• Басты
  • Үкімет пен Ұлттық банк арасындағы тұңғыш келісім
26 Наурыз, 2019 10:53

Үкімет пен Ұлттық банк арасындағы тұңғыш келісім

Стратегиялық бастамаларды және құрылымдық реформаларды іске асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкі ҚР Үкіметімен 2019 жылға арналған макроэкономикалық саясат шараларын үйлестіру туралы келісімге қол қою бойынша бастама жасады. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Ерболат Досаев бүгін ҚР Үкіметінің отырысында баяндама жасаған кезде айтып берді. Атап өту керек, аталған келісім Үкімет пен Ұлттық банк арасында тұңғыш рет жүзеге асырылды.
Үкімет пен Ұлттық банк арасындағы тұңғыш келісім

Келісімде Үкімет пен Қазақстан Ұлттық Банкінің экономиканың орнықты өсуін қамтамасыз ету және бағалардың тұрақты деңгейін қолдау бойынша бірлескен қызметінің қағидаттары мен негізгі бағыттары белгіленеді. Келісімде 10 негізгі міндет айқындалған.

«Тиімді ақша-кредит саясатын және инфляцияны бақылау жөніндегі шараларды жүргізу жөніндегі міндетті іске асыру үшін Қазақстан Ұлттық Банкі төмен инфляцияны қолдауға басымдық бере отырып инфляциялық таргеттеу режимін, сондай-ақ, елдің экономикалық дамуының орнықтылығын және халықтың өмір сүру деңгейінің өсуін сақтайды», - деп түсіндірді Ұлттық банк төрағасы Е. Досаев.

Сондай-ақ, ол  2021 жылға дейін 4-6% дәлізін сақтау, ал 2022 жылдан бастап оны 3-5%  дейін төмендету және ұзақ мерзімді перспективада қолдау ұсынылатынын қоса айтты.

«Қазақстан Ұлттық Банкі нақты көрсетуде 3 - 3,5% шегінде оң болатын, базалық мөлшерлеменің деңгейін ұстап тұруға ұмтылатын болады. Инфляцияның белгіленген нысаналы дәліздің шегінен шығу тәуекелдері күшейген кезде ақша-кредит саясаты қатаңдатылуы мүмкін», - деді Е. Досаев.

Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы сондай-ақ валюта нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету міндеті туралы хабарлады.

 «Қазақстан Ұлттық Банкі теңге бағамы серпінінің болжамын арттыру міндетін алға қойып отыр. Қазақстан Ұлттық Банкі валюталық сауда-саттыққа араласпау саясатын сақтай отырып, икемді өктемділік жасау құқығын өзіне қалдырады», - деді  Е. Досаев.

Ұлттық банк төрағасы  шетел валютасын сатып алу немесе сату бойынша жоспарланған операциялар туралы ақпараттың жүйелілігі мен айқындылығы валюта нарығына тұрақтылық беретінін атап өтті.

«Валюталық тәуекелдерді хеджирлеудің маңызды құралы ретінде туынды қаржы құралдары нарығын дамыту жөніндегі шаралар қабылданатын болады», - деді ол.

Қазақстан Ұлттық Банкінің басшысы экономиканы қорландыру қолжетімділігі міндетін іске асыру шеңберінде институционалдық инвесторлар нарығын, жедел және жинақ депозиттерін дамытуға баса назар аударылатынын айтып берді. Баға белгілеудің тиімділігін арттыру үшін банкаралық нарықта және бағалы қағаздар нарығында нарықтық индекстер мен индикаторларды қалыптастыру қамтамасыз етіледі.

«Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын дамыту міндетін іске асыру үшін Қазақстан Ұлттық Банкі кірістіліктің қысқа мерзімді тәуекелсіз қисығын құруды қамтамасыз етеді. Қаржы министрлігінен кірістілік қисығының орта- және ұзақ мерзімді сегменттерін құру үшін өзінің бағалы қағаздарының шығарылымдарын қысқартуды және ірілеуді қамтамасыз етуді сұраймыз», - деп түсініктеме берді Е. Досаев.

Ұлттық банк төрағасы  мемлекеттік бағалы қағаздарды дамушы елдердің халықаралық жаһандық индекстеріне қосу бойынша жұмыс жүргізілетін болады, бұл шетелдік инвестициялардың қосымша ағынын тартуға және өзара қарыз алу құнын төмендетуге мүмкіндік беретінін айтты.

Сонымен қатар,  Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы сөз сөйлеу барысында «Экономиканы дамытуды қаржылық қолдау бағдарламасы» міндетін іске асыруда негізгі рөлдің Үкіметке тиесілі екендігін хабарлады.

«Қазақстан Ұлттық Банкі, өз кезегінде, үш бағдарламаны іске асыруға күш жұмсайды. Атап айтқанда, Қазақстан Ұлттық Банкі «7-20-25» бағдарламасы бойынша бағдарламаны бұрын бекітілген талаптармен қаржыландыруын жалғастырады. Қарыз алушыларға 20% астам бастапқы жарна енгізу мүмкіндігін беру және бағдарламаға қатысушы банктердің санын кеңейту ұсынылады», - деді Е. Досаев.

Банктердің 600 млрд теңге көлеміндегі ұзақ мерзімді өтімділікті уақытылы игеруі экономиканың басым жобаларын кредиттеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ағымдағы уақытта 9 банк кредиттеу бағдарламасына қатысады, 112,7 млрд теңге сомаға үш банктің облигациялары сатып алынды.

Қазақстан Ұлттық Банкінің басшысы отандық автокөлік сатып алушыларын кредиттеу бағдарламасын іске асыруға Ұлттық Банктің 5 жыл ішінде 100 млрд теңгеге дейін жұмсайтынын қоса айтты.

Биыл 20 млрд теңге бөлінетін болады.

Сонымен бірге, Е. Досаев нақты сектор кәсіпорындарын қалыпқа келтіру міндеті туралы айтып берді.

«Қамтамасыз етілген кредиторлардың басым құқығын іске асыру кәсіпорындарды және банктердің несие портфелін қалыпқа келтіруге ықпал ететін болады. Жоғары сот органдарымен банкроттық саласындағы құқық қолдану тәжірибесін пысықтау бойынша жұмыс жалғастырылады», - деді ол.

Е.Досаев   қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету шеңберінде банк жүйесін нығайту жұмысы жалғасын табатынын айтты.

«Ұлттық Банктің соңғы саты кредиторының функциясын толық іске асыруы маңызды болмақ. Тәуекелге бағдарланған қадағалауды іске асыру оның ішінде активтердің сапасына жоспарланып отырған бағалау жүргізуге байланысты болады», - деді  Е. Досаев.

Сондай-ақ,  ол AQR жеткіліксіз капиталы бар банктерді анықтауға және бастапқы кезеңде алдын алу шараларын жүргізуге көмектеседі деп атап өтті.

Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы көлеңкелі экономиканы төмендету және қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамыту үшін қолма-қол ақшасыз төлемдер инфрақұрылымының қолжетімділігін арттыру және жетілдіру бойынша іс-шаралар жалғастырылатын болады, сондай-ақ ірі мәмілелер бойынша есеп айырысуларды қолмақол ақшасыз нысанға аудару шаралары қабылданатынын  атап өтті.

 Е. Досаев қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және олардың қаржылық сауаттылығын арттыру жөніндегі маңызды міндетке баса назар аударды.

«Тұтынушылық кредиттеу саласында халық үшін тәуекелдердің күшеюі аясында банктік емес кредиттік ұйымдарды, онлайн-кредиттеу компанияларын, ломбардтарды реттеу бойынша ұсыныстар қарастырылатын болады. Шарттар талаптарының айқындылығы, сондай-ақ тұтынушылардың, әсіресе, халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау бойынша талаптар күшейтіледі», - деп қорытындылады ол.

Сөзін қорытындылай келе Е. Досаев жоғарыда аталған шараларды іске асыру үшін Қазақстан Ұлттық Банкі Үкіметке заңнамалық өзгерістерді, оның ішінде Ұлттық Банктің мандатын кеңейтуді көздейтін өзгерістерді енгізу бойынша тиісті ұсыныспен шығатынын айтты.

Келісім Ұлттық Банк пен Үкіметтің бірлескен іс-қимылдарының аталған бағыттарымен шектелмейді. Іс-қимылдарды үйлестіру қабылданған және қабылдануы болжанатын шараларды тұрақты түрде мониторингтеу және талқылау жолымен жүзеге асырылатын болады.

Өз кезегінде  Ұлттық  экономика министрі  Руслан Дәленов  теңгерімді фискалдық саясат шеңберінде жұмыс кірістердің өсуін ынталандыруға және салық салу базасын кеңейтуді ынталандыруға бағытталатынын айтты.

«Бюджет қағидалары Ұлттық қордың қаражатын жинақтауға бағытталатын болады. Үкімет пен Ұлттық банктің тиімді ақша-кредит саясаты және инфляция деңгейін бақылау бойынша бірлескен шаралары экономикалық өсуді қамтамасыз етуге бағытталған.Осы бағыт шеңберінде тарифтік саясатты жетілдіру және тұтыну тауарларын өндіруге бағытталған шараларды әзірлеу жоспарлануда.Валюта нарығының теңгерімділігі бойынша Ұлттық банктің шараларына қосымша ірі квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, Қаржы министрлігінің және Ұлттық қордан кепілдендірілген трансфертті айырбастау жөніндегі бюджеттік операциялардың іс-қимылдарын үйлестіру қамтамасыз етіледі», - деді Р.Дәленов.

Бұл ретте Ұлттық банк интервенция жүргізу құқығымен еркін құбылмалы айырбас бағамы саясатын жалғастырады.

«Инвестициялар тарту және экономиканы қорландыру қолжетімділігі, сондай-ақ мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын дамыту бойынша инвестициялық ахуалдың тартымдылығы және қаржыландырудың қолжетімділігі бойынша жұмыс жалғасатын болады.Сондай-ақ, борыштық капитал құнының индикаторларын қалыптастыру үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылымын ірілендіру көзделеді.Экономиканы дамытуды қаржылай қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру бағыты шеңберінде мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі артатын болады. Бұл ең тиімді жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді», - деді министр.

Қаржы жүйесінің тұрақтылығы және нақты сектор кәсіпорындарын сауықтыру бойынша банкроттық рәсімдерін жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғасатын болады. Бұл кредит берушілердің борышты реттеу жөніндегі құқықтарын іске асыруда кедергілерді жояды.

«Көлеңкелі экономиканы төмендету және қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамыту шеңберінде қолма-қол ақша айналымын қысқарту бойынша қаржылық және қаржылық емес ынталандыру әзірленеді.Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында кредит беретін банктік емес ұйымдардың қызметін реттеу бойынша шаралар қабылданатын болады.Осылайша, осы Келісімді іске асыру экономикалық өсуге қол жеткізуге және инфляцияны ұстап тұруға мүмкіндік береді», - деді ол.

Ал Премьер-Министрі Асқар Мамин Үкімет пен Ұлттық банк арасындағы келісімнің  орнатылуы жұмыстың жаңа форматы екенін атап өтті.

«Үкімет пен Ұлттық банктың арасындағы өзара іс-қимыл тұңғыш рет келісім ретінде рәсімделіп отыр. Бұл бірлескен жұмыстың жаңа форматы деп айтуға болады. Экономикалық өсімге жәрдемдесудің өзара іс-әрекеті белгіленді. Келісімді іске асырудың арқасында экономиканың сапалы өсімін және халықтың тұрмыс сапасын арттыру қамтамасыз  етіледі», - деді Үкімет басшысы.

 Асқар Мамин  осы міндетті орындау мақсатында ақша-кредит, валюталық, іскерлік және макроэкономикалық саясат болжамды болу жағынан нарыққа нақты белгі беретіндігін айтты.

Қорытындысында   Асқар Мамин тисті Үкімет қаулысын дауыс беруге шығарып, оны Министрлер кабинеті толық қолдады.

Аягөз Құрмаш

Фото: Бауыржан Жуасбаев 

Оқи аласыздар: 

 ҚР Президентінің негізгі ұстанымдары

Кәлетаев Президент әкімшілігіне келді

Елбасы кадрлық тағайындаулар жасады

Порошенко Назарбаевқа ризашылық білдірді

Дональд Трамп: Наурыз құтты болсын!

Марат Тәжин жаңа қызметке келді

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды