- Басты
- Назарбаевтың өз еркімен кетуі таңқалдырды - жапон сарапшылары
Назарбаевтың өз еркімен кетуі таңқалдырды - жапон сарапшылары

Мицуаки Арито Елбасының шешіміне таң қалғанын жеткізді.
«Неге десеңіз, Елбасы Н.Назарбаев шамамен 30 жылға дейін Қазақстан үшін барынша күшін салып, жетекшілік жасаған ұлы тұлға болғандықтан, оның кенеттен өз еркімен отставкаға кететінін естіп, кәдімгідей таңдай қақтым. Қазақстанның Тұңғыш Президентінің отставкаға кетуі өте өкінішті жаңалық. Дегенмен, Марубени корпорациясы Қазақстанмен ынтымақтастығын өзгертуге деген ниеті жоқ, сондай-ақ алдағы уақытта да әртүрлі формада бірге жұмыс істейміз деп ойлаймын», - деді ол.
Марубени корпорациясының Еуропа мен ТМД мемлекеттеріне жауапты бас менеджері КАЗАТОМӨНЕРКӘСІП бірлесіп жасап отырған уранды өндіру жобасы, сондай-ақ соңғы уақытта Атыраудағы мұнай өңдеу зауытына қатысты жобалар бар екенін атап өтті.
«Енді алдағы уақыттағы жаңа жобалар ретінде көліктік инфрақұрылым және химия саласындағы зауытқа қатысты байланыстар бойынша ынтымақтасамыз деп ойлаймын. Президент Н.Назарбаевтың күш салып, көшбасшылық көрсетуінің арқасында инвестициялық қатынастар үлкен қарқынмен дамып жатыр. Президенттің үлкен ерлігінің нәтижесінде инвестициялық климат жеткілікті түрде жақсарды», - деді Мицуаки Арито.
Ол атап өткендей, Президент Н.Назарбаев алғашқы Кеңес Үкіметінен тәуелсіз мемлекетке айналған жаңа Қазақстанға 30 жылға жуық уақыт бойы жетекшілік етті.
«Соның ішінде Жапониямен ынтымақтастық тұрғысында жаңа атап өткендей, уранды өңдеу, сондай-ақ әртүрлі компаниялардың көптеген салалар бойынша бизнес жасауға және ең бастысы екі елдің бірін-бірі тануына деген қызығушылықтар айқын көрініс тапты. Осының барлығы Президенттің ерлігінің арқасы деп ойлаймын. Ал Президент қызметіне кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев Н.Назарбаевтың алға қойған бағыты бойынша жаңа Қазақстанды құрады деп ойлаймын», - деді ол.
Өз кезегінде Рицумейкан Университетінің профессоры Экономика ғылымдарының докторы Кэй Карасава бір күні бұл кезеңнің келетінін білгенмін дейді.
«Әрине, бұл таңдай қақтыратындай жайт. Дегенмен, Президент сәл қызмет етеді ме деп ойлағанмын. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын оқыған болатынмын. Онда Президент жалпы халықтың тұрмыс деңгейін көтеру мәселесі жөнінде ерекше атап көрсетті. Осы Жолдауға мен өте тәнті болдым. Әсіресе, Президенттің Қазақстан халқының табысын ұлғайтуға, елді бақытты қылуға, яғни халыққа деген уәдесін ерекше атап өткім келеді», - деді ол.
Сонымен бірге, халықаралық мәселелер тұрғысынан алатын болсақ, Президенттің АҚШ, Қытай, Ресей сияқты үлкен державалардың арасында, оның ішінде ядролық қаруға ие үлкен мемлекеттермен жақсы қарым-қатынастар балансын орнатқаны, сондай-ақ, ядролық қаруы жоқ Жапониямен тығыз байланыс ұстануы өте маңызды жетістік болып табылады.
«Жапондықтар үшін Қазақстан мұнай, табиғи газ сияқты өзінің бай ресурстарымен, Каспийдегі қара уылдырық беретін балықтарымен, кең байтақ жерімен танымал. Осы кең байтақ жер Орта Азияның кіндігінде орналасып, Еуропа мен Азияны байланыстыратын ерекше орында тұр. Бұл тұрғыда экономикалық қатынастар екі елді байланыстыруға үлкен мүмкіндік туғызатын сала болып табылады деп ойлаймын. Мұндай жағдайда, Қазақстанға кең көлемде инвестиция салатын компаниялар санының көбейетіні сөзсіз», - деді Кэй Карасава.
Сонымен қатар, Қазақстан өзінің ресурстарымен елдің дамуына үлкен серпін беретіндей әрі дүниежүзіне де өз үлесін қосатындай әлеуеті бар.
«Мен алдыңғы жылдың қарашасында Астана клубының шақыруымен елордаңызға барып қайттым. Онда Еуразия континентінің интеграциясына қатысты мәселе талқыға салынды. Атап айтқанда, Қиыр Шығыстағы Жапониядан бастап Орта Азияның дәл ортасындағы Қазақстан арқылы Еуропаға шығатын темір жол тасымалын дамытуға күш салынып отырғандығы жөнінде сөз қозғалды. Бұл өткен жылдан бері өз бастауын тауып, алға қарай ілгерілеген салалардың біріне жатады. Менің ойымша, экономиканың әртүрлі саласы бойынша ықпаладастықты дамыту қажет. Бұл орайда Қазақстанда жапон компанияларының белсенділігін одан әрі жандандыру үшін көптеген жағдайлар жасағанды орынды болар еді деп санаймын», - деді ол.
Оқи аласыздар:
Бір белдеу, бір жол: Жібек жолындағы жүздесу
Елбасы кадрлық тағайындаулар жасады
Дональд Трамп: Наурыз құтты болсын!
Владимир Путин: Бауырлас халықтардың мүдделері бір
-
2021 жылы төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері өзгерді
-
Қазақстанның кеден бекеттерінде 2021 жылы қандай өзгерістер болды
-
Елордалық ХҚО-лардың жұмыс кестесі қайта өзгерді
-
Халықты ауыз сумен қамту: Заң жобасына қандай өзгерістер мен түзетулер енгізілді
-
Сарапшылар пікірі: «Парламентке өтпеген партиялар өз ұстанымдарын өзгертпейді»
-
Сайлау-2021: Белгілі өнер адамдары өз таңдауын жасады
-
М.Тілеуберді: «Пандемияға қарамастан, Қазақстан сыртқы саясатының негіздері өзгеріссіз қалады»
-
Қазақстанның зейнетақы реформалары: өзгерістер мен нәтижелер
-
«Қоғамдық кеңестер туралы» заңға қандай өзгерістер енгізілді
-
Ақберен Елгезек: Президент құр сөз болып қалатын дүниелерді емес, орындалуы тиіс нақты істерді айтты
-
Мемлекеттік басқару академиясының «QazaqResmiTest» тестілеуінің форматы қалай өзгерді
-
ІІМ басшысы қызметте көзге түскен полицейлерді марапаттады
-
ХҚО-да өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының жұмысы қайта жанданды
-
ҚР Тұңғыш Президенті күні: Н. Назарбаевтың үздік бастамалары мен пайдалы шешімдері
-
2021 жылы коммуналдық қызметтердің тарифі қалай өзгереді

