- Басты
- Жаңалықтар
- Еуразиялық бастамаға 25 жыл: Ынтымақтастықтың жемісі мен жеңісі
Еуразиялық бастамаға 25 жыл: Ынтымақтастықтың жемісі мен жеңісі
ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дархан Кәлетаев конференция қатысушыларына арналған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың үндеуін оқып берді.

«1994 жылы Мәскеу университетінің қабырғасында интеграциялық жобаны құру идеясын ұсындым. Ол кезде бұл жоба азаматтардың әл-ауқатын арттыратын қуатты интеграциялық экономикалық одақ ретінде көрінді. Бүгін ол шынайылыққа айналды. Биыл Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісімге қол қойылғанына 5 жыл, ал Еуразиялық интеграция идеясына 25 жыл толып отыр. Қазіргі заманғы ЕАЭО сыртқы саудасы 750 млрд теңге сауда айналымы бар үлкен нарық», - делінген Елбасы үндеуінде.
Өз кезегінде Ресей Федерациясы Президенті басқармасының Шетелдермен аймақаралық және мәдени байланыстар жөніндегі бастығы Владимир Чернов Ресей Президенті Владимир Путиннің құттықтау сөзін оқып берді.
«Еуразия кеңістігінің ширек ғасырында Елбасы Н.Назарбаев ММУ-да ұсынған теңқұқылы елдердің бірігу идеясы сәтті түрде Экономикалық одаққа ұласты. Еуразиялық интеграцияның жобасы өзінің тиімділігін көрсетті. ЕуразЭҚ мүше елдері сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық байланысты дамытып жатыр. Шекаралық және өңіраралық ынтымақтастық дамып жатыр. Әртүрлі салаларда ауқымды жобаларды жүзеге асырып жатырмыз. Конференция аясында ұсынылған бастамалар мен ұсыныстар Еуразиялық экономикалық одақтың нығая түсуіне мүмкіндік береді», - делінген В.Путиннің құттықтауында.
Сондай-ақ, конференцияда маңызды мәселелер мен шешімдер талқыланатынын Елбасы кітапханасы директорының орынбасары айтып өтті.
«Еуразиялық экономикалық одақтың 25 жылдығын атап өтуге арналған Қазақстан-Ресей халықаралық ғылыми –тәжірибелік форум өткізіп жатырмыз. Идея бастамасын 1994 жылдың 29 наурызында Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде алғаш рет Еуразиялық одақтасу барысындағы ұсынысы мен Еуразиялық экономикалық одақтың құрылғанына 5 жыл толып отыр. Осы екі оқиға үлкен тарихи маңызға ие. Елбасы өзінің алғашқы баяндамасында Мәскеу университетінің сахнасынан одақтық интеграциялық бірлесу ұсынысы бүгінгі күні өзінің тарихи мәнін көрсеткенін айтуға болады», - деді Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Ботагөз Қаипова.
Сондай-ақ, ол форумда маңызды мәселелер талқыланып, ортақ межеге келетін оқиғалар көп екенін айтты.
«Елбасы Н.Назарбаев алғаш рет жариялаған идея - болашаққа ұмтылған идея. Әр мемлекет қазіргі жаһандық үрдістердің барысында серіктестік пен ынтымақтастықты сұраныс етеді. Жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы шығу барысындағы шешім, екіншіден, экономикалық даму барысында бір шешуші жолдың көрінісі болып табылады. Конференцияға қатысушылар ой-пікірлерінің бірлескен резолюциясында негіздеп оны қатысушылардың ортасына сынға салу көзделіп отыр», - деді Б.Қаипова.
Өз кезегінде И.Рогов одақтас елдер өз қызығушылықтарын сақтап қалатынын жеткізді.
«Еуразиялық экономикалық одаққа ене отыра өзге қатысушылар толық ішкі қызығушылықтарын сақтап қалады», - деді Конституциялық кеңестің басшысы Игорь Рогов.
Сондай-ақ, пленарлық отырыс пен екі панелдік сессиялардың аясында ХХІ ғасырдың сын-қатерлері алдында ЕАЭО-ның тиімділігі мен халықаралық мәртебесін арттыру, халықаралық кеңістіктің заманауи жүйесіндегі Үлкен Еуразияның рөлі, Еуразиялық кеңістіктегі экономикалық интеграцияның перспективалық бағыттары сынды мәселелер бойынша ашық пікір алмасулар болды.

Сонымен қатар, конференцияға 300-дей адам қатысты, оның ішінде Еуразиялық Экономикалық Одақтың, Қазақстан мен Ресей парламенттерінің, президенттер әкімшіліктерінің, сыртқы саясат ведомстволарының басшылары, Қазақстан астанасында орналасқан шетел дипломатиялық миссияларының басшылары, Еуразиялық экономикалық Одаққа мүше мемлекеттердің жетекші сарапшылары, қоғамдық қайраткерлері бар.
Аягөз Құрмаш
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді