- Басты
- Жаңалықтар
- Рухани жаңғыру: Тоқаев Түркістаннан бастады
Рухани жаңғыру: Тоқаев Түркістаннан бастады

Қасым-Жомарт Тоқаев «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің археологиялық және архитектуралық ескерткіштерімен танысып, Қожа Ахмет Яссауи кесенесін аралап көрді.
Мемлекет басшысына мәдени нысандардың қайта жөндеу жұмыстары және қорық-музейдің аумағын абаттандыру барысы жөнінде баяндалды.
Сонымен қатар, Қазақстан Президентіне облыс әкімдігінің, басқармалар мен департаменттердің әкімшілік ғимараттарын, сондай-ақ Конгресс холлды, Медиа орталығын, «Ұлы дала елі» орталығын, оқушылар сарайын, туризм колледжін, «Астана» алаңын, әуенді субұрқақты, халыққа қызмет көрсету орталығын және басқа да әлеуметтік-мәдени мақсаттағы нысандарды салу барысы туралы есеп берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында жастардың ресурстық орталығының жұмысымен танысты.

Қазақстан Президентіне жастардың шығармашылық бастамаларына, кәсіпкерлікпен айналысуына қолдау көрсету, олардың жұмыспен және баспанамен қамтылуын үйлестіру, сондай-ақ жастарға құқықтық көмек көрсету сияқты негізгі жұмыс бағыттары жөнінде баяндалды.

Еркін әңгімелесу барысында жастар өкілдері Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Жастарға қызмет көрсету», «Еріктілер клубы», «Жас сарбаз», «Тілдер мектебі» атты тақырыптық секторлардың, білім беру саласындағы «Stem» жобасының, сондай-ақ «TURKISTAN HUB» коворкинг орталығының жұмыстары туралы айтты.

Мемлекет басшысы Түркістан қаласының «Отырар» шағын ауданына барып, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан 26 жаңа үйдің құрылысымен танысты.

Қазақстан Президентіне осы бағдарлама аясында 2019 жылдың соңына дейін жалпы аумағы 96 200 шаршы метрді құрайтын 1560 пәтер пайдалануға берілетіні баяндалды.
Оқи отырыңыз:
Зиялы қауым: Елбасы Түркістанның жаңа дәуірін бастады
А.Мамин: Түркістан - түркі дүниесінің орталығы
Өңірлер: Түркістан облысында қандай нысандар ашылады?
2019 жылғы бюджет кірісі 7 трлн теңгені құрамақ – Р.Дәленов
Жансейіт Түймебаев жаңа қызметке келді
Жастар жылы Түркістан облысында қандай тың жобалар пайда болады?
Түркістан облысы қалай дамып жатыр?
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру -
Тоқаев: Өңірлердегі денсаулық сақтау нысандарының жай-күйі көңіл көншітпейді -
Үкімет отырысында Тоқаев қандай тапсырмалар берді -
Президент тапсырмасы: Биржадағы саудада тәртіп орнай бастады -
Тоқаев: Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің ғажайып ерлігі халқымыздың жадында мәңгі сақталады -
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды