• Басты
  • Кәсіпкерлер қауымы Тұңғыш Президентке алғыс айтты
20 Наурыз, 2019 15:02

Кәсіпкерлер қауымы Тұңғыш Президентке алғыс айтты

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы елдің барлық бизнес-қауымдастығы атынан отандық кәсіпкерлікке танытқан әр қолдауға алғыс білдірді.

Кәсіпкерлер қауымы Тұңғыш Президентке алғыс айтты | Strategy2050.kz

«Егемендігімізді алып, мемлекетімізді көркейтіп, әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына енгізу жолындағы жасалған әр сындарлы қадам - Қазақстанның Тұңғыш Президентінің еншісінде екені сөзсіз. Бұл жолдағы жеткен әр жетістікке тек еліміз ғана емес, барша әлем куә.Экономиканы дамытудағы алғашқы қадамдар, ауқымы кең қажетті реформалар - мұның барлығы бүгінгі көрсеткіштерге жету жолындағы Сіз қабылдаған салиқалы шешімдердің нәтижесі. Елге жаңа бағыт-бағдар беру, кеңестік дәуірден кейінгі алғашқы жылдары нарықтық экономикаға сүрінбей өту үлкен қажырлықты қажет еткен батыл қадамдар.

Кәсіпкерлікке бет бұру, осы бағытта халыққа барынша қолдау көрсетіп, бизнестегі алғашқы қадамдарға жол ашқан мемлекеттік бағдарламаларды қабылдауға қатысты әр қолдауыңызды ризашылықпен қабылдадық. Бұл бағдарламалардың барлығы іскерлік ахуалды жақсартып, елімізге инвестиция тартып, жеке кәсібін ашқысы келген азаматтар санын арттыруға септігін тигізді. Тәуелсіздік жылдары елімізде мыңдаған жаңа кәсіпорын мен бизнес-жобалар іске қосылды.  Миллиондаған азаматтар жеке кәсібін ашып, тұрақты табыс көзін қамтамасыз етті.

Бүгінде елімізде 1,2 миллионнан астам кәсіпкер бизнесін жүргізуде.  Бұл ең алдымен Сіздің жүргізген экономикалық реформаларыңыздың нәтижесі!

Қарапайым металлургтан басталған еңбек жолыңыз баршамызға еңбекке деген адалдықты, Отанға деген құрметті дәріптейтін баға жетпес үлгі! Бір ғана Сіздің өмір жолыңыз миллиондаған отандастарымыздың жарқын болашаққа, өзінің қабілеті мен мүмкіндігіне деген сенімін еселей түстетінін атап өткіміз келеді.

Біз, Қазақстан кәсіпкерлері, еліміздің даму бағыты Сіз салған сара жолмен жүретініне сенімдіміз. Кез келген үлкен істің қалай дамитынын алғашқы қадамдар айқындайды. Кез келген мемлекеттің экономикасы оның бизнесінің дамуымен  тікелей байланысты», - делінген  Қазақстан Республикасының   «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының хабарламасында.

Оқи аласыздар: 

Қасым-Жомарт Тоқаев - Қазақстан Республикасының Президенті

Дариға Назарбаева Сенат спикері болып сайланды

Назарбаев моделі

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды