- Басты
- Жаңалықтар
- Президент сайлау өткізу туралы шешімді дер уағында қабылдады - сарапшылар
Президент сайлау өткізу туралы шешімді дер уағында қабылдады - сарапшылар
«ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әртүрлі көзқарасты сараптай отырып, әбден ойланған соң ғана сайлау туралы шешім шығарды.Президент алдымен Елбасымен ақылдасты. Парламент Палатасы жетекшілерімен, Премьер-Министрмен және Конституциялық Кеңестің Төрағасымен кеңесті. Негізгі саяси партиялардың жетекшілерімен жолықты», - деді ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин.
Е.Қарин атап өткендей, осылайша, кезектен тыс сайлау өткізу жайлы шешім қоғам сұранысын саралаумен қатар тиісті өтініштердің назарға алынуымен барлық саяси талапқа сай қабылданды.
«Яғни, маңызды мәселелердің барлық қоғамдық саяси жақтары ескерілді.Сондықтан да, сайлау өткізу туралы шешім еліміздегі басты қоғамдық саяси күштердің ортақ мәмілесінен туындап отыр. Сайлау барлық мәселеге нүкте қойып, транзиттік үдерісті аяқтайды.Соңғы кездері «Бізді не күтіп тұр?», «Ары қарай не болады?» деген сыңайдағы әртүрлі әңгіменің өрбігені жасырын емес. Міне,Президент өткізіліп жатқан реформаларға кесірі тимес үшін осындай әңгімелер мен пікірталастарға нүкте қойды.Осылайша, екіұдайылық күйден аттап өтуге сайлау мүмкіндік береді», - деді Ерлан Қарин.
Ол айтып өткендей, Мемлекет басшысы «Президент халық қалауы бойынша сайланады» деп астын сызып тұрып бекер айтқан жоқ. Үндеуіндегі негізгі сөз де осы.
Өз кезегінде танымал саясаттанушы және қоғам қайраткері Айдос Сарым кезектен тыс сайлау өткізудің 4 себебін атап өтті.
«Геосаясат. Тұңғыш Президенттің өз өкілеттігін тоқтатуын көпшілік күтпеді. Алғашқы күндері ел басшылығымен бір ғана Қытай елшісі бес рет кездесті. Транзитке кіруге болады, бұл оңай. Бірақ, онда қалып қоюға да болады. Бізге әлемнен оқшаулануға, стратегиялық белгісіздікке жол беруге болмайды. Екеуі де ішкі шаруаларымызға үлкен ойыншылардың килігуіне әкеп соғады», - деді А.Сарым.
Екіншіден, оның айтуынша, сайлау инвестициялық және бизнес ахуалға әсер етеді.
«Отандық және ғаламдық бизнестің ойын ережелерін ұзартуды немесе жаңа, түсінікті ережелерді күтіп отырғаны жасырын емес. Өткен жылмен салыстырғанда, ішкі инвестициялар екі есе азайды. Тіпті ірі рейтинг агенттіктері де кезектен тыс сайлауға ишара жасауда», - деп атап өтті ол.
А.Сарымның айтуынша, үшінші себеп ретінде саястаннушы билік пен мемлекеттік аппараттың бірлігін атауға болады.
«Біздің элита күрделілік пен белгісіздік жағдайында жұмыс істей алмайды. Егер өтпелі кезең ұзаққа созылар болса, мемлекеттік аппарат пен элитаның бір бөлігі бұзылады. 2004 жылды, Асар партиясын еске алайық. Келесі жылға дейін созсақ, қоғамды әлсіретіп аламыз», - деп есептейді сарапшы.
Сондай-ақ, А. Сарымның пікірінше, сайлау елдегі партиялық-саяси жағдайға оң ықпалын тигізеді.

«Сайлау елдегі партиялық-саяси жүйені қайта жаңартады, 2001 жылғы жікке бөлінуді жабады. Қазірдің өзінде партиялық амбициясы туралы айта алатын ең кемі 5-6 ойыншы пайда болды. Бұл сайлау - біз үшін үлкен мүмкіндік», - деді ол.
Аягөз Құрмаш
Оқи аласыздар:
Тоқаев қазақстандықтарға Үндеу жасайды
Президенттің кезектен тыс сайлауы өтеді
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді