- Басты
- Жаңалықтар
- Рухани жаңғыру: «Ғасырларға созылған қасірет» атты көшпелі көрме ашылды
Рухани жаңғыру: «Ғасырларға созылған қасірет» атты көшпелі көрме ашылды
«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көшпелі көрме ұйымдастырып отырмыз. Бұл – сол замандағы қанды оқиғалар қайтадан қайталанбасын деген ниетпен сол замандағы ата-бабаларымыздың шеккен қасіреті ұмыт қалмасын деген мақсатпен ұйымдастырылып отырған ілкімді шара. Көрмеге сол кезеңдегі тұлғалардың фотосуреттері, отбасылары туралы мағлұматтар мен жеке заттары да қойылды», - деді «Алжир» мемориалды-мұражай кешенінің маманы Гүлнұр Төлепбергенова.

Маманның айтуынша, АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені Әскери-тарихи музейіне 70-тен астам экспонатты жеткізген.
«1937-1938 жылдардан бері сақталып келе жатқан құнды жәдігерлер бар. Көрме 20 күнге созылады. Сол зұлым кезеңде қанша сәби балалық бақытты басынан өткере алмады. Бақытты балалық шақтың қандай болатынын көре алмады. Көптеген қиындықты бастарынан кешті. Қазіргі балалардың аспаны ашық, бейбіт заманда өмір сүріп жатқанын бағалау үшін де аталған көрменің маңызы зор», - деді Г.Төлепбергенова.
Сондай-ақ, көрмеге қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары да қатысты. Оның ішінде АЛЖИР тұтқыны Садвокасова Елизавета Александровнаның немересі Перизат Сәдуақасова да бар.

«Менің атам Сәдуақасов Жанайдар 1937 жылы ұйымдастырылған саяси-қуғын сүргіннің құрбаны, мемлекет және қоғам қайраткері. 1938 жылы небарі 39 жасында Жоғары Үкіммен ату жазасына кесілген. Ал, әжем- Елизавета Сәдуақасова Отанын сатқан мемлекет қайраткерінің жұбайы ретінде 8 жыл Ақмол кентіндегі АЛЖИР лагерінде тұтқында отырды. Бүгінгі тақырып – саяси қуғын –сүргін репрессия тақырыбы-менің отбасыма жанама емес, тікелей кесірін тикізген зобалаң. Бұл барлық Қазақстан тарихында қанмен жазылған бет деп айтқым келеді. Бұл біздің қасіретті тарихымыз», - деді П.Сәдуақасова.
Сондай-ақ, ол атасы 1957 жылы ақталғанын атап өтті.

«Менің атам 1957 жылы ресми түрде ақталды. Оған дейін менің әкем, туыстарым бастарын көтере алмаған, көшеге шыға алмаған, ЖОО-ларда білім ала алмады. Саяси қуғын-сүргінде құрбан болған барлық марғасқалардың ұлы есімдері біздің Тәуелсіздігіміздің нәтижесінде төрден орын алып отыр деп айтқым келеді. Елбасының ұдайы көңіл бөлуімен, арнайы Өкімімен жыл сайын 31 мамыр күні-саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аталып өтеді. Қазақстанның барлық өңірлері сол қиын-қыстау кезеңді еске алады. Бұл азалы күнге мемлекет тарапы көрсетіліп жатқан қамқорлық деп білемін. АЛЖИР мұражайы осы тақырып аясында өте ауқымды жұмыстарды атқарып жатыр. Осындай зұлмат кезеңнің құрбаны болған Алаш ардақтыларының атағын еске сақтап, құрметтеген кезде ғана Мәңгілік ел бола аламыз. Бүгінгі көрме әрқайсымыздың жүрегінен орын алады деп ойлаймын. Жастар үлкен тарихи тағылым алады деген сенімдемін», - деді ол.

Сондай-ақ, көрмеге Хасен Нұрмұхамедов және оның жұбайы Кира Берсенованың, «АЛЖИР» тұтқындары Мұхамедқали және Шәкітай Тәтімовтердің, Шәкір және Ғайнижамал Гайсиндердің жеке заттары, АЛЖИР лагерінде Анцис Мариям Лазаревнаның жасаған түпнұсқалық кестелері, сондай-ақ АЛЖИР лагеріндегі анасы Кира Берсеневаға Леонид Нұрмұхамедовтың жазған балалық хаттары қойылды.

Аягөз Құрмаш
Фото: Нұрлан Нұрышев
-
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде, ал ДДСҰ COVID-19-ға қарсы 3 препаратты сынақтан өткізбекші