- Басты
- Кезектен тыс сайлау: Кім президенттікке кандидат бола алады?
Кезектен тыс сайлау: Кім президенттікке кандидат бола алады?

Ата заңымыздың 41 бабында көрсетілгендей, Қазақстан Республикасының Президенті болып тумысынан Республика азаматы болып табылатын, қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген, Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын және жоғары білімі бар Республика азаматы сайлана алады.
50 пайыздан артық дауыс жинаған кандидат сайлауда жеңіске жетеді.
Егер ешбір кандидат бұл межеден аспаса, ең көп қолдауға ие болған екі кандидат қайта сайлауға түседі.
Мемлекет басшысы лауазымына кандитаттарды саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер ғана ұсына алады.
Президент – еліміздегі ең жоғарғы лауазым иесі.
Ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын айқындайды, барлық билік органдарының келісімді қызмет атқаруын қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, Президент Қазақстан Қарулы күштерінің Жоғарғы Қолбасшысы.
Мемлекет басшысы 18 жастан асқан азаматтардың жалпы және құпия дауыс беруі арқылы 5 жылдық мерзімге сайланады.
Президенттің өкілеттілігі жайында:
Президент Бұйрықтары мен Қаулылары заң күшіне ие;
Референдумдар мен Парламент сайлауын бекітеді және Парламент сессияларын шақырады;
Парламент қабылдаған заңдарға қол қояды және оларды қайта талқылауға жібере алады;
Парламент келісімімен Премьер-Министрді және Премьер-Министрдің ұсынысы бойынша Үкімет мүшелерін тағайындайды;
Парламент келісімімен Ұлттық банк Төрағасын, Бас прокурорды, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасын тағайындайды;
Дипломатиялық өкілдіктердің басшыларын, жоғарғы әскери басшыларды және Есеп комитеті мүшелерін тағайындайды;
Үкімет пен жергілікті билік органдары қаулыларының күшін жоя алады;
Мемлекеттік бағдарламаларды бекітеді;
Халықаралық келіссөздер жүргізеді және келісімшарттарға қол қояды;
Төтенше және әскери жағдай енгізеді.
Қазақстан Президенті қызметі 1990 жылы 24 сәуірде тағайындалды.
Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылы алғашқы жалпыхалықтық Президент сайлауы нәтижесінде Мемлекет басшысы болып сайланды.
1995 жылғы референдум негізінде оның президенттік өкілеттілігі созылды.
1999 жылғы кезектен тыс және 2005 жылғы сайлаулар нәтижесінде тағы да Президент болды.
Ал соңғы науқандардың барлығы кезектен тыс өтті.
2011 жыл мен 2015 жылғы және биылғы сайлау да осы сөзімізге дәлел.
2019 жылдың 19 наурызы күні ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы, Ұлт Көшбасшысы Н.Назарбаев өз өкілеттіліген бас тартты.
20 наурыз күні Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті қос палатасының бірлескен отырысында халыққа ант беріп, ҚР Президенті қызметіне кірісті.
Оқи отырыңыз:
2019-03-19: Астана уақытымен 19:00 Президент өз өкілеттілігін тоқтатты
Сайлау жүйесіне 25 жыл: Дауыс берудің заманауи технологиялары
Қазақстан сайлауларды ұйымдастыруда жоғары халықаралық стандарттарды ұстанады
-
МӘМС: Кімдер тіркелді, халыққа қандай көмек көрсетілді және қордың пандемия кезіндегі жұмысы
-
2021 жылы төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері өзгерді
-
Қазақстанның кеден бекеттерінде 2021 жылы қандай өзгерістер болды
-
ҚР ҚК-дегі жауынгерлік даярлық сан-эпид ахуалға қарай жүргізіледі
-
COVID-19: Қазақстанда вакцина қашаннан бастап егiледi, кiмдер тегiн ала алады
-
Жаңа үкімет құрамы жасақталды
-
COVID-19: Аустралия жыл соңына дейін шекарасын ашпайды, Бразилия ресейлік вакцинаны тіркеген жоқ
-
COVID-19: "Пандемияның екінші жылы біріншісінен қиын болуы мүмкін"
-
Ауыл әкімдерін сайлауда аудан әкімінің емес, жергілікті халықтың ықпалы басым болу керек – Айбек Қалиев
-
Жаңа Парламент Тоқаевтың басымдықтарын жүзеге асыратын беделді шақырылым болады деп сенеміз - саясаттанушы
-
Президент соңғы жылдардың тенденцияларына арналған басымдықтарды көрсетті - сарапшы
-
Тоқаев жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды
-
«Nur Otan» партиясынан Мәжіліске кімдер сайланды
-
ҚР ИИДМ: Көлік құралдарын шығару - машина жасау өнеркәсібінің дамуына ықпал етті
-
ОСК Мәжіліс депутаттары сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады

