• Басты
  • Осы жұрт жобаларды біле ме екен?
29 Наурыз, 2019 16:25

Осы жұрт жобаларды біле ме екен?

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1999 жылғы 1 наурызда өткен « Нұр Отан» партиясының I съезінде сөйлеген сөзінде «Нұр Отан» партиясы – бұл элитаның партиясы емес. Ортақ мәселені шешуге мүдделестерін жұмылдыра отырып, өз қарамағына отандастарымызды көптеп тарта отырып кеңінен әрекет ету, ойлай білу, бұқаралық – партияны ерекшелейтін белгілерге айналуы тиіс деп айтқан болатын. Биыл партияның 20 жылдығы мерекеленді. Осы уақыт аралығында партияның атқарған істері толағай. Бүгінгі таңда партия қандай жобаларды жүзеге асырып жатқаны туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
Осы жұрт жобаларды біле ме екен?

«Білім орталығы»  жобасы

Жоба Қазақстанның  әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына қосылу мақсатында ойдағыдай қол жеткізуге жұмылдыруға үндейтін 2017 жылғы 12 сәуірдегі  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында әзірленген.

Білім беру орталықтарын ашу қажеттілігі келесі мәселелерден туындайды: жастардың кітапханаларға бару көрсеткішінің төменділігі, оқу және әлемдік мәдениетпен байланыс құндылықтарын насихаттау,  жаңа технологиялар мен кітапханалар тәжірибесін игеруден және енгізуден қалыс қалу,  кітапхана қорларын сақтау міндеттерін тиімді шешуге кедергі келтіретін кітапханалардың әлсіз материалдық-техникалық базасы,  аймақтардағы кітапханалардың даму деңгейінің тұрақсыздығы, кітапхана қызметкерлерін даярлайтын оқыту және қайта даярлау жүйесімен негізделетін кадрлық қамтамасыз ету дағдарысы; кітапхана қызметкерлері мәртебесінің жоғары еместігі және еңбекақысының төмендігі.

Жоба маңызды әлеуметтік және коммуникативтік функцияларды орындайтын, қаладағы мәдени, білім беру және ақпараттық инфрақұрылымдардың элементі болып табылатын кітапханаларды білім беру орталықтарына жаңғырту ұстанымдарының негізін анықтайды.  

Жобаның мақсаты - өскелең ұрпақтың рухани, инттектуалдық өсуіне қажетті мүмкіндіктермен қанағаттандыру және шығармашылық дамуына қолайлы жағдай жасау үшін қазіргі қоғамдық кітапханаларды білім беру орталықтарына трансформациялау.  

Мақсатты аудитория – кітапхана мекемелеріне баратын 14 пен 29 жас аралығындағы жастар.

Орналастыру орнын анықтау, функционалдық аймақтарға бөлу, материалдық – техникалық жарақтандыру. Заманауи білім беру орталықтары 2018 жылдың соңына дейін барлық облыс орталықтарында және республикалық маңызы бар қалаларда 17 қоғамдық кітапханалар базасында ашылатын болады.

Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары

Елбасының  2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларының бірі – мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу.

Жобаның мақсаты  - өмірлік қиын жағдайларға тап болған адамдарға қызмет көрсетуді қоса алғанда өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған бастамашыл әлеуметтік жобаларға қолдау көрсету.

Партияның аймақтық филиалдары конкурстың аймақтық кезеңінің қатысушыларын құттықтау және жүлделі орындар жеңімпаздарын марапаттау салтанатты рәсімін ұйымдастырады.

Бастауыш партия ұйымдарын жандандыру  

Бастауыш партия ұйымдарын жандандырудың тұжырымдамасы партияның негізгі буыны – бастауыш партия ұйымдары   жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған қайта құрудың негізгі басымдықтары мен тетіктерін айқындайды.

Тұжырымдама бастауыш партия ұйымдарын және шетелдік партиялардың әлемдік практикасын дамыту бойынша алдыңғы кезеңдерде қабылданған шараларды ескере отырып дайындалды.  

Жобаның мақсаты- «Нұр Отан» партиясының саяси көшбасшылығын қамтамасыз етудегі және сақтаудағы БПҰ-ның жүйе құраушы рөлін күшейту тетіктерін әзірлеу және іске асыру.

Іске асыру тетіктері Жоба партияның аймақтық филиалдарымен, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүзеге асырылатын болады.

Шығармашыл зиялы қауыммен жұмыс  

Жоба өзектілігінің негіздемесі 2017 жылы «Нұр Отан» партиясының Төрағасы идеологиялық жұмыстың бағдарламалық бағдарларын белгілейтін қоғамдық сананы жаңғырту бойынша бағдарламалық мақаламен сөз сөйледі.

Мақала жобасында ұлттық мәдени код, заманауи мәдениетті насихаттау сияқты мәдени құрылым элементтері бар.

Осындай санаттардың бірі – шығармашыл зиялы қауым.

Шығармашыл зиялы қауым жастарға, жалпы халыққа арналған мәдени және дүниетанымдық күн тәртібін қалыптастырады.  

 Жобаның мақсаты - қоғамдық сананы жаңғыртуға тарту мақсатында партияның шығармашыл зиялы қауыммен өзара іс-қимылын құру.  

Елбасының Жолдауы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша күш-жігерді біріктіру үшін «Нұр Отан» партиясы Жазушылар Одағымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Осы келісім бойынша шығармашылық бірлестіктермен жұмыс төрт негізгі бағыт бойынша жүргізіледі:  жас ақындар мен жазушыларға арналған республикалық әдеби конкурс өткізіледі.

Геоақпараттық онлайн сервис  

Жоба  кәсіпкерлердің, әсіресе, жергілікті жерде, жиі көтерілетін мәселелерінің бірі коммерциялық мақсатта қалалар мен елді мекендерде жер учаскелері туралы ақпараттың ашық еместігі болып табылады.

Осы жағдайда аталған мәселені шешу үшін Бірыңғай ұлттық геоақпараттық онлайн-сервис құрылады.

Ол бизнеске бір көзден бос жер учаскелері, аукциондар және оларға қатысу талаптары туралы ақпаратты алуға мүмкіндік береді.

Жобаның мақсаты  жер қатынастары, сәулет және құрылыс саласындағы рәсімдерді автоматтандыру.  

Е-құжат айналымы  

Жоба   технологиялардың қарқынды дамуына және оларды барлық жерде электронды құжат айналымы мен мұрағат жұмыстарына енгізуге байланысты, олар қағаз нұсқасымен салыстырғанда аса үлкен орынды алады.

 Өркениетті әлемде пайдаланатын құжаттардың көлемі мен саны өсуде. Электронды және қағаз құжаттарды салыстырғанда, уақыт өте келе соңғысының пайдасына шешіледі.

Қазіргі уақытта, яғни статистикалық мәліметке сәйкес, корпоративті электронды ақпарлар көлемі әр үш жыл сайын ұлғаюда. Сарапшылардың пікірлері бойынша,  жыл сайын әлемдегі электрондық құжат айналымының нарығы шамамен  20%  өсуде. Бұл ретте осы салада ыңғайлы қызмет көрсетуге дайын жаңа жүйелер пайда болып жатыр. Партияның аса маңызды қызметін яғни, электронды құжат айналымын, кадрлық іс жүргізу және қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысын ұйымдастыру сияқты маңызды аспектілерін қамтамасыз ететін  бірыңғай ақпараттық жүйені енгізу қағаз құжат айналымын қысқартуға және бизнес процестерді жандандырып жылдамдататын болады.

Жобаның міндеттері - негізгі модульдерден тұратын партияның электронды құжат айналым жүйелерін әзірлеу және енгізу.

Аягөз Құрмаш

Оқи аласыздар: 

Халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған – Съезд туралы пікірлер

Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты

Әр балаға 21 мың теңге - Н.Назарбаев

«Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы - пікірлер

 ИНФОГРАФИКА: Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды