• Басты
  • 3 жылда 1315 адам сотталды – Арман Бердалин
1 Сәуір, 2019 17:36

3 жылда 1315 адам сотталды – Арман Бердалин

Қазақстанда қылмыстық заңнаманы ізгілендіру бойынша үлкен реформа жүргізілді, түрмедегілердің саны едәуір азайды. 2014 жылғы Қылмыстық кодекспен қылмыстық жазаға тарту жүйесі қайта өңделіп, 1997 жылғы Қылмыстық кодекспен салыстырғында «ізгілендіру» төмендетілді. Атап айтқанда, 160 астам санкцияға қосымша балама ретінде енгізілген айыппұл түріндегі жазаға тарту шарасы елеулі өзгерістерге ұшырады.
3 жылда 1315 адам сотталды – Арман Бердалин

«Сонымен бірге, әрбір тұлғаға қатысты өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымды атқару құқығынан айыру, әскери және өзге атағынан, мемлекеттiк наградаларынан айыру түріндегі қосымша жазаға тарту шарасы қабылданады. Бұл жазалардың тиімділігіне оң әсерін тигізеді және бұрын сотталған тұлғалармен қайта сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасау мүмкіндігін жояды. Барлық сыбайлас жемқорлық баптары бойынша мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыру қолданылады», - деді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жұртшылықпен байланыс жөніндегі департамент директоры Арман Бердалин.

Соттар қылмыскердің жеке басын және қылмыс жасаған өзге де жағдайларды ескере отырып сот төрелігін қамтамасыз етеді.

«Жазаның түрі мен көлемі, ең алдымен пара сомасын,  парақорлықтың тәсілін  және формасын  ескере отырып іс-әрекет сараланытын Қылмыстық кодекс баптарының санкциясына байланысты. Осы саралаушы белгілер негізінде жасалған қылмыстың ауырлығы анықталады. Қылмыстың қабылданған антты бұзған құқық қорғау органы немесе сот қызметкерімен жасалуы жауапкершілікті және жазаны ауырлататын мән-жай болады».

А.Бердалин  еселенген айыппұлдар қылмыстың ауырлық дәрежесінің барлық санаттарына да қолданылатынын жеткізді.

«Аса ауыр қылмыстар бойынша айыппұлға 5 тұлға жалпы сомасы 1,9 млрд. теңгеге сотталды. Мысалға, Нұр-Сұлтан  қаласының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен (2018 жылғы 14 наурызда) «Baiterek Development» АҚ лауазымды тұлғаларына 627 млн теңгеден астам аса ірі көлемдегі пара беруде жеке кәсіпорындардың басшылары коммерциялық ұйымдарда басшы лауазымдарын атқару құқығынан өмір бойы айыра отырып, жалпы сомасы 1,9 млрд. теңге айыппұлға сотталды. Сондықтан да, алынған параның аса ірі сомасы кінәлі тұлғаны бас бостандығынан айырудың жалғыз негізі бола алмайды. Бұл жағдайда сот сотталушының жеке басын, оның қаржылық мүмкіндіктері мен басқа да мән-жайларын ескере отырып, еселенген айыппұл тағайындай алады. Қылмыстық заң оған рұқсат береді», - деді А.Бердалин.

Сондай-ақ, 2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін сыбайлас жемқорлық саласындағы қылмыстық істер бойынша 1561 тұлға 13,4 млрд  теңге сомадан астам айыппұл түріндегі жазаға сотталды. Бұл барлық құқық қорғау органдарымен тергелген қылмыстық істерге қатысты.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының тергеу материалдары бойынша 2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін 1315 тұлға 9 млрд 642 млн теңгеден астам сомадағы еселенген айыппұлға сотталған», - деді ол.

Ұлттық бюроның тергеу материалдары бойынша, 2016 жылы - 405 азамат 2,1 млрд теңгеден астам еселенген айыппұлға, 2017 жылы – 402 тұлға 2,5 млрд  теңгеден астам еселенген айыппұлға, 2018 жылы – 433 тұлға шамамен 4,5 млрд  теңге еселенген айыппұлға сотталды. Ағымдағы жылы 75 азамат 472 млн теңге сомадан астам еселенген айыппұлға сотталды.

«1315 сотталғанның жартысынан көбі – 793 тұлға пара алғаны үшін, 259 тұлға – пара бергені үшін, 72 тұлға – парақорлықта делдал болғаны үшін еселенген айыппұлға сотталды. Қалған сотталғандар лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану, билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану және қолданыстағы ҚР Қылмыстық Кодекстің өзге баптары бойынша сотталды.Сонымен қатар, белгіленген соманы төлемеуіне байланысты 10 сотталғандарға еселенген айыппұл түріндегі жазаның орнына бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды», - деді А.Бердалин.

Сондай-ақ, 2018 жылы сыбайлас жемқорлық фактілері туралы расталған хабарламалары үшін 185 тұлға 27,3 млн  теңгеге көтермеленді.

«Қазақстанда Сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзгеше түрде көмек көрсеткен азамат қылмыстық жауапкершіліктен босатылады, дәлелін тапқан жағдайда біржолғы ақшалай сыйақы түрінде көтермеленуі мүмкін. Өткен жылы бей-жай емес азаматтардың өтініші бойынша Агенттіктің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросымен жемқорлық қылмыстарының бірқатары анықталды. Оның ішінде онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша 2 азамат – 192 400 теңгеге, ауырлығы орташа бойынша 73 тұлға – 9,04 млн теңгеге, ауыр қылмыстар бойынша 106 тұлға – 18,1 млн теңгеге көтермеленді.  2019 жылдың екі айында Ұлттық бюроның аумақтық департаменттерімен 29 тұлға жалпы сомасы 4,5 млн теңгеге көтермеленді», - деді ол.

Оның ішінде ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша 9 азамат 1,1 млн теңгеге, ауыр қылмыстар бойынша 20 тұлға 3,4 млн. теңгеге көтермеленді.

«Қағидаға сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жәрдемдесу -  сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактісі туралы хабарлау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған іздеудегі адамның тұрған жері туралы ақпарат беру,  сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу үшін кейіннен маңызы болған өзге де жәрдем беруді қамтиды», - деді А.Бердалин.

Ол атап өткендей,  азаматтарға онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы хабарламалар үшін 40 айлық есептік көрсеткіш, ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы - 50 АЕК,  ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша тиісінше 70 АЕК және 100 АЕК тиісті. Біржолғы ақшалай сыйақыдан бас тартқан жағдайда алғыс жарияланады.

Аягөз Құрмаш 

Құқықтық мемлекет: "Бір кінәсізді соттағанша, 10 кінәліні ақта"

Қазақстанда еңбек қауіпсіздігі қалай қорғалады?

Үкімет пен Ұлттық Банк мәлімдеме жасады

Кәсіпкерлер қауымы Тұңғыш Президентке алғыс айтты

Үкімет пен Ұлттық банк арасындағы тұңғыш келісім

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды