- Басты
- Жаңалықтар
- Жастар жылы: «Жасыл ел» бойынша 18 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылған
Жастар жылы: «Жасыл ел» бойынша 18 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылған
-Жастар жылы жол картасындағы 5 бастаманың 4-шісі «Жасыл елге» қатысты. «Жасыл қала-Жасыл ауыл» жобасы қалай жүзеге асып жатыр?

-Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласының айналасында жасыл аймақ қалыптасқан. Бұл әкімшілік пен «Жасыл ел» сарбаздарының еңбегі. Елорданың мысалында барлық облыстардың қала, аудан, ауылдарында жасыл аймақтарды қалыптастыру мақсатында «Жасыл қала-Жасыл ауыл» жобасы іске қосылды. «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының республикалық штабы өңірлерді көгалдандыруға негіз болатын «Жас орман» жобасы әзірленіп жатыр. Жобаның ерекшелігі -онлайн ағаш отырғызу. Яғни, кез келген адам қалаған уақытында интернет арқылы сайтқа кіріп, қалаған өңірінде ағаш отырғызу мүмкіндігіне ие болады. Қазір сайтты әзірлеу шаралары жүргізіліп жатыр. Біздің жоспарымыз бойынша сайт күз мезгілінде дайын болуы керек.
-Құрылыс отрядының студенттеріне құрылыс компанияларында квоталар қарастырылған, ол қандай талаптар бойынша іске асады? Жалпы, бүгінгі күнге дейін берілген квоталар бар ма?
-Жыл сайын «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 18 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылып отыр. 2017 жылдан бері бағдарламаның бюджеті өңірлік әкімдіктерге берілген. Әкімдіктердің жоспарына сәйкес, әр өңірдегі сарбаздардың санына сәйкес, құрылыс жасақтарына бөлінетін квоталардың саны да әр өңірде әртүрлі болады. Квоталар саны белгілі болғаннан кейін тиісті компаниялармен келіссөздер жүргізіліп, сарбаздар сол компанияларда жұмыс істеп жүр.
-«Жасыл елдің» қандай жоспарлары бар?
-Осыдан екі жыл бұрын «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының республикалық штабы «Жасыл ел-жаңару» жобасы аясында ребрендинг жұмыстарын жүргізді. Сарбаздардың киім үлгісін өзгерттік, жұмыс жүйесін жаңартып, өзімізді жастардың экологиялық ұйымы ретінде жарияладық. Осыған сәйкес, қазіргі уақытта экологиялық сауаттылықты арттыру мақсатында мультфильмдерді түсіруді қолға алдық. Бл жобаның негізінде 1-2 минуттық бейнероликтер (мультфильмдер) әзірленіп, интернет желісі және мектептерде көрсетіледі. Бұдан бөлек, биылғы жылға қойған ең басты мақсатымыз-«Жасыл елдің» жұмыс жүйесін цифрландыру болып табылады. Оның аясында «Жасыл елдің» барлық сарбаздары, жұмыс берушілері, қызметкерлері отыратын үлкен портал болады. Ол портал арқылы біз күніне қай аймақта, қанша сарбазымыз жұмыс жасап жатқанын көріп отыра аламыз. Бұл «Жасыл елдің» жұмысын жеңілдетеді әрі жеделдетеді. Сондай-ақ, өңірлерде жүзеге асыратын экологиялық акциялар бар, қорыта айтқанда, жоғарыда айтылған жобаларды да жүзеге асыру бойынша жұмыс жалғасуда.
-Сұхбаттасқаныңызға рақмет!
Аягөз Құрмаш
Оқи аласыздар:
Жастарға жаңа мүмкіндіктер беру керек - Қ.Тоқаев
Жастар жылы «Өзіңді тап» жобасы жүзеге асады - Д. Абаев
Жастар жылы: бекер жүргенше, бекер істе
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды