- Басты
- Жаңалықтар
- Ауыл шаруашылығы: Жаңа министр ескі проблемалар туралы айтты
Ауыл шаруашылығы: Жаңа министр ескі проблемалар туралы айтты
«Қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру үшін заң жобасы аясында қолданыстағы қаржы тетіктерін жетілдіру және жаңаларын енгізу көзделген. Ауыл шаруашылығындағы сақтандыру жүйесі түбегейлі өзгереді. Міндетті сақтандырудан ерікті сақтандыруға, сақтандыру төлемдерін субсидиялаудан сақтандыру сыйақыларын субсидиялауға көшіру жүзеге асырылады. Сақтандырудың қолданыстағы тетігі салада тәуекелдерді басқарудың тиісті деңгейін қамтамасыз етпейді деп айтуға болады. Егіс алаңдарының жартысы да сақтандырумен қамтылмайды», - деді Сапархан Омаров.
Оның айтуынша, бұл сала былтыр 43% ғана сақтандырылған. Ал сақтандырудың 70% өзара сақтандыру қоғамдары жабады.
«Оларды тиісті бақылаудың жоқтығы – тарифтерді белгілеу, сақтандыру сыйақыларын жинау, сақтандыру төлемдерін төлеу бөлігінде заңнаманы бұзуға әкеледі. Міндетті сақтандырудың келеңсіз тәжірибесін ескере отырып, ерікті сақтандыруға көшу туралы шешім қабылданды. Сақтандыру төлемдерін субсидиялаудан сақтандыру сыйақыларын субсидиялауға көшу агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін сақтандыруға қолжетімділікті арттырады. Өйткені, сақтандыру полисі екінші дейгелі банктерден қарыз алуда қосымша кепілдік бола алады», - деді Ауыл шаруашылығы министрі.
Бұдан басқа, несие серіктестер жүйесін қайта қарау көзделуде. Бүгінгі күні барлық кредиттеу жүйелері бір ғана бюджетке тәуелді болып отыр. Қаржыландырудың өзге көздерін тарту мүмкіндігі жоқ.
«Шындығында, кредиттік серіктестер қазір тығырыққа тірелді. Егер, шара қолданбаса, кредиттік серіктестер тоқырауға ұшырайды. Осыған орай, «Кредиттік серіктестер туралы заңға» орталық кредиттік серіктестік құруға мүмкіндік беретін өзгерту енгізілді. Яғни, кредиттік серіктестік қызметін реттейтін жалпы талаптар қолданылады», - деді Сапархан Омаров.
Сонымен бірге, Заң жобасымен кредиттік серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысын өткізу тәртібі мен мерізімін нақтылайтын түзетулер енгізіледі.
«Жоспарланып отырған өзгерістер кредиттік серіктестіктерге агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру үшін бюджеттен тыс қосымша қаражат тартуға мүмкіндік береді», - деді С.Омаров.
Сондай-ақ, министр фитосанитариялық және ветеринариялық қауіпсіздік туралы айтып берді.
«Жыл сайын аса қауіпті зиянды организмдер мен карантиндік объектілерге қарсы фитосанитариялық және карантиндік іс-шаралар жүргізуге бөлінген республикалық бюджет қаражаты есебінен өңдеуге жататын алаңның 50% аспайтын бөлігі ғана өңделеді. Бұл жағдай бірінші кезекте мынаған байланысты: бөлінген қаражаттың 30 пайыздан 50 пайызына дейін пестицид сатып алуға, ал қалған бөлігі, шамамен жартысы сатып алынған пестицидтерді сақтау, тасымалдау және қолдану бойынша көрсетілетін қызметті сатып алуға жұмсалады», - деді ол.
Өңдеуге жататын алаңдарды фитосанитариялық және карантиндік іс-шаралармен барынша қамту мақсатында Заң жобасымен осындай іс-шараларды жүргізуге қатысты жауапкершілікті мемлекет пен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер арасында бөлу көзделеді.
Ал ветеринария саласында ұйымдастыру, іске асыру функцияларының негізгі бөлігі және бақылау-қадағалау функцияларының бір бөлігі жергілікті атқарушы органға бекітілген.
«Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінде ауыл шаруашылығы өнімін экспорттау/импорттаумен байланысты, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органның, мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың қызметтеріне бақылау жүргізу және үйлестіру функциясы қалды. Жергілікті атқарушы органдарда бақылау-қадағалау және іске асыру функцияларының бір бөлігін шоғырландыру мүдделер қайшылығына әкеледі, себебі, әкімдік өзі іс-шараларды ұйымдастырады және оны өзі бақылайды», - деді АШМ басшысы.
Сондай-ақ, екі қызметке бақылау-қадағалау функцияларын шоғырландыру кейбір жағдайларда ветеринария саласындағы функцияларды іске асыру бойынша жауапкершілікті анықтауда қиыншылық тудырады.
Министр аграрлық ғылымды дамыту туралы да айтып өтті.
«Ғылым мен білімді бизнестің қажеттілігіне сәйкестендіре отырып, осы саланы реформалауды және технологиялар трансфертін қолға алдық. Кәсіпкерлерді инновация енгізуге тарту үшін Заң жобасымен бизнестің ғылыми зерттеулерді қаржыландыру бойынша шығындарының бір бөлігін субсидиялау көзделеді. Негізі бизнесті бірлесіп қаржыландырса жұмыс жақсы жүреді. Бірақ, қазір бизнес зерттеулерді дербес қаржыландыруға қауқарсыз. Сондықтан, субсидиялау бизнес пен ғылымның өзара іс-қимыл жасау механизмін әзірлеуге, агроөнеркәсіптік кешенге инновацияны енгізу ауқымын кеңейтуге мүмкіндік береді», - деді ол.
Заң жобасының шеңберінде Білім және ғылым министрлігінің ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша білім беру гранттарының көлемін қалыптастыру жөніндегі функцияларын Ауыл шаруашылығы министрлігіне беру көзделеді, сондай-ақ, аграрлық жоғары оқу орындарының бітірушілері үшін ауылды жерлерде міндетті түрде жұмыспен өтеу талабы енгізіледі.
«Заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу аграрлық сектордың қажеттіліктерін ескере отырып, мемлекеттік тапсырысты дәл қалыптастыруды қамтамасыз етуге, сондай-ақ, мамандықтар бойынша гранттарды дұрыс топтастыруға мүмкіндік береді. Түлектердің ауылды жерлерде міндетті түрде жұмыс істеуі, өз кезегінде ауылшаруашылығының барлық өндірістік құрылымдарын кадрлармен қамтамасыз ету проблемасын шешуге, бітірушілерді жұмысқа орналастыруға және одан әрі жас мамандардың ауылда орнығып қалуына мүмкіндік береді», - деді С. Омаров.
Сондай-ақ, әкімшілік кедергілерді жою бойынша 196 лицензияланған астық қабылдау кәсіпорнының негізгі қызметі «Астық туралы» ҚР Заңында белгіленген тізбемен шектелген.
«Аталған кәсіпорындар теміржолдарды басқа субъектілердің пайдалануына беру, жарма өнімін өткізу, майлы тұқымдарды өңдеу және өткізу тәрізді қосымша қызметтерді көрсете алады. Осы мүмкіндіктер «Астық туралы» заңда көзделмеген, бұл астық қабылдау кәсіпорындарына қосымша табыс алуға мүмкіндік бермейді. Қолайлы бизнес орта құру мақсатында заң жобасымен «Астық туралы» Заңға өзгерістер енгізіледі, олар астық қабылдау кәсіпорындарының жоғарыда аталған қызмет түрлерімен айналысуына құқық береді», - деді ол.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, залалданған өсімдік шаруашылығы өнімдерін өңдеуге тыйым салынған.
«Алайда, Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай карантиндік фитосанитариялық талаптарына сәйкес, егер карантиндік арамшөптердің тұқымдары мен жемістерін тіршілік қабілетінен айыратын технологияларды қолданса, астық өңдейтін ұйымдарға залалданған шикізатты өңдеуге рұқсат етілген. Отандық жеткізушілердің осы жағдайын еңсеру үшін Заң жобасында, егер, карантиндік арамшөптердің тұқымдары мен жемістерін тіршілік қабілетінен айыратын технологияларды қолданса, залалданған шикізатты өңдеуге қойылған тыйымды алып тастау көзделеді», - деді С.Омаров.
Заң жобасында жоғарыда аталған түзетулерден басқа, орман және су шаруашылығын, жануарлар әлемі мен ерекше қорғалатын аумақтарды дамыту бойынша өзгерістер көзделеді.
Аягөз Құрмаш
Оқи аласыздар:
Қазақстан мен Вьетнам қарым-қатынасы Сенатта талқыланды
Жастар жылы «Өзіңді тап» жобасы жүзеге асады - Д. Абаев
Индустрия 4.0: Роман Скляр Үкіметте есеп берді
Үкімет пен Ұлттық банк арасындағы тұңғыш келісім
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады