаев әрбір қазақстандықтың мақсат-міндетін анықтап берді деп айта аламын»,- деді ТЖД бастығы. 

Барлық жаңалықтар