• Басты
  • Түркістан мемлекетіміздің алтын бесігі - Президент
23 Наурыз, 2019 18:14

Түркістан мемлекетіміздің алтын бесігі - Президент

Мемлекет басшысы түркістандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтап, жаңару мен жаңа өмірдің басталуын сипаттайтын бұл мерекенің рухани бай мұрамыздың жарқын символына, үздіксіз ұрпақ сабақтастығына және Қазақстан халқы бірлігінің негізіне айналғанын атап өтті.

Түркістан мемлекетіміздің алтын бесігі - Президент | Strategy2050.kz

"Елбасының биылғы 19 наурызда қабылдаған шешімі мемлекетіміздің болашағына деген шынайы қамқорлықты білдіреді. Осындай сындарлы кезеңде Елбасын және мені қолдаған барша халқыма ризашылығымды айтқым келеді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы өзінің ел Президенті ретіндегі алғашқы сапарының қазақ мәдениетінің, тарихы мен руханиятының орталығы саналатын Түркістан қаласынан басталуының символдық мәні зор екенін айтты.

"Түркістан – мемлекетіміздің алтын бесігі. Елбасының бұл қалаға ерекше мәртебе беру туралы шешімі кездейсоқ емес. Ежелгі Түркістанның жаңғыруы мен жаңаруы даму жолымыздың дұрыстығын көрсетеді. Алдағы жұмыстарым туралы және қоғамды толғандырған мәселелерді шешуге байланысты ойымды дәл осы жерде бөліскім келеді", – деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев барша қазақстандықтарды бірінші кезекте толғандыратын мәселелер туралы айта келіп, ең алдымен, әділеттілікті күшейту қажеттігіне тоқталды.

"Қоғамдағы әділеттілік, ең алдымен, атқарушы билікке байланысты. Үкіметтің, министрлердің, барлық деңгейдегі әкімдердің, полицияның, прокуратураның, соттардың мақсаты – азаматтардың құқығын қорғау. Бұл – олардың конституциялық міндеті әрі азаматтық борышы", – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күшейе түсетінін айтып, орынды шағым түскен жағдайда орталық және жергілікті органдардың басшылары тікелей жауап беретінін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілердің халықпен тығыз жұмыс істеуі қажет екеніне баса мән беріп, басшылардың халық алдындағы есеп беру кездесулерінің қазіргі форматын сынға алды.

Мемлекет басшысы еңбексүйгіштік пен сіңірген еңбекке орай марапаттау құндылықтарының идеясы ұлттық идеологиямыздың бастауында тұруы қажет екенін айтты.

"Біз азаматтарымыздың, ең алдымен, жастардың жұмысқа орналасуына және кәсіби тұрғыдан өсуіне жағдай жасауға тиіспіз. Шетелде жұмыс істеп жатқандардың әлеуетін елімізде пайдалану мүмкіндігін қарастыруымыз керек. Сонда біз күшейе түсеміз. Сонымен қатар, жұмыс табуға ұмтылмайтындарды, әсіресе, әлеуметтік масылдықты қолдауға болмайды. Мемлекет әлеуметтік жағдайы нашарларға көмек көрсететін болады. Қалғандарының бәрі жұмыс істеуге тиіс", – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Үкіметке бюджетті тек мемлекетіміздің дамуына және қауіпсіздік мақсаттарына орай қайта бейімдеуді, сондай-ақ, имидждік іс-шараларға арналған шығындарды азайтуды тапсырды.

"Мемлекеттік шығыстардың басты міндеті – қарапайым адамдардың мәселелерін шешу. Ауыз су, баспана, жұмыс орындары, жайлы өмір үшін инфрақұрылым – осылардың бәрі ел тұрғындарын алаңдатады. Міне, біз осы міндеттерді шешетін боламыз. Министрлер мен әкімдердің жұмысын нақты проблемаларды шешу нәтижелері бойынша бағалайтын боламын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті рухани жаңғыру мәселелеріне тоқталып, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласындағы бағыттарды одан әрі жүзеге асырудың маңыздылығын айтты.

Қазақстандағы Жастар жылын өткізу барысына да ерекше назар аударылды.

"Біз жастар үшін жаңа мүмкіндік беруіміз керек. Соның ішінде олардың бизнеспен айналысуына, білім алуына, жұмысқа орналасуына, табыс табуына жол ашу қажет. Өз өмірін жақсартуға, мансабы бойынша жоғарылауға арналған әлеуметтік лифттер іс жүзінде жұмыс істеуі керек. Еліміздің жастары мен талантты азаматтары мемлекеттік қызметте ілгерілеу үшін арнайы кадрлық бағдарлама дайындаймыз. Болашағымыз жастардың қолында", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соңында Мемлекет басшысы өзінің Президент ретіндегі негізгі ұстанымдары сабақтастық, әділеттілік және ілгерілеу екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапары барысында Шымкент қаласының әкімшілік-іскерлік орталығын аралап, «Shymkent city» жаңа ауданының макетін, әуежайдың жаңа терминалын көрді. «Ескі қалашық», Қошқар ата өзенінің жағалауын абаттандыру және «Тұран» шағын ауданының инженерлік инфрақұрылымын салу жобаларымен танысты.

20,5 гектар аумақты қамтитын әкімшілік-іскерлік орталық заманауи инфрақұрылымымен, өмір сүруге және бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасалғандығымен ерекшеленеді, сондай-ақ, қала құрылысы мен сәулетінің қазіргі стандарттарына сай келеді. Қаланың жаңа ауданында жалпы аумағы 201,2 мың шаршы метрді қамтитын 2 990 пәтері бар 47 үй салу жоспарлануда.

Оқи отырыңыз:

Назарбаевты Вашингтонда қалай қарсы алды - видео

Зиялы қауым: Елбасы Түркістанның жаңа дәуірін бастады

А.Мамин: Түркістан - түркі дүниесінің орталығы

Өңірлер: Түркістан облысында қандай нысандар ашылады?

2019 жылғы бюджет кірісі 7 трлн теңгені құрамақ – Р.Дәленов

Жансейіт Түймебаев жаңа қызметке келді

Жастар жылы Түркістан облысында қандай тың жобалар пайда болады?

Түркістан облысы қалай дамып жатыр?

Тұңғыш Президент күні: Мерекенің халықаралық маңызы

Фото: https://kapital.kz/lifestyle/72071/chem-budet-privlekat-turistov-turkestan.html

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды