- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-да халықаралық коңырау шалуға тарификация бірлігі 1 секундқа дейін төмендеді
ҚР-да халықаралық коңырау шалуға тарификация бірлігі 1 секундқа дейін төмендеді
Халықаралық қоңырау шалу бірлігінің өлшемі 10 секундтан 1 секундқадейін төмендеуі Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің бұйрығына сәйкес жүзеге асырылған. Бұл шара Қазақстан Республикасы байланыс қызметінің барлық тұтынушыларына барлық бағыттар бойынша секундты тарификацияға толығымен көшуіне мүмкіндік береді. Абоненттердің шығындары 10-17 %-ға үнемделеді деп болжалануда.
2012 жылдың 1-ші шілдесінен бастап ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің бастамасымен қалалық (ауылдық) телефоннан халықаралық және ұялы байланыс операторларының абоненттеріне қоңырау шалу бірлігінің өлшемі 10 секундтан 1 секундқа дейін төмендегенін еске салған жөн. Қалалық (ауылдық) және ұялы телефоннан жақын және алыс шет елдерінің «ұялы» байланыс операторларының абоненттеріне қоңырау шалу бірлігі 30 секундтан 10 секундқа дейін қысқартылды.
Естеріңізге салсақ, тарификация бірлігінің алғашқы төмендеуі 2011 жылы ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің бастамасымен жүзеге асырылған болатын. Ол кезде ұялы байланыс абоненттері үшін желі ішінде және басқа желіге қоңырау шалу тарификациясының бірлігі 1 секунд мөлшерінде бекітілді. Сонымен бірге, ұялы телефоннан басқа операторлар абоненттеріне шалынған қоңырауды қосу үшін бекітілген төлемақы алынып тасталды.
-
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді -
ДСМ: Коронавируспен сырқаттанушылық деңгейі 1,4 есе төмендеді -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
ДСМ: Соңғы екі аптада сырқаттанушылық деңгейі 10% - ға төмендеді -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Жаңа қаулы: Вакцинаны кімдер және қашанға дейін алу керек -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды