- Басты
- Жаңалықтар
- Тоқаев пен Рогозин ғарыш саласындағы ынтымақтастықты талқылады
Тоқаев пен Рогозин ғарыш саласындағы ынтымақтастықты талқылады
Қазақстан Президенті Ресей Федерациясымен ғарыш саласындағы, соның ішінде «Байқоңыр» ғарыш айлағының қызметі жөніндегі ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.
«Кеше ғана мен Ресей Федерациясына сапармен барып келдім. Сапар табысты болды деп бағалаймын. Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен маңызды келіссөздер өткізілді. Соның ішінде Сіз жетекшілік ететін сала жөнінде де әңгімелестік. Қазір тиісті жобалар екі тараптың да қарауында», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
«Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының басшысы Қазақстан Президентіне «Прогресс-МС11» жүк кемесінің «Байқоңыр» ғарыш айлағынан Халықаралық ғарыш стансасына сәтті ұшырылғанын мәлімдеді.
« Біз кеше әлемдік рекорд орнаттық. Бұған дейін көлік кемесі немесе экипаж Халықаралық ғарыш стансасына көп айналмалы сызба бойынша екі тәулік ішінде жететін. Кеше ғарыш кемесі Жерді екі рет айналды. Оның стансаға жақындауы және түйісуі 3 сағат 21 минут ішінде жүзеге асты. Мәскеуден Байқоңырға дейін үш сағаттай ұшамыз, енді Байқоңырдан Халықаралық ғарыш стансасына да шамамен сонша уақытта жетуге болады. Қазір алдымызда одан да қысқа сызба жасау міндеті тұр», – деді Дмитрий Рогозин.
Кездесуде тараптар ғарыш саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын, сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің бірлескен «Бәйтерек» ғарыш жобасының іске асырылу барысын талқылады.
Оқи аласыздар:
Қ.Тоқаев пен В.Путин бірлескен мәлімдеме жасады
Президент Сұлтановқа тапсырма берді
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
ДСМ: Коронавируспен сырқаттанушылық деңгейі 1,4 есе төмендеді -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда