- Басты
- Жаңалықтар
- Президент Сұлтановқа тапсырма берді
Президент Сұлтановқа тапсырма берді
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов Мемлекет басшысына 2018 жылдың қорытындысы бойынша қаланың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы баяндалды.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев барлық қажетті инженерлік-көліктік инфрақұрылымды іске қосуды көздейтін және 2019-2023 жылдарға арналған елорданың шағын құрылысы жөніндегі кешенді жоспармен танысты.
Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев жеңілдігі бар азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету үшін қабылданатын шаралар туралы, сондай-ақ жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету жөніндегі есепті тыңдады.
Соңында Мемлекет басшысы елорданы одан әрі дамыту, соның ішінде қала көшелерін, саябақтар мен гүлзарларды лайықты абаттандыру, тазалық пен тәртіпті сақтау бойынша қала мәдениетін қалыптастыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.
Сонымен қатар, Президент ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіровті қабылдады. Кездесу барысында Қазақстан Президентіне Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жұмысы туралы есебі, сондай-ақ, еліміздегі адам құқықтарының сақталуы жөнінде мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындардың, соның ішінде кедей отбасылар мен көп балалы аналардың негізгі құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету, сондай-ақ сотталғандарға қатыгездік көрсету фактілеріне жол бермеу үшін мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе жұмыс істеу қажеттігін айтты.
Соңында Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма беріп, құқық қорғау мәселесін жігі назарда ұстайтынын айтты.
Сондай-ақ, Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Мемлекет басшысына министрлік жұмыстарының нәтижелері мен алдағы жоспарлары жөнінде баяндалды.
Қазақстан Президенті агроөнеркәсіп кешеніндегі өнімділікті және қайта өңделген өнімнің экспортқа шығарылуын арттыру үшін министрліктің алдына қойылған міндеттерді сапалы жүзеге асырудың маңызды екеніне назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылға дейін техникалардың жаңартылу қарқынын 2-ден 6 пайызға және суармалы егіншілік жерлерін 1,4 миллионнан 2 миллион гектарға арттыру, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы жоғары технологиялық жүйесінің кешенін пайдалану, егістік алқаптарын әртараптандыру, тұқым сапасын жақсарту, тыңайтқыштарды және өсімдіктерді қорғау құралдарын қолдану қажеттігін айтты.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы ірі қара малдың тұқымын зерттеу және қайта асылдандыру үшін заманауи технологияны енгізу, отбасылық мал шаруашылығын құру және пайдаланылатын жайылымдардың көлемін ұлғайту жөніндегі жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.
Оқи аласыздар:
Синдзо Абэ: "Орталық Азия+Жапония" диалогы маңызды
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Коронавирус штамдарының айырмашылығы қандай? Вирусолог ғалым жіктеп берді -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды -
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді -
Үкімет отырысында Тоқаев қандай тапсырмалар берді