• Басты
  • Елбасы : Сіздер – бақытты жансыздар
26 Наурыз, 2019 15:45

Елбасы : Сіздер – бақытты жансыздар

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласына барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Елбасы : Сіздер – бақытты жансыздар | Strategy2050.kz

Алматы жастары өздеріне қамқорлық жасап, шексіз қолдау көрсеткен және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына өлшеусіз еңбек сіңірген Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасына алғыс айту үшін ұшақ трапынан күтіп алды.

Қаланың барлық жоғары оқу орындарын біріктіретін G-38 студенттік ұйымның екі мыңға жуық студенті Елбасын гүлмен қарсы алды.

Траптан түскен Нұрсұлтан Назарбаев тосын сый көрсетіп, жылы қарсы алғаны үшін жастарға ризашылық білдірді.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті мемлекетімізді дамыту ісіндегі жас ұрпақтың маңызды рөліне ерекше тоқталды.

« Сіздер – бақытты жансыздар. Себебі Алматы сияқты әсем қалада білім алып, гүлденген әрі бүкіл әлемге танымал елде өмір сүріп жатырсыздар. Қазақстан – біздің Отанымыз. Біздің міндетіміз – тәуелсіздігімізді қорғау. Баршаңызға мықты денсаулық, болашақтарыңызға табыс тілеймін», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Оқи аласыздар: 

Қазақстандықтар елордаға Нұр-Сұлтан атауының берілуін қолдайды

Жастар жылы «Өзіңді тап» жобасы жүзеге асады - Д. Абаев

Жастарға жаңа мүмкіндіктер беру керек - Қ.Тоқаев

Назарбаев моделі

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды