- Басты
- Жаңалықтар
- Ырысты еселеп, мемлекеттілікті бекемдейтін қадам – депутат
Ырысты еселеп, мемлекеттілікті бекемдейтін қадам – депутат
«Қазақстан дүниежүзіндегі ең озық дамыған отыз мемлекеттің біріне айналуға ден қойғаны мәлім. Ол үшін еліміз әлемдегі қарқынды өзгерген жағдайларға жылдам әрі ұтымды бейімделе білгені жөн. Демек, бұл қадам сайлау секілді мемлекеттік маңызды істі келер жылға дейін созбалаңға салмай, әлемдегі ахуалдың одан әрі күрделенуін күтпей, алдын ала қимылдауға бағытталуда. Әйтпесе, тегеуріні төтен, тепкісі қатты заманда электоралды кезеңнің көпке ұзауы мемлекеттің дамуын тежеуі, көшін кері кетіруі ықтимал», - деді Б.Смағұл.
Депутаттың айтуынша, бұл билік транзитін аяқтау, мемлекет тағдырын, ел тізгінін Қазақстан халқы сайлаған Президентке табыстау үшін керек.
«Осының арқасында мемлекет өз ішіндегі қоғамдық пікірді тыныштандырып қана қоймай, өзіне сұқ көзін қадаған, суық сөзін арнаған сыртқы күштерді де сабасына түсіреді, олардың елдегі билік ауысуын пайдаланып, қарау ниеттерін жүзеге асыруына жол бермейді. Бұл ел экономикасына мол қаржы салған шетелдік инвесторларды алаңдаушылықтан арылту үшін де қажет: олар елдің тізгіні тұрақты президентте болуын қалайды», - деді Б.Смағұл.
Сондай-ақ, ол қазіргі кезде алмағайып әлем аласапыранға түсіп жатқанын айтты.
«Көптеген елдер саяси, әлеуметтік, экономикалық қиыншылықтар мен қайшылықтар қыспағында қалуда. Ал Қазақстан жаһанданудың бұл теріс құбылыстарына қарсы қарымды қайрат көрсетіп, тегеурінді тоспа құрып, олардың мемлекетке және өз азаматтарына нұқсан келтіруіне жол бермеуде. Оның орнына Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік бастамалары арқасында мемлекетіміз халыққа қуатты қолдау көрсетуде. Бұл тек ауқатты, әлеуетті елдердің қолынан ғана келеді», - деді Б.Смағұл.
Сонымен қатар, ол бұл маңызды іске барша Қазақстан халқы да жауапкершілікпен қарау керек екенін айтты.
«Еліміздің Ата заңында: «Қазақстан Президенті – халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышан-символы әрі кепілі» деп жазылған. Ендеше бұл маңызды іске барша Қазақстан халқы да жауапкершілікпен қарап, белгіленген күні өз ықтиярын білдіреріне сенімдімін.Осы арқылы қазақ елі көшіміздің түзу, ынтымағымыздың берік, бағдарымыздың айқын, келешегіміздің жарқын екенін тағы бір айғақтай түседі», - деді ол.
Оқи аласыздар:
Президент сайлау өткізу туралы шешімді дер уағында қабылдады - сарапшылар
Кезектен тыс сайлау: Кім президенттікке кандидат бола алады?
-
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Е.Салтыбаев: Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы - уақытылы жасалған қадам -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған» -
Әкімдерді сайлау: «Бұл - жергілікті өзін-өзі басқару институтын дамыту жолындағы заңды қадам» -
«Ауыл – ел бесігі»: Жол, тұрғын үй мәселелері мен білім, денсаулық саласындағы өзгерістер -
Мектеп қауіпсіздігі – маңызды міндет -
Ана мен баланы қорғау – мемлекет дамуының кепілі -
Отан қорғаушылар күні: Егемендіктің қадір-қасиеті – ел тыныштығында -
Бірлік пен татулық – даму кепілі -
«Бизнестің жол картасы – 2025»: бизнес өкілдеріне қандай қолдау көрсетіліп жатыр