• Басты
  • Биыл еліміздің саяси өмірі өзгерістерге толы жыл болды – сарапшылар
10 Сәуір, 2019 15:30

Биыл еліміздің саяси өмірі өзгерістерге толы жыл болды – сарапшылар

Қазақстан Президенті Қасым - Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Үндеуін жариялады. Үндеуде мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Президенттігіне кезектен тыс сайлау 2019 жылдың 9 маусымында өтетінін айтты. Бұл маңызды саяси бастамаға Түркістан облысының үкіметтік емес ұйымдары қолдау білдірді.

Биыл еліміздің саяси өмірі өзгерістерге толы жыл болды – сарапшылар | Strategy2050.kz

Мәселен,  Түркістан облыстық ардагерлер кеңесі  қазіргі уақытта мемлекет еліміздегі ардагерлерге көп қамқорлық жасауда. Мемлекеттің мүмкіндіктеріне сәйкес, жыл сайын зейнетақы және жәрдемақы мөлшері де артып отыр деген пікірді айтты.

«Өз кезегінде ардагерлер де Елбасы саясатын қуаттап, елдің дамуына бар ерік-жігерін жұмсап келеді.Қазақ халқының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  халықтың басын біріктіріп, өз алдына ел қылуда көп еңбек сіңірді. Ол кісінің бастауымен Отанымыз әлемге танылды. Елдің елдігін көрсетті, ерлігін танытты.Елбасының сенім артуымен Президент лауазымына кіріскен күннен бастап мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлерді аралап, халықпен жақын жүздесті. Бүгінгі жариялаған Үндеуінде Президент биыл 9 маусымда елімізде президенттік сайлау өтетіні туралы айтты. Бүгінде еліміздің бірлігі берік. Әлеуметтік-экономикалық жағдайы, халқымыздың әл-ауқаты жақсаруда. Әсіресе, биыл әлеуметтік саланың әлеуетін көтеруде көптеген іс-шаралар   атқарылуда. Мемлекетімізде саяси жүйе реттелген», - делінген  пікірде.

 Ардагерлер  Мемлекет басшысының бұл қадамын қуана құптайтнын жеткізді.

Ал, Түркістан облыстық «Азаматтық альянсы»  бұл сайлаудың ел тағдыры үшін маңызды екенін айтады.

«Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл 9 маусымда кезектен тыс президент сайлауын өткізуге байланысты жариялаған Үндеуіне қолдау білдіреміз. Қазақстанды алда үлкен істер күтіп тұр. Дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін аянбай еңбек ету керек. Осы мақсаттарды іске асыру үшін алдымен мемлекет басшысын сайлап, алдағы бес жылда еліміздің саяси-экономикалық бағытын кім жүргізетінін айқындап алуымыз керек болып тұр. Қазақстанға бүгінгі таңда ең басты керегі саяси-экономикалық тұрақтылық пен қоғамдық келісім және бейбітшілік екені анық», - деді «Азаматтық альянс»  өкілдері.

Олардың  айтуынша,  биліктің ауысуы конституцияға сай жүзеге асырылды.

«Енді ата заң бойынша жаңа президент сайланады. Бұл ретте таңдауды жасайтын – халық. Сондықтан мұндай ауқымды да маңызды саяси шараға ел тұрғындары немқұрайлы қарамауы тиіс. Өзінің азаматтық көзқарасын білдіріп, сайлауға қатысуы шарт деп білемін.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндеуінде Қазақстанды демократиялы мемлекет, сайлаудың әділ өтетініне кепілдік беретінін, кезектен тыс сайлау өткізуге Елбасы да, Премьер-министр де, Парламент те, Конституциялық кеңес те, саяси партия жетекшілері де қарсы еместерін атап өтті. Сондай-ақ Президент елмен кездескенде қарапайым халық, зиялы қауым, бизнес өкілдері және инвесторлар дұрыс жолмен келе жатқанымызды айтқандарын жеткізді. Сондықтан еліміздің әрбір саналы азаматын алдағы сайлауға жауапкершілікпен қарауға шақырамыз. Өйткені ел болашағы сіз бен біздің таңдауымызға байланысты», – дейді Түркістан облыстық «Азаматтық альянс» қауымдастығының өкілдері.

Ал, облыстық мәслихат депутаты Шәріпбек Жамалбеков әрбір саналы азаматты  алдағы сайлауға жауапкершілікпен қарауға шақырды.

 «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндеуінде Қазақстанды демократиялы мемлекет, сайлаудың әділ өтетініне кепілдік беретінін, кезектен тыс сайлау өткізуге Елбасы да, Премьер-министр де, Парламент те, Конституциялық кеңес те, саяси партия жетекшілері де қарсы еместерін атап өтті. Сондай-ақ Президент елмен кездескенде қарапайым халық, зиялы қауым, бизнес өкілдері және инвесторлар дұрыс жолмен келе жатқанымызды айтқандарын жеткізді. Сондықтан еліміздің әрбір саналы азаматын алдағы сайлауға жауапкершілікпен қарауға шақырамын. Өйткені ел болашағы сіз бен біздің таңдауымызға байланысты», – дейді облыстық «Азаматтық альянс» төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Шәріпбек Жамалбеков.  

Ал, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,  жазушы Мархабат Байғұт сайлаудан ел үлкен үміт күтетінін айтады.

«Биыл еліміздің саяси өмірі өзгерістерге толы жыл болды. Оның ішінде Елбасының өкілеттігін тоқтату туралы шешімін көпшілік әділ деп бағалады. Неге десеңіз, ішкі саяси тұрақтылықты сақтап, бағытымызды айқындауда бұл өзгерістің орны ерек. Мінекей, Президент сайлауын кезекті рет өткізу мәлімдемесі де жарияланды. Біз болашағымызды айқындарда өткенімізге қарауды  ұмытпаған  елміз. Тәуелсіздік  бізге қандай жеңісімен  келді? Әлем алдындағы асқақ беделіміз бен  еңселі экономикамызды айтпағанның өзінде қазақ руханияты үшін  елеулі оқиғаларға толы болды. Оның ішінде, күллі адамзат, бүкіл дүние жүзінің өркениетті қауымы, барша ел  назар аударарлықтай әлемдік деңгейдегі, парасаттың шырқау биігіндегі пайымдар ортаға салынды.  Нақты ғылыми деректерге сүйеніп, жаһандық тарихтағы Ұлы Дала елінің, қазақ ұлтының, Қазақстан республикасының орны мен рөлі жан-жақты айқындалды. Бүкіл байтағымыздың рухани жаңғыру барысында алдағы уақытта нелерді және қалай жүзеге асыру керектігінің тағлымды тұжырымдамасы жасалды.  Түркістан қаласын облыс орталығына айналдыру арқылы күллі түркі жұртының туын төрімізге тікті. Оның болашағы, Әл-Фараби мен Ахмет Ясауи бабаларымыз, батырлар  жыры, қызғалдақ пен  сиверс алмасына дейін  айрықша мән берілуі қаламгерлерге қанат бітіреді.Осындай жарқын  кезеңдерді бастан  кешіріп отырған еліміз  алдағы сайлаудан  мол үміт, келісті келешек күтеді. Ол үшін  ауызбірлік қағидасы ауадай қажет. Кемеңгер еліміз  өз Президентін сайлауда бұл жолы да қателеспейді деп ойлаймыз», – дейді жазушы.

 

Аягөз Құрмаш 

Оқи аласыздар: 

Кезектен тыс сайлау: Кім президенттікке кандидат бола алады?

Ырысты еселеп, мемлекеттілікті бекемдейтін қадам – депутат

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды