• Басты
  • Қазақстандықтар рецепт бойынша 13 млрд теңгеге тегін дәрі-дәрмек алды
8 Сәуір, 2019 17:23

Қазақстандықтар рецепт бойынша 13 млрд теңгеге тегін дәрі-дәрмек алды

Денсаулық сақтау министрлігі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттарды жеткізуде іркілістердің алдын алу бойынша кешенді жұмыс жүргізуде, бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында мәлім болды.

Қазақстандықтар рецепт бойынша 13 млрд   теңгеге    тегін дәрі-дәрмек   алды | Strategy2050.kz

«Бір жыл бұрын тегін дәрі – дәрмектерді жеткізудегі іркілістер туралы көптеген шағымдардың аясында, онымен қоса сатып алу уақытында жүргізілген дәрілерге де, 2018 жылдың наурыз - сәуір айларында министрлік тексеру жүргізу үшін өңірлерде мониторингтік топтар құру туралы шешім қабылдады», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комиетінің төрағасы  Людмила Бюрабекова.   

Фармация комитеті жетекшісінің айтуынша, тексеру нәтижелері бойынша науқастардың препараттарды ДҚАЖ бағдарласмасында, сондай-ақ қолданылмаған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қалдықтары түскендігі анықталды.

« Елдің 11 өңірінде 2016 – 2017 жылдардағы дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдар қалдықтарының жалпы сомасы 4,3 млдр. теңге. Бұл ретте ДҚАЖ  өңірлер бойынша қалдықтар жоқ, барлық дәрі-дәрмектер науқастармен шығарылған. Бас прокуратураның тексеру қорытындысы бойынша өңірлерде бүгінгі күні 20-дан астам қылмыстық іс қозғалды», - деді Л.Бюрабекова.

Людмила Бюрабекова сондай-ақ, 2018 жылы Қазақстанның 70 медициналық мекемесінде психиатриялық, онкологиялық аурулармен, АИТВ/ЖИТС және туберкулезбен ауыратын науқастарға дәрілік заттарды ұтымды пайдалануды және науқастардың дәрілік заттармен қамтамасыз етілуін талдау мониторингі жүргізілді.

Ол мониторинг нәтижелері бойынша қажеттіліктің дұрыс емес (артық) қалыптасуы, науқастардың  дәрілік заттармен толық көлемде және тұрақты емес қамтамасыз етілуі, дәрілік заттарды тиімсіз пайдалану және науқастарды тұтыну нормасынан тыс препараттармен қамтамасыз ету, берілген рецептілер туралы жазбалардың болмауы, медициналық ұйымдардың дәрілік формулярына дәлелденген клиникалық тиімділігі жоқ препараттарды енгізу, бекітілген шекті бағадан асатын баға бойынша дәрілік препараттарды өз бетінше сатып алу фактілерін анықтағанын, тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жататын диспансерлік науқастардың тіркелімінде болмауы, жазылған рецептердің ақпараттық жүйеде және науқастың амбулаториялық картасында дәрілік заттардың саны бойынша сәйкес келмеуін айтты.

Мониторингтің барлық материалдары шаралар қабылдау үшін ҚР Бас прокуратурасына берілді.

 «Сонымен қатар, әр аймақтан ҚР ДСМ Фармация комитетінің аумақтық департаменттері өкілдерінің қатысуымен өңірлерде тоғыспалы тексерулер түрінде мониторингтің екінші кезеңі басталды. Мониторингтің аяқталу мерзімі-29 сәуір», - деді Людмила Бюрабекова.

Бұдан басқа, науқастардың тегін амбулаториялық қамтамасыз етілуі үшін дәрілерді тиімді жоспарлау мәселелсін шешу үшін министрлік өтінімді қалыптастыру кезінде электрондық форматқа көшу туралы шешім қабылдады.

 Сонымен қатар, Фармация комитетінің төрағасы диспансерлік науқастардың  тіркелімін ҚР ДСМ дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің Ақпараттық жүйесімен және СҚ-Фармацияның Бірыңғай фармацевтикалық жүйесімен интеграциялау аяқталғанын хабарлады.

 «Сондай-ақ, 9 сәуірде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлдігінің барлық дәрі-дәрмектерге бағаны реттеуге құзіреттілігі бар Қазақстан Республикасы Заңының нормасы күшіне енетіні туралы хабарлағым келеді. Нарықпен, Атамакен ҰКП және бейінді қауымдастықтармен келісілген көтерме және бөлшек үстеме бағалардың икемді регрессивті жүйесі әзірленді. Ереже бекітілу үшін әділет  министрлігінде. Барлық бағалар ДСМ, ФК және ДЗСҰО интернет-ресурстарында орналастырылады, сондай-ақ мобильді қосымша әзірленді», - деді Людмила Бюрабекова.  

«СҚ-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Берік Шаріп дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мониторингі үшін компанияда кері байланыс құралдары пайдаланылатынын айтты.

 «1439 байланыс орталығының нөміріне жүгіну жеке өңделеді, мәселені шешу байланыс орталығы операторының науқасқа қоңырау шалу арқылы белгіленеді.  Байланыс орталығының жұмысы барысында азаматтардан 10 мың өтініш келіп түсті, оның 5 мыңы – 2019 жылдың 1 тоқсанда келіп түсті», - деді Берік Шәріп.

Сонымен қатар, Бірыңғай дистрибьютордың басшысы компания порталында медициналық ұйымдардағы дәрілік препараттардың қалдықтары бойынша интерактивті анықтамалықтың іске қосылғаны туралы айтты.

«Енді медициналық ұйымдардың дәрілік препараттарға өтінімдері науқастар үшін одан әрі ашық болды: анықтамалық интерактивті карта форматында орындалды, онда науқастар медициналық ұйымдардың дәрілік заттарға өтінімі бойынша барлық ақпаратты: медициналық ұйымның іздестірілетін препаратқа өтінім орналастырылды ма, қандай мөлшерде және қандай кесте бойынша, сондай - ақ оның ағымдағы сәтте және келесі жеткізілімдердің жоспарланған мерзімдерінде болуын онлайн-режимде көре алады», - деді «СҚ-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасының міндетін атқарушы.

Интерактивті анықтамалықты пилоттық тестілеу 1 тоқсанда жүзеге асырылды, ал 1 сәуірден бастап барлық науқастар үшін жұмыс режимінде жұмыс істеді.

Сондай-ақ, Берік Шәріп өңірдегі дәрі-дәрмектерді жөнелту  барысы туралы да айтты.

Оның мәліметінше, еліміздің медициналық ұйымдарына қазіргі уақытта 33,5 млрд.теңгеге дәрі-дәрмек жөнелтілген.   

Қазақстанда 1 тоқсанда 14 млрд. теңгеге шамамен 2,1 рецепт жазылып, қазақстандықтар рецепт бойынша 13 млрд.теңгеге тегін дәрі-дәрмек алды.

Аягөз Құрмаш 

Оқи аласыздар: 

Онкологиялық пациенттерге жыл сайын республикалық бюджеттен 40 млрд теңге бөлінеді

Қазақстанда еңбек қауіпсіздігі қалай қорғалады?

Медициналық сақтандыру және халық денсаулығы жайында

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды