• Басты
  • Медициналық сақтандыру және халық денсаулығы жайында
2 Сәуір, 2019 12:22

Медициналық сақтандыру және халық денсаулығы жайында

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында алғашқы медициналық көмекті 520 мекеме көрсетеді және олардың 30% пайызы жеке меншік ұйымдар. Алғашқы медициналық көмек объектілерінің негізгі бөлігі ірі емханалар. Қазіргі таңда орта есеппен алғанда әр емханаға 20 астам учаске тиесілі. Бұл дәрігерлердің бір жерге жинақталуына, кезектердің пайда болуына және «қадамдық қолжетімділіктің» болмауы сияқты проблемаларға әкеледі.

Медициналық сақтандыру және халық денсаулығы жайында | Strategy2050.kz

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес медициналық-санитариялық алғашқы көмектің негізгі функцияларына:профилактика және сауықтыру, аурулардың диагностикасы және емдеу, созылмалы аурулары бар пациенттерді динамикалық бақылау, медициналық оңалту және паллиативтік көмек қызметі.Еліміздің алғашқы медициналық көмек ұйымдарында 11 000 учаскіде 9 000 астам дәрігер мен  25 000 астам орта медицина қызметкері жұмыс істейді. Оның ішінде дәрігерлердің 43% пайызы мен орта медицина қызметкерлерінің 49% пайызы ауылдық елді мекенде жұмыс істейді. Қоса атқарушылық коэффиценті 1,2  тең», - деді Е.Біртанов.

Осылайша, қазіргі уақытта алғашқы медициналық көмек дәрігерлерінің тапшылығы 1 000 маманды құрайды. Көп өңірде дәрігерлер іс жүзінде 2 учаскеде жұмыс жасауда. Осыған орай, 1 дәрігерге 1 900 астам адам тіркелген, бұл мемлекеттік нормативтен 200 жоғары (1700).

«Елбасымыздың 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауын іске асыру мақсатында министрлік Қазақстан Республикасында алғашқы медициналық көмекті дамытудың 2019-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекітті.Біріншіден, қолжетімділікті арттыру мақсатында алғашқы медициналық көмек дәрігерінің жүктемесін төмендету және 1 объектіге келетін учаскелер санын 20 данадан  10 дейін азайту жоспарланып отыр.Екіншіден, алғашқы медициналық көмек сапасын жақсарту мақсатында созылмалы ауруларды басқару бағдарламасын кеңейту және учаскелік қызметкерлердің жалақысын кезең-кезеңмен 20 дейін ұлғайту жоспарлануда. Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес 2019 жылдың 1 маусымынан бастап жалақысы төмен медициналық қызметкерлердің төлемақысы 30 пайызға артады», - деді Е.Біртанов.

Сондай-ақ,  барлық алғашқы медицина ұйымдарында ақпараттық жүйе енгізіліп және азаматтардың электрондық денсаулық паспорттары жасалады.

«Дәрігерлердің жүктемесін төмендету мақсатында 2018 жылы 1315 жалпы практика дәрігер учаскесі мен 79 педиатриялық учаскесі ашылды және 1 дәрігердің жүктемесі 1 989 тіркелген адамды құрады.Жалпы, практика дәрігері жүктемесінің ең жоғары көрсеткіші Қостанай, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында байқалады.Осылайша, жүктеменің жоспарланған деңгейіне жету үшін алғашқы медициналық көмек ұйымдарына қосымша 1 157 дәрігер қажет», - деді министр.

Сонымен қатар, еліміздің өңірлерінде, әсіресе ауылдық елді мекендерге келген жас мамандарға әлеуметтік қолдау көрсетудің және тұрғын үймен қамтамасыз етудің маңызы зор.

«Көтерме жәрдемақы ұсыну бойынша Алматы, Қостанай және Жамбыл облыстары жеткіліксіз жұмыс жүргізуде.2019 жылы еліміздің медициналық жоғары оқу орындарында 5 000   астам түлегінің 1 515   жалпы практика дәрігері маманы болады. Бұл алғашқы медициналық көмек кадрларының тапшылығын түгелдей қамтуға жеткілікті.Жергілікті атқарушы органдар жас мамандарды тарту мақсатында барлық әлеуметтік қолдау шараларын жасауы қажет», - деді Е.Біртанов.

Министр  атап өткендей, әлеуметтік қолдау шаралары ауылды мекендермен қатар, шағын қалаларда көрсету мүмкіндігі заңнамамен бекітілу қажет. Бұл сол жердегі кадр тапшылығын жоюға мүмкіндік береді.

«Сондай-ақ, жас мамандарға өз оқуын жеке меншік медициналық ұйымдарда жұмыспен өтеуге мүмкіндік беру қажет. Бұл алғашқы медициналық көмекті мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмі арқылы дамытуға мүмкіндік береді.Алғашқы медициналық көмек қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ұйымдарды ірілендіру жүргізілуде.Соңғы 2 жылда 214 жаңа объект пайдалануға берілді, оның 31% пайызы жеке инвестиция қаражатынан салынды.Алғашқы медициналық көмек ғимараттарының тозу деңгейі 9 өңірде республикалық көрсеткіштен жоғары (54,3%) және бірқатар өңірде медициналық техникамен қамту деңгейі төмен», - деді министр.

Сонымен қатар, инфрақұрылымды жаңарту шаралардың аздығына байланысты 846 ауылдық елді мекенде медициналық объекттің жоқтығын атап өткім келеді.

«Мысалы, Ақмола облысында ғимараттардың тозу деңгейі 80% пайыздан жоғары болғанымен, соңғы екі жылда тек 3 жаңа объект іске қосылды. Шығыс Қазақстан облысында тозу деңгейі 70%  жоғары болғанымен тек қана 1 жаңа объект салынды.Алдағы 3 жылда 120 миллиард теңгеден астам сомаға жаңа 595 алғашқы медициналық көмек объектісін ашу жоспарланған. Бұл ретте, объектілердің жартысынан астамын мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде жоспарланып отыр», - деді Е.Біртанов.

Сонымен қатар 228 объект күрделі жөндеу мен, 11 000  астам медициналық техникамен қамтамасыз етіледі.

«Алайда, кейбір өңірлерде жоспарланған объектілер саны ағымдағы қажеттілік деңгейіне сәйкес келмейді.Осыған орай, әкімдерге өңірлік перспективалық жоспарларды, медициналық объектілердің қадамдық жерде болуын ескере отырып, қайта қарау қажет.Министрлік алғашқы медициналық көмек объектілерінің үлгілік жобасын әзірледі.Сонымен қатар, Қазақстанның кейбір өңірлерінде алғашқы медициналық көмек объектілерінің дайын жобалары бар.Осылайша, алғашқы медициналық көмек объектілерін салуға барлық қажетті жағдай жасалынған», - деді Е.Біртанов.

Сонымен қатар, Жамбыл, Ақтөбе, Қызылорда облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдіктерінің жеке инвестиция арқылы объектілерді іске қосу тәжірибесін ескеру қажет екені айтылды.

«Елбасының Жолдауын орындау мақсатында созылмалы ауруларды басқару бағдарламасы енгізілуде.Бұл бағдарлама пациентке динамикалық бақылануда болып, өз ауруын белсенді басқаруға, емхана мен пациент арасында әлеуметтік келісім жасауға және мобильдік қосымшаларды қолдануға мүмкіндік береді.Қазақстан Республикасында ауруларды басқару бағдарламасы 2013 жылдан бастап үш нозология бойынша: артериалық гипертензия, қант диабеті, жүректің созылмалы жетіспеушілігі бойынша енгізілді», - деді министр.

Сондай-ақ, 2018 жылдың қорытындысы бойынша бағдарламаға 220 мыңнан астам пациент қосылды. Бұл диспансерлік есепте тұрған пациенттердің 17%  құрайды. 2020 жылдың соңына қарай пациенттердің 50% пайызын бағдарламамен қамту жоспарланған.

«Елбасының тапсырмасы бойынша, ауруларды басқару бағдарламасын енгізген мамандарды ынталандыру мақсатында 2019 жылдың басынан 36 000 учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен 20% пайызға ұлғайту жоспарланып, 5,3 миллиард теңге көзделді.Осыған орай, бағдарламаға медицина қызметкерлерін оқыту жоспары құрылып, 12 648 маман оқытылды.Алайда, кейбір өңірлерде бағдарламаны оқыту бойынша төмен белсенділік байқалады. Мысалы, Жамбыл (23%), Солтүстік Қазақстан (25%), Қызылорда (26%) облыстарында жоспардан 30% пайыз төмен маман оқытылды», - деді  Е.Біртанов.

Министр атағандай,  алғашқы медициналық көмекті толықтай цифрландыру үшін денсаулық сақтау ұйымдарын қажетті ақпараттық технология инфрақұрылымымен қамтамасыз ету қажет.

«2018 жылдың қорытындысы бойынша компьютерлік техникамен жабдықтау 95% пайызды құрады, қалалар мен аудан орталықтарында интернет желісі мен медициналық ақпараттық жүйені енгізу 100%  құрады.Алайда, аудандық деңгейден төмен елді мекендердің денсаулық сақтау объектілерінде интернет жоқ. Мысалы, Қарағанды (32%), Солтүстік Қазақстан (33%), Түркістан (35%) және Шығыс Қазақстан (35%) облыстарында интернетпен қамту 40%-дан төмен», - деді ол.

Денсаулық сақтау ұйымдарының 99% пайызында медициналық құжатты қағазсыз жүргізу енгізілді, 2 миллионнан астам адам мобильдік қосымшаны қолдануда.

«Цифрландырудың нәтижесінде емханаларға келу 2 есеге, кезектер саны 60% қысқарды. Өкінішке қарай, көптеген өңірлерде ауылдық денсаулық сақтау объектілерін цифрландыру жеткіліксіз, формальді түрде жүргізілуде.Денсаулық сақтау министрлігі алғашқы медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту бойынша жұмысты тұрақты негізде жүргізетін болады», - деді Е.Біртанов.

Премьер-Министр Асқар Мамин денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов пен бірқатар өңір әкімдерінің баяндамаларын тыңдағаннан кейін, ҚР Үкіметінің алдында халыққа медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету және оның сапасын жақсарту — ортақ міндеті тұрғанын атап өтті.

«Бұл қазақстандықтардың денсаулығын жақсартып, өмір сүру ұзақтығы мен сапасын арттырады. Осы ретте халықтың алғашқы медициналық көмекке қолжетімділігі мәселесі аса маңызды мәселе», — деді  А. Мамин..   

Үкімет «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында жаңа әлеуметтік стандарттарды енгізіп, ауылдық жерлерде денсаулық сақтау ұйымдарының құрылысы бойынша өңірлік стандарттар жүйесін әзірлеуде.

Үкімет басшысы міндеттерді іске асыру мақсатында Денсаулық сақтау министрлігіне және өңірлердің әкімдіктеріне келесі бағыттар бойынша жұмысты ұйымдастыруды тапсырды.

«Біріншіден, жаңа алғашқы медициналық-санитариялық көмек нысандарын ашу арқылы жалпы практика дәрігерлерінің жүктемесін азайтуды қамтамасыз ету. Сонымен қатар, бұл нысандар қажетті медициналық құралдармен жарақтандырылуы қажет.Қарағанды облысындағы Көктас ауылы және Жамбыл облысындағы Гродеково ауылында тиімді жүзеге асырылған жобалар атап өтілді. Премьер-Министрдің айтуынша, енді осы оң тәжірибе басқа да өңірлерде қолданылуы керек», - деді А.Мамин.

Сондай-ақ, жас мамандардың ауылдарда тұрақты жұмыс істеп, елді мекендерде қалуын қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік қолдау көрсету мәселелерін пысықтау қажет.

Мысал ретінде Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында жас мамандарға жоғары көтерме ақы төлеу, ал Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмысы ұйымдастырылғаны аталып өтті. Премьер-Министр осындай бастамаларға аса көңіл бөлу керек екенін айтты.

« Елбасының тапсырмасын тиімді орындау мақсатында Денсаулық сақтау министрлігінің Алғашқы медициналық-санитариялық көмекті дамыту бойынша іс-шаралар жоспарын Үкімет деңгейіне көтеру керек. Денсаулық сақтау министрлігіне бір ай мерзімде іс-шаралардың жандандырылған жоспарын әкімдіктермен пысықтап, оны бекіту үшін Премьер-Министр Кеңсесіне енгізу тапсырылды», - деді А.Мамин.

Аягөз Құрмаш 

Оқи аласыздар: 

Үкімет пен Ұлттық банк арасындағы тұңғыш келісім

Индустрия 4.0: Роман Скляр Үкіметте есеп берді

Жастар жылы «Өзіңді тап» жобасы жүзеге асады - Д. Абаев

Ауыл шаруашылығы: Жаңа министр ескі проблемалар туралы айтты

Құқықтық мемлекет: "Бір кінәсізді соттағанша, 10 кінәліні ақта"

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды