• Басты
  • Нұр-Сұлтан қаласы туралы қазақстандықтар не дейді?
26 Наурыз, 2019 17:45

Нұр-Сұлтан қаласы туралы қазақстандықтар не дейді?

Қазақстанның Тұңғыш Президентінің есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында Астана қаласына Нұр-Сұлтан атауының берілуі қоғамда түрлі пікір тудырғаны рас. Қанша адам болса сонша ой туындайды. Дегенмен, отандастарымыздың басым бөлігі Елбасы есімінің елордаға берілуін қолдап отыр.
Нұр-Сұлтан қаласы туралы қазақстандықтар не дейді?

Мәселен, Талдықорған қаласындағы «Жастар» мәдени-демалыс саябағына жалпы саны 23 мыңнан астам адам жиналды.

Елордамыздың Елбасы есімін иеленуіне қолдау білдіріп, концерттік бағдарламаны тамашалаған бірқатар жетісулықтар өздерінің пікірін білдіріп, ой бөлісті.

«Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан тәуелсіздігін нығайтудағы, еліміздің халықаралық аренада беделге ие болуындағы еңбегі өлшеусіз. Экономикамыз тұрақтанды, қай салада да жыл сайын жақсы көрсеткіштерге жетіп келеміз. Қазақстанның ЕҚЫҰ- төрағалық етуі, ЭКСПО жоғары деңгейде өтуі, Астананың ажарлы, айшықты қалаға айналуы біздің мәртебемізді көтерді. Сондықтан, Астананың Нұр-Сұлтан аталуы лайықты шешім болды деп есептеймін. Тарихи тұлғаның осы ерен еңбегін қалай бағаласақ та, қалай құрметтесек те жарасады. Бұл – біз үшін үлкен қуаныш», - деді «Кең дала» шаруа қожалығының жетекшісі Қалибек Алпысбаев.

Ал журналист Азат Жұмаханов  Елбасының батыл шешім, салиқалы саясатының нәтижесінде бүгінгідей берекелі де мерекелі кезеңге жетіп отырмыз дейді.

« Астананың Нұр-Сұлтан деп аталуын қолдаймын. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі қиын жылдардан Елбасының батыл шешім, салиқалы саясатының нәтижесінде бүгінгідей берекелі де мерекелі кезеңге жетіп отырмыз. Осы 30 жылдың ішінде қандай табысқа, қандай жеңіске қол жеткізсек, соның бәрінде Нұрсұлтан Назарбаевтың төккен тері мен қажыр-қайраты, қайталанбас қолтаңбасы бар. Астана – Елбасының төл туындысы, жас қала бүгінде жасампаз істердің ұйытқысына, сәулетті де, дәулетті шаһарға айналды. Қаланы Елбасының құрметіне атау туралы бастаманы көппен бірге мен де қуанышпен қабылдадым".

Ал  ауыр атлетикадан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Әлем чемпионы, әлем рекордын жаңартқан спортшы  Сайхан Тайсуев Астананың Нұр-Сұлтан аталғанына шын жүректен қуанғанын жеткізді.

«Жас спортшылар Астана атауын ауыстыруды қолдайды. Өйткені, Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің еңселі, Астананың айшықты болуына сіңірген еңбегі зор. Біз, спортшылар, халықаралық деңгейдегі түрлі спорттық шараларға Қазақстанның жалауын биіктен желбіретсек деген жігермен барамыз. Мұндай шараларда біз ең алдымен Елбасының, елдің үмітін ақтап, сеніміне селкеу түсірмесек дейміз. Біз, жастар, Елбасының барлық бастамаларының қолдаушысы, Елбасын үлгі тұтар ұландарымыз. Астананың Нұр-Сұлтан аталғанына шын жүректен қуандым», - деді ол.

Сондай-ақ, Түркістан қаласында Астананың «Нұр-Сұлтан»  деп өзгеруіне байланысты мерекелік кеш өтті.

Кешке жиналған көпшілік қауым елорданың аты  өзгергеніне, Елбасының есімі ұлықталғанына  ризашылықтарын білдірді.

Облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенұлы Ұлы даланың кіндігінде орналасқан, Елбасының бастамасымен салынған Астанаға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімін беріп, тарихи тұлға мәртебесін асқақтатқан тарихи шешімді Түркістан облысының халқы да қолдайтынын жеткізді.

Сондай-ақ айтыскер ақын, республикалық, халықаралық ақындар айтысының жүлдегері, «Дарын» жастар сыйлығының иегері  Біржан Байтуов та өлеңмен өрілген құттықтауын жолдады.

«Іргесі бекіп, абыройы асқақтаған Қазақ елінің өз  көшбасшысын  ұлықтап, ерен еңбегін бағалағаны  аңғарылады. Барша түркістандықтарды тарихи шешім, тарихи күнмен құттықтаймын!», - деді Біржан Байтуов.

Сонымен қатар, елордадағы қалалық әкімдіктің алдындағы алаңда ел астанасын Нұр-сұлтан деп атауға қолдау білдіру мақсатында концерт өтті.

 Мерекелік шараға шығармашылығы Қазақстан астанасының даму тарихымен тығыз байланысты жас әртістер қатысты.

Эстрада әртістері, аспаптық жобалар мен би ұжымдары қаланы қайта атауға қолдау танытты.

 2018 жылдың шілдесінде Сергей салмағы 37 тонна болатын тепловозды 20 метрге сүйреген-ді. Бүгін ол көрермендерге тағы да бірнеше жаттығуды көрсетті.

«Нұрсұлтан Әбішұлы елорданың оның есімімен аталуына лайық. Жаңа атауға үйрену астаналықтар үшін қиын. Біршама уақыт өткен соң, бәрі де реттеледі деп ойлаймын», –  дейді С. Цырульников.

Елорданы қайта атауға орай шығармашылық зиялы қауым, Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері, жастар ұйымдарының көшбасшылары, спорттағы чемпиондар қолдау білдірді.

 «Мен Тұңғыш Президентімізді қолдаймын да, құрметтеймін де. Мен халықаралық аренада  Қазақстанның намысын қорғаймын.  Нұр-сұлтан Астана атауына қарағанда көңілге қонымды сияқты.  Спортшылар жаңа атауды қолдайды. Біздің Тұңғыш Президентіміз соған лайық», – дейді бокстан Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиаданың қола жүлдегері Марина Вольнова.                                                                    

Сондай-ақ, маңғыстаулық 40 мың жұмысшы да елорданы өзгертуді қолдайды.

Өңір экономикасының қарыштап дамып, жаңа кәсіпорындардың іске қосылуында Елбасының атқарған еңбегі өлшеусіз. Н.Назарбаевтың стратегиялық жоспарының арқасында облыста жаңа автомобиль, темір жолдар мен теңіз порттары салынып, Европаға тікелей жол ашылды. Мыңдаған жаңа жұмыс орындары құрылды.

​Елбасына алғыстарын жеткізгендердің қатарында мұнайшылар, құрылысшылар, теміржолшылар, кәсіпкерлер мен зауыт жұмысшылары бар.

​«Өзенмұнайгаз», «Маңғыстаумұнайгаз», «Қаражамбасмұнай», «Қарақұдықмұнай», «Бозашы Оперейтинг ЛТД» сынды ірі мұнайгаз компанияларының 20 мыңдай еңбеккері Елордаға Елбасының есімін беруді құптайтындарын жеткізді.

«Маңғыстау құрылыс саласында 2018 жылы рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп, 1 миллион 200 мың шаршы метр тұрғынүй бой көтерді. Бұл Елбасының бастамасымен іске асырылған «Нұрлы жер» мен «Нұрлы жол» бағдарламасының жемісі»,-дейді құрылысшылар.

​Ал, бизнес өкілдері киелі Маңғыстау өңіріндегі орта және шағын кәсіпкерліктің өркендеуі мемлекет тарапынан жасалған қолдау шараларының нәтижесімен байланысты екенін айтады.

«Атамекен» ҰКП Маңғыстау облысындағы филиалының 7 мың өкілі де астанамыздың  «Нұр-Сұлтан»  болып өзгеруін оң шешім деп бағалап отыр. "Қазақстан темір жолы" ҰК аймақтағы 5 мыңға жуық қызметкері де Тұңғыш Президенттің ерен еңбегіне алғыстарын жеткізді.

Аягөз Құрмаш 

Оқи аласыздар: 

Жастар жылы «Өзіңді тап» жобасы жүзеге асады - Д. Абаев

Жастарға жаңа мүмкіндіктер беру керек - Қ.Тоқаев

Индустрия 4.0: Роман Скляр Үкіметте есеп берді

Назарбаевтың өз еркімен кетуі таңқалдырды - жапон сарапшылары

Фото: Tengrinews.kz

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды