- Басты
- Жаңалықтар
- Зиялы қауым: Елбасы Түркістанның жаңа дәуірін бастады
Зиялы қауым: Елбасы Түркістанның жаңа дәуірін бастады

- «Миллиондаған адамдар ұқсауға тырысқан Ұлт Көшбасшысы уақытынан бұрын өкілеттілігін тоқтатып, Президенттік лауазымын тапсырды. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан үшін жасаған игі істеріне ел дән риза. Тәуелсіз жас мемлекеттің ең өршіл жобалары іске асты. Халыққа жасаған қызмет Елбасының ерік-жігері, шынайы отансүйгіштігі, даналығы, кемелдігі туралы ел аузында әлі айтыла береді. Тұңғыш Президент — елдегі тыныштық пен татулықтың тұрақты кепілі бола білді. Қиын жағдайларда батыл шешім қабылдады. Олар өзін-өзі ақтап, еліміздің өркендеуіне серпін берді. Нұрсұлтан Назарбаев өзінің барлық күш-қуаты мен мүмкіндігін пайдала отырып, алға қойған барлық мақсатты жоспарларды іске асырды. Ата-бабаларымыздан мұра болған бейбітшілік пен келісімді сақтай білді. Нұр- ағамыз тарихта қалатын тұлға. Біз Сізбен біргеміз, қадірлі Елбасы!», - деді қоғам қайраткері Досыбай Шерімқұлов.
«Халықтың бірлігі мен берекесі, ұлттардың татулығы, елдің тыныштығы бәрі де Елбасының жүргізген сарабдал саясатының жемісі. Қазақстан мемлекетінің тәуелсіздігі жолында талай қиындықтарды бастан өткерсе де елдің экономикасы мен әлеуетін көтеруде Елбасы барлық күш-қайратын жұмсады. Бүгінде әлемдік деңгейде ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге жеттік. Әлемде болып жатқан дағдарысқа мойымаған Қазақстан биік белестерді бағындырып, еңселі елге айналды. Күні кеше облыста орын алған маңызды оқиғалардың бірі – облысы орталығын киелі Түркістанға ауыстыруы мен Шымкент қаласын үшінші мегополист қалалардың қатарына енгізуі туралы Жарлықтары еді. Жеріміздің кеңдігі ғана емес, халықтың саны жағынан да мақтанатын жағдайға жеттік», - деді ақын Ханбибі Есенқарақызы.
- «Кешегі КСРО тарағаннан кейін бос кеңістікте қалған Қазақстанды экономикалық жағынан туралаған күйінде қабылдап алған Н.Назарбаев өз елін әлемдік деңгейге жеткізу жолында жанқиярлықпен қалай күрескені көз алдымызда. Иә, оған оңай болған жақ. Ел дамуы мүлдем басқа арнаға бұрылды. Нарықтық қатынас кезінде адамдар қалай өмір сүрудің жолдарын білген жоқ. Дегенмен, дамудың даңғыл жолы біреу-ақ еді. Міне, соны Нұрекең асқан көрегендікпен тани білді. Әрине, уақыт талабына, замана талабына барлығымыз бас иеміз. Оның өте жоғары лауазымынан өз еркімен бас тартуы да оның өте ақылды әрі сұңғыла саясаткер екенін көрсетеді. Көңілге үлкен демеу болатыны Ұлт Көшбасшысы әлі де атынан түскен жоқ. Ол қасымызда, Тәуелсіз елін тұғырлы ету жолында бұрынғысынан да жігерлі еңбек ете бермек», - деді қоғам қайраткері Орынбай Рахманбердиев.
Оқи аласыздар:
Дариға Назарбаева Сенат спикері болып сайланды
Қасым-Жомарт Тоқаев - Қазақстан Республикасының Президенті
Кәсіпкерлер қауымы Тұңғыш Президентке алғыс айтты
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы
-
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі
-
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді
-
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты
-
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер
-
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын”
-
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді
-
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр
-
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер
-
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады
-
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары
-
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру
-
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр
-
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар

