• Басты
  • Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауқымды міндеттерді табысты шешетін мол тәжірибесі бар – Д.Медведев
1 Сәуір, 2019 11:23

Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауқымды міндеттерді табысты шешетін мол тәжірибесі бар – Д.Медведев

Ақорданың ресми сайты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісуіне орай келіп түскен хаттар мен құттықтауларды жариялады.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың  ауқымды міндеттерді табысты шешетін мол тәжірибесі бар – Д.Медведев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісуіне орай жеделхаттар мен құттықтау хаттары келіп түсуде.

Швейцария Конфедерациясының Президенті Ули Маурер өзінің құттықтау жеделхатында Швейцарияның Қазақстанмен ынтымақтастықты, сондай-ақ Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк аясындағы өзара тиімді ықпалдастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін атап өткен.

Оман Сұлтаны Кабус бен Саид Қасым-Жомарт Тоқаевқа өзінің жылы лебізін білдіріп, Оманның Қазақстанмен жан-жақты серіктестікті одан әрі нығайтуға және достық байланыстарды дамытуға мүдделі екенін жеткізген.

Оман Сұлтандығы Министрлер Кеңсесі Премьер-Министрінің орынбасары Оман Фахд Әл-Саид та өз құттықтау хатын жолдады. Ол Қазақстан халқының табысқа кенеліп, өсіп-өркендей беруіне тілектестігін жеткізген, сондай-ақ екі ел арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға сенім білдірген.

Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент лауазымына кірісуімен құттықтап, екі елді достық пен ынтымақтастықтың көпғасырлық байланыстары жалғап жатқанын атап өткен. Әзербайжан көшбасшысы мемлекетаралық қатынастарды одан әрі дамытуға және кеңейтуге сенім білдірді.

Польша Республикасының Президенті Анджей Дуда өз құттықтау хатында елдеріміз арасындағы жақындық пен жемісті ынтымақтастықты атап өткен, сондай-ақ екіжақты байланыстарды толыққанды дамытуға сенім білдіре отырып, Қазақстан халқына бақ-береке тілеген.

Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Дмитрий Медведев Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мемлекет басшысы лауазымы қызметіндегі ауқымды міндеттерді табысты шешетін мол тәжірибесі бар екенін атап өткен.

«Қазақстан мен Ресейдің достық, серіктестік және одақтастық қарым-қатынастарын одан әрі тереңдету, сондай-ақ сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық және басқа да салалардағы ынтымақтастықты нығайту мақсатымен үкіметтер арасындағы бірлескен жұмысты жандандыруға дайын екендігімізді жеткізгім келеді», – делінген жеделхатта.

БҰҰ-ның тұрақты үйлестірушісі Норимаса Шимомура өз жеделхатында Қазақстан халқына табыс пен бақ-береке тілеп, БҰҰ орнықты даму мақсаттарын ілгерілетіп келе жатқан Қазақстанды өркендету ісіне жан-жақты қолдау көрсететінін атап өткен.

ЮНКТАД-тың Бас хатшысы Мухиса Китуйи өзінің құттықтау хатында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент лауазымындағы қызметіне табыс тілеп, өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін жеткізген.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясының Президенті Георгий Церетели және осы ұйымның Парламенттік Ассамблеясының Бас хатшысы Роберто Монтелла да өз құттықтауларын жолдап, Қазақстанмен арадағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайтып, дамытуға ниетті екендіктерін жеткізген.

Оқи аласыздар: 

Елбасы Украина Президентімен сөйлесті

Мемлекет басшысы: Азаматтарымыздың болашаққа деген сенімін арттыру керек

Қытай мен АҚШ елшілері Ақордада

Тоқаев Путинмен кездеседі

Президенттің жұмыс кестесі қауырт болды

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды