• Басты
  • ТКШ: Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының ақпараттық жүйесі құрылады
10 Сәуір, 2019 16:28

ТКШ: Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының ақпараттық жүйесі құрылады

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Заң жобасын түсіндірген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр басқару органдары қызметінің ашықтығын арттыруға бағытталатынын айтты.

ТКШ: Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының ақпараттық жүйесі құрылады | Strategy2050.kz

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Игорь Скляр айтып өткендей, заң жобасы келесі негізгі мәселелерді шешуге бағытталған:  «Бір үй-бір бірлестік-бір шот» қағидасы бойынша коммерциялық емес ұйымның жаңа формасы «мүлік меншік иелерінің бірлестігін» құру арқылы басқару органдарының қызметін реттеу.

«Ұсынылған принцип әр үйді басқарудың жеке тәсілін қарастырады. Әр мүлік меншік иелерінің бірлестігі өзінің ағымдағы және жинақтаушы шоттарын ашатын болады.Аталған шара пәтер иелері кооперативтері және басқарушы компаниялар тарапынан қызметтер мен тарифтердің тұрғындарға жүктелмеуін және қаржыларының ашық жұмсалуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ тұрғындардың басқару тәсілін таңдау құқығы жеке басқару органдары арқылы немесе шарт негізінде басқарушы компаниялар арқылы беріледі», - деді Р.Скляр.

Министр айтқандай,  кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізудің жаңа механизмін енгізу.

«Бұл тұрғындарға қаражаттың түсуін және мақсатты жұмсалуын бақылау арқылы тек өздерінің үйіне күрделі жөндеуге қаражат жинауға мүмкіндік береді. Күрделі жөндеу жүргізуге қаражат жинақтау және жеңілдетілген қарыз алу механизмі әзірленді.Мысалы, тұрғын үй құрылыс банкінің есебіне сәйкес қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлеме жылына 2 пайызды құрайтын болады.Бұл схемаға жергілікті атқарушы органдар да қатысады, олар басқару органының өтініші бойынша күрделі жөндеу жүргізу қажеттілігі туралы шешім қабылдайды, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуді ұйымдастырады, техникалық тексеру мен энергия аудитін жүргізеді», - деді Р.Скляр.

Ол айтқандай,  бұл мақсаттарға Заң жобасында барлық қатысушылар үшін бизнес-процестердің ашықтығын қамтамасыз ететін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының ақпараттық жүйесін құру қарастырылған.

«Ақпараттық жүйеде тұрғындар үй бойынша шығындар мен табыстарды бақылап,  есептеулер мен есептесудің дұрыстығын тексере алады.  Сонымен қатар, тұрғындардың өз басқару органының қызметіне мониторинг жүргізіп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өтініштер беруге мүмкідіктері болады.Бұдан бөлек, тұрғындар электронды дауыс бере алады және үйдің барлық мәселелері бойынша сыртта жүріп те қатысу мүмкіндігі туады», - деді Р.Скляр.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі айтқандай, тұрғын үй-құрылыс кооперативтерінің қызметіндегі заң бұзушылықтарды болдырмау үшін кооператив тек бір көп пәтерлі тұрғын үй үшін құрылатын схема ұсынады, кооператив мүшелерінің саны пәтерлердің санынан аспауы тиіс және құрылыс мемлекеттік тіркеуден кейін және жалға алу құқығындағы немесе меншік құқығындағы жер учаскесі болған соң ғана жүзеге асырылатын болады. 

«Әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде газ және газбен жабдықтау объектілерінің, қауіпті техникалық құрылғылардың қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету.Заң жобасында жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй инспекциясын әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде газбен жабдықтау объектілерінің қауіпсіз пайдаланылуын, сондай-ақ қауіпті техникалық құрылғыларды бақылау және қадағалау құзыреттіліктерін беру қарастырылды», - деді ол.

Бүгінгі күні лифт шаруашылығының басым бөлігі өзінің нормативтік пайдалану мерзімінен асып кетті. Осы мәселені шешу үшін лифтілерді ауыстыру және жөндеу жұмыстарын қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылатын болады.

«Жаңа түзетулерді енгізу тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық субъектілерінің қарым-қатынастарын жақсартады, сондай-ақ өмір сүруге ыңғайлы және қауіпсіз орта құру арқылы халықтың тұрмыс сапасын көтереді. Жоғарыда аталғандарды ескере отырып,  Заң жобасын қолдауларыңызды сұраймын», - деді Р.Скляр.

Сондай-ақ, жалпы отырыста кадр даярлау мәселесінің маңыздылығына тоқталған Мәжіліс Төрағасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының басқарушысы экономист, заңгер, инженер немесе әлеуметтік қызметкер сияқты тиісті білімі болуы қажеттігін айтты.

« Көппәтерлі үйлерді басқару бұл хобби емес. Бұл менеджерлік жұмыс», - деді Палата Спикері.

Сонымен қатар, Мәжіліс депутаттары пәтер иелерінің күрделі жөндеу жұмыстарына ай сайынғы төлемдер жасау туралы міндеттемесін көздейтін нормаға баса назар аударды. Бүгінгі күні бұл сома бір айға бір шаршы метрге 51 теңге. Алайда тәжірибе көрсеткендей, бұл ереже жұмыс істемейді.

 Депутаттар осы жарнаны 4 есеге қысқарту үшін түзету енгізді, бұл шаршы метр үшін 12 теңге болмақ. Заң жобасын қабылдаған кезде күрделі жөндеуге жұмсайтын қаражаттары «бір үй – мүлік меншік иелерінің бір бірлестігі – бір шот» қағидаты бойынша жеке есептерде жинақталады. Олар сол үйде тұратын тұрғындардың жалпы санының кемінде үштен екісінің шешімімен ғана жұмсалмақ.

« Енді депутаттардың түзетулеріне сәйкес заң жобасы қаражатты жұмсаудың ашықтығын, сондай-ақ халыққа қаржылық жүктемені төмендетуді, ірі жөндеу жұмыстарына жұмсалған қаражаттың жұмсалуын тиісті бақылауды қамтамасыз етеді», - деді Нұрлан Нығматулин.

Отырыс барысында тұрғын үйлердегі лифттердің техникалық жай-күйінің сақталуына ерекше назар аударылды.

 Депутаттар, лифтілерді орнату және күту жөніндегі жұмыстарға қатысты түзетулер енгізді. Депутаттардың пікірінше, бұл жұмыс тек сертификатталған заңды тұлғалар тарапынан жүзеге асырылуы тиіс.

Сонымен қоса, Палата Спикері Парламент Мәжілісінің қабырғасында заң жобасының үкіметтік нұсқасы елеулі өзгерістерге ұшырағаны туралы айтып, депутаттар пәтер иелері мен тұрғын емес үй-жайлардың негізгі құқықтары мен міндеттерін нақты реттейтін 509 түзетулер енгізгеніне тоқталды.

«Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы еліміз үшін, халқымыз үшін ең маңызды мәселелердің бірі. Бұл салада шешілмей келе жатқан сұрақтар өте көп. Осыған байланысты, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев төртінші сессияның ашылуында тұрғын-үй қатынастарын реттеу туралы нақты тапсырма берген болатын. Сондықтан, бүгінгі заң жобасы аталған сала бойынша жүктелген міндеттерді жан-жақты, тиімді шешуге ықпал ететін болады», - деді Н.Нығматулин.

Аягөз Құрмаш 

Оқи аласыздар: 

Қазақстандықтар рецепт бойынша 13 млрд теңгеге тегін дәрі-дәрмек алды

Әлеуметтік қамқорлық: 2019 жылы 373 мың жаңа жұмыс орны ашылады

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды