• Басты
  • Марат Тәжин жаңа қызметке келді
24 Наурыз, 2019 19:29

Марат Тәжин жаңа қызметке келді

Өткен аптада Ақордада біраз кадрлық өзгертулер жасалды. 2018 жылдың қыркүйек айында Президент әкімшілігіне басшы болған Әсет Өрентайұлы Исекешов жексенбі күні өз орнын босатты. Мемлекет басшысының Жарлығында басқа жұмысқа ауысуына байланысты деп көрсетілген. Әзірге қандай қызметке баратыны беймәлім.
Марат Тәжин жаңа қызметке келді | Strategy2050.kz

Жас та болса бас болып жүрген Әсет Өрентайұлының қазіргі қызметінен кетуі жаңа Президенттің кадр саясатына ерекше көңіл бөліп отырғанын байқатты.

Бұл әрине заңдылық. Барлығын кадр шешеді деген қағиданың дұрыстығын уақыт пен тәжірибе дәлелдеп отыр.

Бұрынғы Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Президент Әкімшілігіне жетекші болды.

Бақытжан Әбдірұлы Үкімет басқарғандықтан облыстар жағдайын жақсы біледі әрі әкімдер мен министрлер кабинетіне сөзі өтімдірек.

Оның үстіне қазіргі Премьер-Министр Асқар Мамин өзінің бұрынғы бірінші орынбасары.

Мемлекет басшысы Түркістандағы баяндамасында барлық билік тармақтарының ішінде атқарушы биліктің жұмысына ерекше назар қойды.

Себебі, қоғам мен заманның талабына сай  жоғары жалақылы жұмыс орындарын құрып, халықты сапалы баспанамен қамтамасыз ету алдымен мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің сауатты әрекетіне тікелей байланысты.

Президент Түркістанда сөйлеген сөзінде заңның үстемдігін қамтамасыз етуге ерекше назар салды.

Оны ҚР Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Қажманұлы Асановты қабылдауы барысында тағы атап өтті.

Кездесуде Қазақстан Президентіне сот жүйесін жаңғырту барысы жөнінде баяндалып, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясындағы міндеттердің орындалуы туралы есеп берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев сот жүйесін жетілдіру жұмыстарын жалғастыруды және халықтың сот билігіне сенімін арттыруға бағытталған шаралардың тиімді жүзеге асырылуын тапсырды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев та Президент қабылдауында болды.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа мемлекеттік органдардағы жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмыстар және мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесін реформалау барысы туралы мәлімет берілді.

Ал «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов биылғы екі айда атқарған жұмыстарының нәтижелері туралы айтып, Қордың даму стратегиясын жүзеге асыру жоспарларымен бөлісті.

Сонымен қатар, Қазақстан Президентіне «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының компанияларын IPO шығару және Қор активтерін жекешелендіру үдерістері жөнінде мәлімделді.

Тағы бір маңызды оқиға  - Марат Мұханбетқазыұлы Тәжиннің Мемлекеттік хатшы болуы.

Еліміздегі саяси элитаның белді өкілі Марат Тәжиннің бұл қызметке келуі бекер емес. Келешекте Мемлекеттік хатшы институтының салмағы артып, әсіресе, сыртқы саясаттағы рөлі күшейеді.

Осы аптада орын алған басқа да тағайындаулар төмендегідей.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеуов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды.

Ол Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Мемлекет басшысының Өкімімен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы, Берік Уәлиұлы Құрманғали Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы қызметтеріне тағайындалды.

Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Мемлекет басшысының көмекшісі болды.

Ерлан Еркінұлы Баттақов Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы болып тағайындалды.

Нұрлан Баймолдаұлы Онжанов Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы қызметіне орналасты.

Данияр Оралов

Оқи отырыңыз:

Қ.Қожамжаров қызметінен босатылды

Мемлекет басшысының төрағалығымен кеңес өтті

Жарық күндегі найзағайдай тосын жайт – Б.Тілеухан

2019-03-19: Президент өз өкілеттілігін тоқтатты

Ғылыми жаңалықты құқықтық қорғау Қазақстанда қалай жүзеге асырылады

Ауыл шаруашылығына «легионерлер» тарту керек пе?

Қазақ тілінің ұлттық ерекшелігіне негізделмеген латын әліпбиіне қатысты түрлі пікірдің болуы заңды – Е.Тілешов

Рухани жаңғыру: Бағдарламаны жүзеге асырудың жаңа тәсілдері

Н.Назарбаевтың Вашингтонға алғашқы сапары - видео

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды