- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекет басшысы ММУ ректорымен кездесті
Мемлекет басшысы ММУ ректорымен кездесті
Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресей қарым-қатынастары тату көршілік және одақтастық негізде жемісті дамып келе жатқанын атап өтті.
«Сіздермен Нұр-Сұлтан қаласында жүздескеніме қуаныштымын. Мәскеу мемлекеттік университетінің филиалы елордада екі мыңыншы жылдары ашылды. Бүгінде қазақстандық студенттерге сапалы білім беріп отырған бұл оқу орны табысты жұмыс істеуде. Жақында Мәскеуде өткен келіссөздер аясында Владимир Путинмен білім саласындағы екіжақты ынтымақтастық деңгейінің жоғары екенін атап өттік, сондай-ақ оны жоспарлы түрде дамытуға уағдаластық», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры кездесуге мүмкіндік туғызғаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс білдірді. В.Садовничий екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы көп жылдық байланыстардың жемісті болғанын атап өтті.
« Менің Қазақстанға деген ықыласым ерекше. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің филиалы Қазақстанды жаңғыртудың жаңа кезеңінде сұранысқа ие, білікті кадрларды даярлауға зор үлес қосқанын мақтан етемін», – деді Виктор Садовничий.
Сонымен қатар, тараптар екі мемлекет арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Оқи аласыздар:
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
«Құқықтық мемлекет» ұғымы және Қазақстан -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді -
Мемлекет басшысы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады