• Басты
  • Рухани жаңғыру: Түркістан облысының жаңа кәсіпорындары
1 Сәуір, 2019 12:19

Рухани жаңғыру: Түркістан облысының жаңа кәсіпорындары

Еліміздің рухани астанасы – Түркістан қарқынды дамып келе жатыр. Өңірде инфрақұрылымдық кәсіпорындардың саны да артып келеді. Мәселен, Түркістан облысы Сайрам ауданының орталығы Ақсукент елді мекенінде әскери және арнайы маман киімдері мен төсек орындарын тігетін «АХБК» тігін фабрикасы ашылды. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.

Рухани жаңғыру: Түркістан облысының  жаңа кәсіпорындары | Strategy2050.kz

«АХБК»  тігін фабрикасын кәсіпкер Нұрлан Сапаров өз қаражаты есебінен 1 млрд  200 млн теңге жұмсап іске қосып отыр. Нәтижесінде жергілікті 100  астам адам жұмыспен қамтылған. Алдағы уақытта өндірісті ұлғайтып жұмыс орнын 250 адамға арттыру жоспарлануда. Қазіргі таңда фабрика  «Қазақстан темір жолы»  АҚ, ҚР Қорғаныс министрлігі мен жеке өндіріс орындарының тапсырыстарын орындауға кірісіп кеткен. 

Сондай-ақ, Түркістан облысы Шардара ауданында емханалық және стационарлық медициналық көмектің сапасы мен ашықтығын жақсарту мақсатында ҚР бойынша баламасы жоқ «Бастапқы медициналық-санитариялық көмек бойынша Ахуалдық орталығы» іске қосылды.

Жаңа орталықтың міндеті - медициналық мекемелер мен дәрігерлердің жұмысы туралы ақпаратты қадағалау және өңдеу.  Сандық жүйеге 100 пайыз қосылған.

Ахуалдық орталық Түркістан облысының Денсаулық сақтау басқармасының базасында ашылып отыр. Бұл жүйе  аймақтың денсаулық сақтау саласын бақылау мен басқарудың тиімді құралы болып танылды, яғни, әрбір аудан бойынша медициналық мекемелердің шұғыл әрекет ету шараларын қолдану арқылы онлайн талдау жүргізіледі.

Жаңа жүйені үйрену үшін сала мамандарына арналған семинар өтуде. Жиында облыстық рейтингтің онлайн талдау модулін қосу, сондай-ақ БМСК және стационар қызметтерінің дамуы мониторингі жүргізілді.

Айта кетерлігі, алдағы уақытта дәл осындай орталықтар Түркістан облысына қарасты барлық медициналық мекемелерде ашылатын болады. Бастапқы медициналық-санитариялық көмек жұмысы аудан орталықтарынан шалғай ауылдық жерлерде медициналық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталатын болады.

Сонымен қатар, аталған орталық арқылы дәріханалардағы дәрі-дәрмек қоры мен басқа да ресурстарды қадағалап отыруға болады.

Қазіргі таңда елімізде «Даму»  ақпараттық технологиялар орталығында кешенді медициналық ақпараттық жүйе (КМАЖ) әзірленген.

Бүгінде жүйе Түркістан облысының ауруханалары мен емханалары жұмысында табысты жүзеге асуда. КМАЖ өңірдің барлық денсаулық сақтау жүйесінің жұмысын автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Қазірдің өзінде өңірде науқастардың электрондық карталары жүргізіліп жатыр. Электрондық режимде рецептер, зертханалық зерттеулердің нәтижелері беріледі, онлайн-консилиумдар мен диагностика өткізіледі.

Жүйе емханаларда электрондық кезектерді енгізуге, дәрігерлердің жүктелуіне мониторинг жүргізуге, әрбір науқасқа  жұмсалатын шығындарды ашық етуге мүмкіндік берді.

Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының дәрігерлері мен сарапшыларына арналған бағдарламамен қатар, науқас жандарға арналған "DamuMed"арнайы мобильді қосымшасы енгізілді. Оны смартфонға AppStore немесе PlayMarket арқылы жүктеп алуға болады. Қосымша дәрігердің қабылдауына жазылуға, өз талдауларының нәтижелерін қадағалауға, " SOS " батырмасын басу арқылы шұғыл көмек шақыруға мүмкіндік береді.

Ал,  Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жұмыс сапарымен Мақтаарал ауданына  барғанда  өндіріс ошақтарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Мақтаарал ауданында  облыс басшысы Достық ауылдық округі Бескетік ауылындағы «Алтын аймақ» шаруа қожалығында болды. Аталған мекеме 1995 жылы жұмысын бастаған. Қожалықтың иелігінде 90 гектардан астам егістік жері бар. Биыл оның 80 гектарына қауын, 5 гектарына мақта, 5 гектар жерге жоңышқа егу жоспарланған. 31 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Көктемгі дала жұмыстары ерте басталатын ауданда бүгіннің өзінде 2090 гектар қауын, 692 гектар қарбыз, 694 гектар жоңышқа, 281 гектар қырыққабат, 22 гектар қызылша, 5,5 гектар болгар бұрышы, 1,5 гектар қызанақ, 5 гектар жерге картоп дақылдары егілген.

Сондай-ақ, өңір басшысы Мырзакент кентіндегі Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадионға аялдады. Көлемі 2,5 гектар жерді қамтитын стадион қайта құрылымдауды қажет етеді. Ол үшін жобалық сметалық құжаты дайындалып, 2017 жылы мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы берілген. Жобаның жалпы құны 288,5 миллион теңгені құрайды.

Облыс әкімі аялдаған соңғы нысан – Түркістан   облысы   бойынша   мемлекеттік  кірістер департаментінің «Атамекен» кеден бекеті.

Мұнда өңір басшысы кедендік бекеттің аймағын көріктендіру, көгалдандыру, кеңейту жоспарымен танысты. Атап айтқанда, шекара маңынан сауда логистикалық орталығын құру, оның ішінде сауда базарлары, қонақ үй, автотұрақ, қоймалар, тұрғын үйлер мен түрлі спорттық алаңшаларды салу көзделуде. 

Аягөз Құрмаш 

Оқи аласыздар: 

Тәуелсіз елдің алғашқы басшысы болу мәртебесі бұйырды - өнер қайраткерлері

Зиялы қауым: Елбасы Түркістанның жаңа дәуірін бастады

Рухани жаңғыру: Тоқаев Түркістаннан бастады

Түркістан мемлекетіміздің алтын бесігі - Президент

Жарық күндегі найзағайдай тосын жайт – Б.Тілеухан

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды