• Басты
  • Қазақстан мен Вьетнам қарым-қатынасы Сенатта талқыланды
27 Наурыз, 2019 10:42

Қазақстан мен Вьетнам қарым-қатынасы Сенатта талқыланды

Парламент Сенатында Қазақстан мен Вьетнам арасындағы өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы заң жобасы қаралды. Сондай-ақ, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заң жобалары талқыланды. Толығырақ, келесі материалдан оқи аласыздар.
Қазақстан мен Вьетнам қарым-қатынасы Сенатта талқыланды | Strategy2050.kz

Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында  «Қазақстан Республикасы мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.

2017 жылғы 15 маусымда Ханой қаласында қол қойылған шарттың негізгі мақсаты қылмыспен тиімді күресу үшін өзара ынтымақтастықты нығайту болып табылады.

Шарт ынтымақтастық салаларын, орталық органдарды, көмек көрсету туралы сұрау салулардың мазмұны мен нысандарын, көмек көрсетуден бас тарту немесе оны кейінге қалдырудың тәртібі мен шарттары, сұрау салуларды орындау, сондай-ақ көмек көрсетуге, консультациялар мен басқа да уағдаластықтар жүргізуге байланысты өкілдік етуді және шығыстарды айқындайды.   

Шартпен мынадай құқықтық көмек көрсету түрлері: құжаттарды табыс ету; куәні, сарапшыны шақыру,  дәлелдемелер мен айғақтар алу және беру, оның ішінде бейнеконференция немесе телевизия байланысы арқылы дәлелдемелер алу және айғақтар беру,  тергеп-тексеруге немесе айғақтар беруге көмек көрсету үшін адамдарды сұрау салушы тарапқа уақытша беру,  қылмыстың кірістерін және/немесе құралдарын анықтау, бұғаттау, тыйым салу немесе тәркілеу жөнінде шаралар қабылдау,  ақпарат алмасу, осы Шарттың мақсаттарына сәйкес келетін көмектің кез келген өзге де нысандары көзделеді.

Сондай-ақ, Парламент Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» заң жобасы қаралды.

Заң жобасының мақсаты арнайы экономикалық аймақтарды реттеу, сондай-ақ индустриялық аймақтар қызметін құқықтық регламенттеу саласындағы заңнаманы жетілдіру болып табылады.

Сенаттың баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл құжатпен арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және оларды тарату тәртібі регламенттеледі.  Үкіметтің, уәкілетті органның, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың құзыреті белгіленеді. Заңнамалық тұрғыдан индустриялық аймақтардың түрлері, сондай-ақ арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қатысушыларының құқықтары мен міндеттері бекітіледі.

Заң жобасының шеңберінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларының функциялары, мәртебесі, оларды қаржыландыру және тарату тәртібі айқындалады.

Сонымен қатар, бірыңғай үйлестіру орталығын құру көзделген, оның міндеттері арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды дамыту, ілгерілету және олардың инвестициялық тартымдылығын арттыру болып табылады.

Заң жобасымен арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі және салық салуды, кедендік реттеуді, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті және қатысушыларды құқықтық қорғаудың кепілдігін қоса алғанда, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың жұмыс істеу шарттары регламенттеледі.

Сондай-ақ,  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар, инвестицияларды тарту, экспортты дамыту және ілгерілету, сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы да қаралды.

Заң жобасы Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасы Парламенті үшінші сессиясының ашылуы кезінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар бойынша заңнаманы жақсарту жөнінде, сондай-ақ 2019 жылғы 27 ақпанда «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде
аз қамтылған азаматтар мен көп балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау шараларын күшейтуге қатысты айтқан тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленді.

Заң жобасының мақсаты Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің нормаларын «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» заңның жобасына сәйкес келтіру болып табылады.

Заң жобасымен бірқатар заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Заң жобасы арнайы экономикалық аймақтар қызметінде жаңа тәсілдерді іске асыруға және индустриялық аймақтардың жұмыс істеуін регламенттеуге бағытталған.

Заң жобасында АЭА және ИА қатысушыларының жер учаскелерін, сондай-ақ инфрақұрылым объектілерін алу және пайдалану тәртібі регламенттеледі. Республикалық маңызы бар және өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтарды бюджеттен толық немесе ішінара қаржыландыру көзделеді.

Сонымен қатар,  салық салу бөлігінде басқарушы компанияларға АЭА және ИА қызмет көрсету үшін жер салығының, мүлік салығының және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақының сомаларын айқындау кезінде есептелген салық пен төлемақы сомаларын 100%   азайтуға мүмкіндік беретін өзгерістер ұсынылады.

Заң жобасында атаулы көмек көрсету критерийін ең төмен күнкөріс деңгейінің 70% дейін арттыру, аз қамтылған отбасылардағы әрбір балаға арналған ең төмен төлемді 20 789 теңге сомасында белгілеу, сондай-ақ мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналарға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының және бала кезінен бірінші топтағы мүгедекті күтіп бағушы адамдарға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының мөлшерін 30%   ұлғайту арқылы аз қамтылған азаматтар мен көп балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау шаралары көзделеді.  

Заң жобасының аясында білікті педагогтар, дәрігерлер, полицейлер және басқа да мамандар үшін «7-20-25» бағдарламасы шеңберінде жеңілдікті ипотека бойынша бастапқы жарналарды жергілікті бюджеттен ішінара субсидиялау тетігі енгізіледі.

Экспортты одан әрі дамыту және ілгерілету үшін заң жобасының шеңберінде экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру көзделеді.
Заң жобасымен мемлекеттік кепілдік берудің шарттары, олардың нысандары, оларды есепке алу, орындау және қолданысын тоқтатудың негіздері,
сондай-ақ осындай кепілдіктерді алуға үміткер тұлғаға қойылатын талаптар белгіленеді.

Заң жобалары Палатаның қарауына жіберілді.

Аягөз Құрмаш 

Оқи аласыздар: 

Үкімет пен Ұлттық банк арасындағы тұңғыш келісім

Индустрия 4.0: Роман Скляр Үкіметте есеп берді

Нұр-Сұлтан қаласы туралы қазақстандықтар не дейді?

Жастар жылы «Өзіңді тап» жобасы жүзеге асады - Д. Абаев

Назарбаевтың өз еркімен кетуі таңқалдырды - жапон сарапшылары

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды