- Басты
- Жаңалықтар
- Дариға Назарбаева - ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы
Дариға Назарбаева - ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Сенатының депутаттары алдында сөйлеген сөзінде, Сенат Төрағасы лауазымына сайлау үшін Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның кандидатурасын ұсынды.
«Дариға Нұрсұлтанқызын баршаңыз жақсы білесіздер. Ол көптен бері Cіздермен тығыз жұмыс істеп келеді. Қоғамдық және саяси қызметтерде жинаған тәжірибесі мол. Тек, Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ, шетелде де танымал саясаткер. Тұңғыш Президент – Елбасының Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру және тұрғындарға әлеуметтік тұрғыдан көрсетілетін қолдауды күшейту жөнінде алға қойған ауқымды міндеттері сапалы заңдармен қамтамасыз етілуі керек. Сондықтан, біз Дариға Назарбаеваға осындай жауапты миссияны жүктеп отырмыз. Осыған байланысты, Парламент Сенатының депутаттарынан мен ұсынған кандидатураны қолдауды сұраймын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Жасырын дауыс берудің қорытындысы бойынша Д.Назарбаева Парламент Сенатының Төрағасы болып сайланды.
Парламенттің жоғары палатасының жаңадан сайланған Төрағасы өзіне зор сенім білдірген Мемлекет басшысы мен депутаттарға алғыс айтып, белгіленген міндеттерге қол жеткізу үшін бар білімі мен қабілетін жұмсайтынын жеткізді.
Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Дариға Назарбаеваның кандидатурасын қолдағандары үшін депутаттарға ризашылық білдіріп, Сенаттың жаңа төрағысының қызметіне табыс тіледі.
Оқи аласыздар:
Үкімет пен Ұлттық Банк мәлімдеме жасады
7-20-25 пен Нұрлы Жер арқылы көпбалалы отбасыларға үй беріледі
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар -
ҚР Денсаулық сақтау жүйесі: көлік медицинасы, дәрігерлер жалақысы, ана өлімі, пандемиямен күрес шаралары -
Мәжіліс отырысы: әлеуметтік кәсіпкерлік, «Ashyq» қосымшасының кемшіліктері, қандастардың ҰБТ тапсыруы -
ҚР Ұлттық ұланы қандай қызмет атқарады -
ҚР Денсаулық сақтау министрі Цой мен вице-министр Шоранов QAZVAC салдырды -
Нотариат саласындағы реформалар: жылжымайтын мүлік құқықтары, цифрланған нотариус