• Басты
  • Өңірлер: Түркістан облысында 4 азық-түлік белдеуі ашылады
5 Сәуір, 2019 11:20

Өңірлер: Түркістан облысында 4 азық-түлік белдеуі ашылады

Түркістан облысында биылғы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі өткен жылдағыдан 10 мың гектарға артық. Жалпы, 823 мың гектар жерге орналастырылатын болады. Сондай-ақ, облыста биыл бақша дақылдарының егіс көлемі 62 мың гектарға орналастырылады. Бұл өткен жылдармен салтырғанда 4 мың гектарға артық болып отыр.
Өңірлер: Түркістан облысында  4 азық-түлік белдеуі ашылады

 «Егістікті әртараптандыруға сәйкес мал дақылдарының көлемі 18 мың гектарға артып, 207 мың гектарға жетсе,  сұранысқа ие табысы мол көкөніс бақша дақылдарының егіс көлемі 10 мың гектарға артып, 124 мың гектарға егілетін болады. Сондай-ақ, әртараптандыруға сәйкес мақта дақылдарының егіс көлемі биылғы жылы 11 мың гектарға қысқарып, 121 мың гектарға және бидай дақылы 15 мың гектарға қысқарып,  жалпы 175 мың гектарға егу жоспарланып отыр», - деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов.

 

Жалпы, бүгінгі таңда жоспарланған жаздық дақылдардың 35 пайызы егілген. Оның ішінде жоңышқа дақылы 86 пайызға, бидай-арпа 75 пайызға және көкөніс, картоп бақша дақылдары 50 пайыздан астам жерге егілді. Биылғы жылы қолайлы ауа-райына байланысты көктемгі дала жұмыстары былтырғымен салыстырғанда 2 аптаға ерте басталып отыр.

Сондай-ақ, биыл  облыста  бақша дақылдарының егіс көлемі 62 мың гектарға орналастырылады. Бұл өткен жылдармен салтырғанда 4 мың гектарға артық. Өткен жылы көкөніс, картап бақша дақылдарынан 2 млн тоннадан астам өнім алынып, рекордтық көрсеткішке қол жеткізілді. Биылғы жылы да бұл межені сақтау жоспары бар.

Нұрбек Бадырақовтың айтуынша,  қазіргі таңның өзінде 2 мың гектарға жуық кленка астында өнім егіліп отыр.

«Бақша дақылдары бойынша мемлекеттік қолдауды айтатын болсақ, қазіргі таңда қолданылатын барлық тыңайтқыштар мемлекет тарапынан 50 пайызға дейінгі жеңілдікпен алынады. Сондай-ақ, бұрынғыдай гектарға төленетін субсидия өздеріңізге белгілі 2018 жылдан бастап тоқтатылды. Оның орнына шаруалардың жоғары технологияларды пайдаланғаны үшін шығындардың 25 пайызы өтеледі. Одан бөлек, қосымша техника сатып алған жағдайда, сондай-ақ тамшылатып суару жүйесін қолданған жағдайда 25-тен 50 пайызға дейінгі шығыны өтеледі», -деді басқарма басщысы

 Қазіргі таңдағы 2 мың гектарға жуық кленка астында егілген бақшадан мамыр айынан бастап, экспортқа жөнелтілмек. Қазірдің өзінде шетелдерге өнім шығару үшін өсімдік шаруашылығында 129 субъектілер тіркеліп отыр. Қорыта айтқанда  экспорттың көлемін 2,5 есеге дейін арттыру жоспары бар. 

Сондай-а,  Түркістан өңірінде тамшылатып суару жүйесі жақсы дамыған. Бүгінгі таңда 65 мың гектарға жеткен.

Республика бойынша 75 пайызы Түркістан облысына тиесілі.  Енді азық-түлік белдеуін қалыптастыру жобасы аясында жаңбырлатып суару жүйесін дамыту жоспарланып отыр.

Оның айтуынша,  тамшылатып суару жүйесін орнатқан шаруалар жыл сайын қосымша шығынға ұшырайды. Ал, жаңбырлатып суарудың тиімділігі мол. Ол тек бір жерде тұрады және айнала суарады. Нәтижесінде пайдалану мерзімі 20 жылға дейін жетеді. Бұл агроқұрылымдарға өте тиімді. Яғни, АҚШ, Австралиядағы тәжірибені Түркістан облысына енгізу  қолға алынады.

«Суармалы жерді ары қарай дамыту бойынша өңірде үлкен жоспар қойылып отыр. Үкіметтің қаулысымен арнайы 200-250 мың гектар жерге суармалы жерді ұлғайту бойынша қаулы қабылданды. Бүгінгі таңда сметалық құжаттары облыстық бюджет есебінен қаржыландыру басталған. Оның ішінде Келес өңіріндегі Келес массивіне жалпы 94 мың суармалы жер қосылады. Шардара аймағының Қызылқұм массивінің үшінші төртінші кезеңдерін игеріп 60 мың гектар жер қосу, сонымен қатар Сырдарияның оң жағалауынан 70 мың гектар және Қожатоғай ауылдық округінің айналасынан  25 мың гектар суармалы жер қосылады. Ең соңғы бағытымыз Түркістан қаласындағы көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін Сырдария өзенінен Арыс – Түркістан магистралды каналына қосымша машиналы канал тарту», -деді басқарма басшысы.

Жалпы, 5 ірі инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы қосымша 250 мың гектар суармалы жердің көлемі ұлғайтылмақ. Ол алқап жаңбырлатып суару технологиясын және тамшылатып суару жүйесін ендіру арқылы игерілетін болады. Қазірдің өзінде әлеуетті инвесторлар анықталып отыр. Яғни, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жобаларды іске асыру жоспары бар. Сәуір айының соңынан бастап, жаңбырлатып суару әдісін енгізу басталмақ.

Сондай-ақ, Түркістан облысында 4 бірдей азық-түлік белдеуі іске қосылады. Мұндағы мақсат – әлемдегі озық технологияларды, озық агротехнологияларды, топырақты өңдеудің озық технологияларын пайдалана отырып, еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттыру.

Оның сөзінше, бұл жобалар ғалымдардың сүймелдеуімен жүзеге асырылады.

«Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Түркістан қаласының айналасынан радиусы 20 шақырым жерде азық-түлік белдеуін қалыптастыру жобасын іске асыру бойынша нақты тапсырмалар қойды. Сол тапсырманың аясында қазіргі таңда 20 мың гектар жер анықталды. Соның ішінде бірінші кезеңінде Түркістан-Шымкент бағытында мың гектар алқапқа осы азық-түлік белдеуін қалыптастыру жобасы басталып кетті. Ал, келер жылы біздің Түркістан – Қызылорда, Түркістан – Отырар, Түркістан – Кентау бағытында жалпы 14 мың гектар алқапта іске асатын болады», – деді басқарма басшысы.

Қазіргі таңда Шаға ауылдық округінде жалпы 121 субъектіден тұратын арнайы «Ынтымақ» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылып отыр. Бұл мың гектар алқапта жалпы жаңбырлатып суару технологиясымен 400 гектар жерге дәндік жүгері дақылы егіледі. 400 жерге сүрлендік жүгері және 200 гектар аумақта жоңышқа дақылы егіледі. Алынған өнім аталған кооперативке жеткізіліп, қайта өңделетін болады.

Аягөз Құрмаш 

Оқи аласыздар: 

Жастар жылы: «Жасыл ел» бойынша 18 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылған

Ауыл шаруашылығы: Жаңа министр ескі проблемалар туралы айтты

Рухани жаңғыру: Түркістан облысының жаңа кәсіпорындары

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды