• Басты
  • Корея ядролық қауіпсіздік бойынша Қазақстанның тәжірибесін қолданады
3 Сәуір, 2019 12:27

Корея ядролық қауіпсіздік бойынша Қазақстанның тәжірибесін қолданады

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік саясатының берік діңгегі – бейбітшілік пен келісім, ғаламдық қауіпсіздік идеясын кеңге жаю болатын. Осы құнды идеяларды халықаралық деңгейде талқылау және оны тарату – ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Қоры мен Әлемдік экономика және саясат институты қызметінің маңызды бағыттарының бірі. Бүгінгі таңда ғаламдық қауіпсіздік мәселесі өзекті тақырыпқа айналды. Сарапшылардың пікірінше, ядролық қаруы бар алпауыттар арасындағы қырғи-қабақ қарым-қатынас пен сенімсіздік соңы дағдарысқа ұласып отыр. Бұған «ядролық клубтың» кеңеюі де себеп. Өйткені кей елдер ядролық арсенал құруға талпынуда. Мұның жарқын көрінісі ретінде бүгінде дүниежүзілік БАҚ пен саясаткер, сарапшылардың назарын өзіне аудартқан Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасын жүзеге асыруын айтуға болады. Осы орайда Корея Қазақстанның ядролық қауіпсіздігі тәжірибесін қолдануға мүдделі.

Корея ядролық қауіпсіздік бойынша Қазақстанның тәжірибесін қолданады | Strategy2050.kz

Осы тақырыптың өзектілігін есепке ала отырып, ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Қоры мен Әлемдік экономика және саясат институты Оңтүстік Кореядағы ірі коммерциялық емес ұйым Корей қорымен бірлесе ғаламдық ядролық қауіпсіздік мәселелерін талқылау, сонымен қатар, Корей түбегінде туындаған дағдарысты шешу жолдарын іздеу, ядролық қарусыздандырудағы Қазақстанның бірегей тәжірибесін зерттеу бойынша шара ұйымдастырды.

Бұған қоса шараға қатысушылар ядролық қаруды таратпау бойынша Қазақстанның бірегей бастамалары мен теңдессіз тәжірибелерін де тілге тиек етті.

 «Біздің делегацияның барлық мүшесі Қазақстанның ядролық қарусыздану шешімін қабылдағанын және ол шешімді өмірге енгізу үшін қанша күш жұмсағанын, ғаламға жойғыш қаруларды таратпау режимін сақтауға зор үлес қосқанын  ерекше ықыласпен бақылады. Онымен бірге, барша делегация мүшесі бұл мәселе бойынша Қазақстанның тәжірибесі Солтүстік Кореядағы денуклеаризация үдерісін жандандыратынына және осы оқиғадағы әр нақты қадамдардың сәтті шешілуіне үлгі болатынына үміттенеді. Бүгінгі шара солтүстіккореялық денуклеаризция мәселесінің тез арада шешілуіне және Азия мен барша әлемде қауіпсіздік пен бейбітшіліктің терең тамыр жаюына өз әсерін тигізеріне сенеміз. Сонымен бірге, бүгінгі дөңгелек үстел қос қор арасында көпжақты ынтымақтастықтың дамуының бастамасы боларына сенеміз», - деп өз ниетін танытты  Корей қорының президенті Ли Сихён.

Сондай-ақ, ҚР Тұңғыш Президенті Қоры жанындағы ӘЭСИ сарапшысы Жәнібек Арынов әлемде жаһандық мәселелердің: ядролық қаруды таратпау және қарусыздану мәселесі ушығып отырғанын жеткізді.

«Бүгінгі дөңгелек үстел Корей түбегіндегі денуклеризациялау бойынша ұйымдастырылып отыр. Қазір екінші сессия барысынды Қазақстанның ядроға қарсы тәжірибесі талқыланады. Қазіргі таңда ядролық қарусыздану – Оңтүстік Корея, жалпы әлемдік қауымдастық үшін өте маңызды тақырыптардың бірі. Неге? Себебі әлемде жаһандық мәселелердің: ядролық қаруды таратпау және қарусыздану мәселесі ушығып отыр. Бірінші себептердің бірі – Ресей мен АҚШ-тың осы саладағы қарым-қатынасының кері қарай шегінуі; екінші мәселе – жаңа қару-жарақ жарысының өсу мүмкіндігі; үшінші мәселе – Иран ядролық бағдарламасы төңірегіндегі мәселенің ушығуын көріп отырмыз. Және бүгінгі талқыланатын Корей түбегіндегі денуклеризациялау мәселесінің ушығуы», - деді Ж.Арынов.

Сондай-ақ,  ол  осы мәселелердің барлығын жалпы алған кезде біз үшін және Корей тарапы үшін кездесудің маңызы зор екенін айтты.

«Не себепті? Бұл кездесуде екі тараптардың сарапшылары өз пікірлерін ашық түрде бөлісуге мүмкіндік алады. Сонымен қатар, Корей тарапы неге Қазақстанның тәжірибесіне жүгінбек десек? Өздеріңіз білесіздер, 90 жылдары Қазақстанның ядролық қараудан бас тартқан негізгі мемлекет болды. Ядролық қаруды таратпау бойынша біздің мемлекет көптеген бағдарламаны қолға алып, жүзеге асырып жатыр. Міне, Қазақстанның осы тәжірибесі Оңтүстік Корея үшін маңызды болып отыр. Сондықтан да, Қазақстанның ядролық қаруды тарату тәжірибесін Корей түбегіндегі денуклеризациялау процесінде қолдануға мүмкін болса, соны қолдану қаншалық мүмкін. Мұны Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры мен Корей қорының арасындағы алғашқы әріптестік екенін айта кеткен жөн. Бұдан әрі қарай да маңызды тақырыптар көтеріледі деп күтеміз.Келесі кездесу Сеулде өтуі мүмкін. Бірақ нақты шешілген жоқ. Қазақстан сарапшылары барған жағдайда осы тақырыпты талқылау жалғасады.

 

Ол атап өткендей, себебі бұл – бір күнде немесе екі сағатта шешілетін мәселе емес. 

«Біз алып отырған тақырыптың аспектілері өте көп. Оны апталап немесе айлап талқылауға болады.Оңтүстік Корея мемлекеті қазір Корей Түбегін денуклеризациялау бойынша өте қарқынды жұмыс жасап жатыр. Негізгі мәселе – Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы. Солтүстік Корея ядролық қарудан бас тарту бойынша жұмыс жасауда. Бұл олардың Қазақстанның тәжірибесін толық көшіріп алады немесе Солтүстік Корея бірден келісе салады, Қазақстанның жолымен жүреді деген мәселесе емес. Жалпы сарапшылар арасында осындай жұмыс жағдайында осылай талқыланады. Не үшін керек? Кез келген үлкен проблеманы шеші үшін осындай кіші-кіші кездесулер ұйымдастырылады. Сарапшылар талқылайды, пікір алмасады. Әр мемлекет сарапшылары саты-саты бойынша жылжиды. Сөйтіп болашақта тек екі елдің емес, алты мемлекеттің сарапшылары бас қосатын алаң болуы да мүмкін. Ол да – өте тиімді жағдай. Яғни, сарапшылар, жұмыс топтары, саясаткерлер, министрліктер деңгейінде, содан кейін президенттер кездесуі болып, мәселе шешілуі мүмкін», - деді сарапшы.

Сонымен қатар, ол қазіргі таңда Солтүстік Корея тарапы тарихта болмаған ашық саясат танытып отырғанын жеткізді.

«Қазіргі таңда Солтүстік Кореяда біздің дипломатиялық өкілдік жоқ. Десек те, Оңтүстік Кореяға Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея тарапы арқылы ұсыныс тастау болашақта мүмкін. Қазір ол туралы айту ерте. Ол үшін алдын ала дайындалу керек. Бірақ болашақта талқылануы мүмкін.Жақында Корей Республикасының президенді Мун Же Ин сапарында екі елдің экономикалық қарым-қатынасы талқыланбақ. Бірақ дегенмен бүгінгі мәселені де ел президенттерді талқылауы мүмкін», - деді сарапшы.
 

Қазақстан Семейдегі ірі ядролық полигонды жауып, соңынан барлық ядролық сынақтарға қарсы мемлекеттік ұстанымдарын күллі әлемге таныты. Оған қоса, біздің ел «P5+1» үлгісіндегі келіссөздер алаңын ұсыну арқылы Иран ядролық бағдарламасын реттеу үдерісіне зор үлес қосты. Ядролық қаруды таратпаудағы маңызды шаралардың біріне біздің елімізде құрылған МАГАТЭ  Төмен байытылған уран банкін жатқызуға болады. Қазақстанның Орталық Азиядағы ядролық қарудан еркін аймақ құру тәжірибесі бірегей идея ретінде әлемнен өз бағасын алуда.

Сондай-ақ, шараға қатысушылар екі ел сарапшылары арасында осы тектес кездесулерді жиі ұйымдастыру қажеттігін айтты.

«Бүгінде дүниежүзінің барлық елдері осы күрмеуі қиын мәселенің оң шешімін тапқанын қалайды. Қазақстан ядролық қарусыздану саласындағы өзінің мол тәжірибесі мен биік абыройын ескере отырып, Корей түбегін денуклеаризациялау мәселесі бойынша бұдан арғы пікір-таластар мен келіссөздер үшін өз алаңынан ұсына алады», -  деді  ӘЭСИ директоры Ержан Салтыбаев.

Бастама соңында ҚР Тұңғыш Президент Қоры мен Қорей Қоры сарапшылардың кезекті кездесуін Сеулде өткізуге уағдаласты.

Аягөз Құрмаш 

Оқи аласыздар: 

Цзянь Цзэмин: Қытайдың Қазақстанға территориялық таласы жоқ

Назарбаевтың өз еркімен кетуі таңқалдырды - жапон сарапшылары

Қытай мен АҚШ елшілері Ақордада

Цзянь Цзэмин: Қытайдың Қазақстанға территориялық таласы жоқ

«Бір белдеу, бір жол» тұзақ емес - қытай саясаткері

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды