• Басты
  • Бәріміз Қазақстанның игілігі үшін жұмыс істеуге тиіспіз – Н.Назарбаев
3 Сәуір, 2019 16:05

Бәріміз Қазақстанның игілігі үшін жұмыс істеуге тиіспіз – Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының төрағалығымен кеңес өтті, деп хабарлады Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Баспасөз қызметі.

Бәріміз Қазақстанның игілігі үшін  жұмыс істеуге тиіспіз – Н.Назарбаев | Strategy2050.kz

Жиынға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің Басшысы М.Қасымбеков, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Көмекшісі – Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқарушысының Бірінші орынбасары А.Бисембаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің, сондай-ақ Тұңғыш Президент Қоры мен кітапханасының құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері қатысты.

Жиын барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің қызметіне байланысты ұйымдастырушылық-құқықтық мәселелердің аяқталғаны жөнінде баяндалды, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесіне кадрларды іріктеу жұмыстарының нәтижелері туралы ақпарат ұсынылды.

Нұрсұлтан Назарбаев Тұңғыш Президент Кеңсесінің алдына қойылған міндеттердің уақтылы және тиімді орындалуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

«Мен Тұңғыш Президент – Елбасының тиісті конституциялық заңмен реттелетін міндеттерін атқаруға кірістім. Сонымен қатар, мен Қауіпсіздік Кеңесінің, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасымын, «Nur Otan» партиясына басшылық етуді жалғастыра беремін. Алдымызда ауқымды жұмыс тұр. Осы қызметті қамтамасыз ету үшін Тұңғыш Президенттің Кеңсесі құрылды. Ұйымдастыру мәселелерінің барлығы шешілді. Енді бәріміз жүктелген міндеттерді орындауға кірісуіміз керек», – деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекетті одан әрі дамыту жөніндегі стратегиялық міндеттерді сапалы шешу мақсатымен ведомствоаралық өзара тиімді ықпалдастық орнатудың қажеттілігін айтты.

« Бүгінде Президент те, Үкімет те мен бекіткен бағдарламалық құжаттарда, Жолдауда қамтылған, сондай-ақ партия съезінде айтылған міндеттерді орындау бағытында жұмыс істеуде. Бәріміз Қазақстанның игілігі үшін, еліміздің тұрақтылығын, бірлігі мен дамуын қамтамасыз ету үшін жұмыс істеуге тиіспіз. Бұл – бәрімізге ортақ міндет», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті қоғамдық маңызы бар бастамаларды жүзеге асырудың маңыздылығына баса мән берді. Бұл ретте, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тұңғыш Президент қорының талантты жастарға жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған жобаларын іске асырудың өзектілігі атап өтті.

Жиын қорытындысы бойынша Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.

Оқи аласыздар: 

Нұрсұлтан Әбішұлының әлеуметтік бастамалары жалғаса береді – Мемлекет басшысы

Астана – Нұр-Сұлтан веб-деректі жобасының тұсауы кесілді

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды