- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Президенті Ақтаудағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына барды
ҚР Президенті Ақтаудағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында кәсіпкерлерге «бір терезе» қағидасы бойынша қызмет көрсететін орталықтың жұмысымен танысты. Орталық мемлекеттік сатып алу, бухгалтерлік, салық және статистикалық есептер, кедендік рәсімдер, ақпараттық технологиялар бойынша қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету және кәсіпкерлерге құқықтық көмек беру мәселелері жөнінде тегін кеңес беріледі.


Сонымен қатар, Президентке «Бастау-Бизнес» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы баяндалды. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жобалары: түйе шаруашылығы, репетиторлік орталық, типография, сұлулық салоны, стоматологиялық кабинет, балабақша және басқа да бастамалар таныстырылды.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтау қалалық №2 емханаға барды.
Мекеменің жұмысымен танысу барысында Мемлекет басшысы емдеу және күндізгі стационар кабинеттерін және емхананың жедел медициналық жәрдем станциясын аралап көрді.
Емделушілерді арнайы көпсалалы дайындықтан өткен тәжірибелі дәрігерлер қабылдайды. Бұл барлық санаттағы тұрғындарға сапалы алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, емханада тұрғындарды ақпараттық қолдау жүйесі жұмыс істейді. Соның ішінде тәулік бойы қызмет көрсететін call-орталық, сенім телефоны және емхананың веб-сайты бар.
Фото: Бауыржан Жуасбаев
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары