• Басты
  • Жастар жылы «Өзіңді тап» жобасы жүзеге асады - Д. Абаев
26 Наурыз, 2019 16:07

Жастар жылы «Өзіңді тап» жобасы жүзеге асады - Д. Абаев

23 қаңтарда Жастар жылы салтанатты түрде ашылды, онда 4 негізгі блок бойынша бірқатар нақты міндеттер қойылған болатын. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Жастар жылын өткізу бойынша Жол картасына енгізілген өзгертулер туралы айтып берді.

Жастар жылы «Өзіңді тап» жобасы жүзеге асады - Д. Абаев | Strategy2050.kz

Жастар жылын өткізу бойынша Жол картасын іске асыру бірқатар міндеттерден тұрады.

«Салаға бөлу бойынша мемлекеттік органдардың жауапкершілігі «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңмен белгіленген. Стратегиялық бағыты «Қазақстан 2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясаты Концепциясында көрініс табады. Жастардың осал топтарымен жұмыс жасауға жастарға байланысты NEET жастарды жұмыспен қамту және әлеуметтендіруді қамтамасыз ету бойынша Жол картасында көрініс тапқан. «Рухани Жаңғыру» Бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар Жоспары қабылданды. Жастарды толеранттылық бағытында, шыдамдылық пен жоғары этикалық тұрғыда тәрбиелеу мақсатында ҚХА тығыз әріптестік қарым-қатынас орнатылды», - деді Д.Абаев.

Министр жастарды қолдау бойынша  қосымша тағы  5 бастама енгізілгенін айтты.

«Қазақстандықтардың кәсіптік бағдарын анықтау мақсатында «Өзіңді тап» жобасын іске қосу, ел аймақтарынан бүркітшілер орталығын ашуға байланысты шаралар қабылдау. Жергілікті әкімдіктермен бірлесіп, өзін-өзі қорғау жөнінде тегін мастер-кластар өткізу, жастарға арналған спорттық клубтарды дамыту бойынша тиісті шаралар қабылдау. «Студенттік бастама» деп аталатын жалпыреспубликалық  волонтерлар қозғалысын және жас волонтерлар базасын құру. Осылайша, мүмкіндігі шектеулі жандарға, қарттарға, жетімдер мен жалғызбасты, үйсіз-күйсіз адамдарға көмек көрсету. Медиа-саланың келешегінен үміт күттіретін жас өкілдерін тарта отырып, Қазақстан ұлттық брендын алға жылжытуға бағытталған жаңа құралдарды құру жоспарланған», - деді министр.  

Бүгінгі таңда Жол картасының жобасы 89 тармақтан тұрады және бес бағыты бар.

Бірінші бағыт – Еңбек етіп жүрген жастарды баспанамен қамтамасыз ету.

«Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент қалаларында жыл сайын жас мамандарға арналған 1000 арендалық тұрғын үй тұрғызу жоспарда бар. Ол баспаналар кәсіпорындарда, ауылшаруашылығы мен бюджеттік мекемелерде, ғылым саласында жұмыс істейтін жас мамандарға, ісін енді бастаған кәсіпкерлерге арналып салынады», - деді Д.Абаев.

Екінші бағыт – Жастарды еңбекпен қамту.

«Осыған орай, «Жас кәсіпкер» бағдарламасын жүзеге асыру қарастырылған. Үш жылдың ішінде 60 мың жас кәсіпкерлік негіздері бойынша оқытылады», - деді Ақпарат және қоғамдық даму министрі.

Үшінші бағыт - Білім беру мен волонтерлар ұйымдарын дамыту.

«Қазір «Жас маман» деп аталатын бағдарлама әзірленіп жатыр. Осы бағдарлама арқылы сұранысқа ие 100 индустриалды және сервистік кәсіптер бойынша мамандар дайындалады. «Ашық университет» жобасына барлық жоғары оқу орындар мен колледждерді қосу да жоспарланған», - деді Д.Абаев.


Төртінші: Жастардың әлеуметтік белсенділігін дамыту.

««Жасыл Ел» қозғалысының «Жасыл қала – Жасыл ауыл» ортақ ұлттық жобасының аясында жүзеге асыру қарастырылып отыр», - деді ол.

Бесінші: жас отбасыларды, денсаулық пен әлеуметтік инклюзивтілікті қолдау бойынша тұтас шаралар кешені.

«Аймақтық жастар чемпионаты мен студенттер универсиадаларын өткізу тәжірибесін жаңарту жоспарланған», - деп атап өтті Д.Абаев.

Өз кезегінде Премьер-Министр Асқар Мамин бірқатар мәселелерге көңіл бөлу қажеттігін тапсырды.

«Ұсынылған Жол картасында жастарды сапалы әрі қолжетімді біліммен, тұрғын үймен, жұмыспен қамтамсыз етуге, жас отбасыларды қолдауға бағытталған бірқатар нақты шаралар көзделген. Бұл өте маңызды қадам», — деді Премьер-Министр.

А.Мамин  әкімдіктер тиісті министрліктермен бірге жастарға жыл сайын кемінде бір мың жалдамалы пәтер беру құралын айқындау жөніндегі жұмысты жеделдетуі керегін атап өтті.

«Жастарды жұмыспен қамту мәселесін бақылауда ұстау аса маңызды. Жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамыту қажет. Бұл үшін Жол картасында жұмыс істемейтін, өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастарға «Жас кәсіпкер» жобасының шеңберінде шағын несиелер мен гранттар беру жөнінде бірқатар шаралар көзделген, аталған жобаға 32 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді.  Жол картасында «Жас маман» жобасы шеңберінде сұраныс бар 100 кәсіп бойынша 200 оқу орнын (180 колледж бен 20 ЖОО) жаңғыртуға 57 млрд теңгеден астам қаражат көзделген», - деді А.Мамин.

Осыған орай,  ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Білім және ғылым министрлігіне Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен, жергілікті әкімдіктерімен бірге осы жобаға қатысатын оқу орындарын, кәсіптер тізбесін айқындауды тапсырды.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне тиісті мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірге Жол картасын сапалы іске асыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдау тапсырылды.

Аягөз Құрмаш 

Оқи аласыздар:

Үкімет пен Ұлттық банк арасындағы тұңғыш келісім

Индустрия 4.0: Роман Скляр Үкіметте есеп берді

 Біз жастарға жаңа мүмкіндіктер беруіміз керек - Қ.Тоқаев

Назарбаевтың өз еркімен кетуі таңқалдырды - жапон сарапшылары

ИНФОГРАФИКА: Әлеуметтік-экономикалық даму

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды