- Басты
- Жаңалықтар
- Президенттің жұмыс кестесі қауырт болды
Президенттің жұмыс кестесі қауырт болды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің көмекшісі Андрей Фурсенконы қабылдады.
Мемлекет басшысы екі елдің ұзақ мерзімді ұлттық мүдделерін қамтамасыз ету ісіндегі Қазақстан-Ресей әріптестігі мен одақтастығының маңыздылығын атап өтті.
"Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастардың үлгі саналатынын әрдайым айтады. Сондықтан, Мемлекет басшысы ретіндегі менің міндетім – екі ел көшбасшылары Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Владимир Владимирович Путин негізін қалаған екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қосымша серпін беру", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы Ресей Федерациясына алдағы ресми сапары аясында өтетін жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында білім беру, ғылым, технологиялық және мәдени тәжірибе алмасу мәселелері талқыланатынын айтты.
А.Фурсенко Қасым-Жомарт Тоқаевқа өзінің Нұр-Сұлтан қаласына сапарының қорытындысы жөнінде мәлімет берді.
"Біз сындарлы әрі келелі келіссөздер жүргіздік, Ұлттық биотехнология орталығына, Назарбаев Университетіне, Парламент Сенатына бардық. Бүгінде елдеріміз арасында ғылым саласындағы ынтымақтастық мейілінше табысты жүзеге асырылуда. Бұл бағытта ортақ басымдықтар мен дамытуға қажетті әлеуетіміз бар", – деді Ресей Федерациясы Президентінің көмекшісі.
Қазақстан Президенті Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовті қабылдады. Мемлекет басшысына өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және Қазақстан халқына арналған қазіргі Жолдаудағы, сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясының XVIII съезі аясындағы Елбасы тапсырмаларының орындалу нәтижелері туралы есеп берілді.
Қазақстан Президенті мемлекеттік бағдарламаларды уақытылы және тиімді жүзеге асырудың, халыққа әлеуметтік тұрғыдан қолдау көрсету жөніндегі шараларды атқарудың маңыздылығын айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады.
Кездесу барысында Мемлекет басшысына еліміздегі құқық қорғау органдарының қызметі жөнінде есеп берілді.
Қазақстан Президенті заң және заңнамалық нормалардың, азаматтардың заңды мүддесін сақтау ісіндегі еліміздің қадағалаушы органы ретінде прокуратураның айрықша рөлін атап өтті.
Қ.Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевпен де кездесті.
Мемлекет басшысына валюта-қаржы нарығындағы қазіргі ахуал мен еліміздің қаржы секторын несиелеу және сауықтыру үшін жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде баяндалды. Ұлттық банк төрағасы Қазақстан Президентіне ұлттық валютаның өзгеруіне әсер етуші факторлар туралы мәлімет берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк тарапынан бұл салаға тиісті бақылау жүргізудің қажеттігін айтты.
Сонымен қатар, Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев, Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры Ғабит Байжанов, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр да Президент қабылдауында болды.
Оқи отырыңыз:
Қасым-Жомарт Тоқаевтың қала және облыс әкімдерімен кездесуіндегі баяндамасы
Н. Назарбаевтың Жастар жылының салтанатты ашылу рәсіміндегі сөзі
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары