- Басты
- Жаңалықтар
- ТҚЖБ - ипотекалық несиелендіру нарығындағы көшбасшылардың бірі
ТҚЖБ - ипотекалық несиелендіру нарығындағы көшбасшылардың бірі
«Қазіргі таңда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ипотекалық несиелендіру нарығындағы көшбасшылардың бірі болып отыр. Қазіргі рейтинг пен оның расталуы банктің тұрақты әрі сенімділігін, басқару қызметі мен бизнес-стратегиясының тиімділігін, ал несие қабілеттілігінің жақсы деңгейде екенін, несие қатерлерінің төмендігін көрсетеді», - деп атап өтті «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің ұзақмерзімді рейтингінің расталуы мемлекеттің қажет болған жағдайда қолдау білдіруге дайын екендігі туралы агенттік пікірін білдіреді. Себебі, Банк тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыруда ғана емес, жалпы қазақстандық ипотекалық нарықта маңызды рөл атқарып отыр.
Бұған қоса, Fitch Ratings пікіріне сүйенсек, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі орта мерзімді перспективада мұндай қолдауды қажет ете қоймайды. Сондай-ақ, агенттік банктің несие қоржынының тұрақты (жұмыс істемейтін активтер көрсеткіші 0,3 пайыз деңгейінде, ал бұл көрсеткіш барлық қазақстандық банктер арасында орта есеппен 8,3 пайызға тең), капитал қорының жақсы және жайлы өтімділік қорының бар екенін атап өтті.
Айта кетейік, Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі- «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес ұйымы. Ол Қазақстанда тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын жалғыз банк. Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің арасында Fitch Ratings аталған рейтінгі ең жоғарғы болып табылады. Тағы бір халықаралық Moody’s рейтинг агенттігінің Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне берген рейтингі Қазақстанның «Baa3» егеменді рейтингі деңгейінде, рейтинг бойынша болжам «Тұрақты».
Оқи аласыздар:
7-20-25 пен Нұрлы Жер арқылы көпбалалы отбасыларға үй беріледі
7-20-25: "Нұрлы жер" арқылы баспана алу мүмкіндігі
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
А. Цой: Тамыз-қыркүйек айларындағы эпиджағдайға болжам жасады -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай