• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қарулы Күштеріміз жылдан жылға дамып келеді, көптеген мемлекеттердің алдынғы қатарына шықтық – А. Сапаров құрмет қарауыл ротасының командирі

Қарулы Күштеріміз жылдан жылға дамып келеді, көптеген мемлекеттердің алдынғы қатарына шықтық – А. Сапаров құрмет қарауыл ротасының командирі

22 Қаңтар, 2014 10:14
Астананың іргесіндегі 68665 әскери бөлімінің жеке құрамы Елбасының Қазақстан халқына кезекті Жолдауын бір кісідей тыңдады.

«Қазақстан Республикасы Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың елімізге Жолдауы бізге үлкен әсер қалдырды.   Елбасының Жолдауы бар кезде барлық қазақстандықтарға бағыт, бағдар береді. Қарулы Күштеріміз жылдан жылға дамып келеді, көптеген мемлекеттердің алдынғы қатарына шықтық. Әрдайым елімізді, жерімізді қорғауға дайынбыз», - деді  

Сапаров Айбол құрмет қарауыл ротасының командирі.

Өз кезегінде қатардағы жауынгер А. Темірғалиев  Елбасы Жолдауында көптеген нәрселер айтылғанын атап өтті.  

«Қазақстан осы кезде көптеген белестерден, қиындықтардан өте білді. Бүгінгі таңда қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болу керек деген сұрақ жиі талқыға түседі. Меніңше біздің болашағымыз үшін ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар, ол Мәңгілік ел идеясы. Тәуелсіздігіміз бен бірге Қазақстанымыз ұлы мұрағаттарға да қол жеткізе білді. Еліміздің тірегі, тәуелсіздігіміздің тірегі бола алатын Елордамызды да тұрғыздық. Ендігі ұрпақ қазақ елінің перзенті. Сонымен қатар, Елбасымыздың бізге қойған міндеті Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына енгізу. Жолдауды тыңдап, мен болашағыма нық басып, Қазақстан үшін аянбай қызмет етуіме толық сенімдімін деп айта аламын», - деді  Мерзімді қызмет сарбазы, қатардағы жауынгер Темірғалиев Асылхан.

 

 

 

Барлық жаңалықтар