- Басты
- Жаңалықтар
- Үкімет пен Ұлттық Банк мәлімдеме жасады
Үкімет пен Ұлттық Банк мәлімдеме жасады
ҚР Үкіметі мен ҚР Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының берген тапсырмалары мен жариялаған бастамаларын мүлтіксіз орындауды жалғастырады.
Мемлекеттік бағдарламалар мен құрылымдық реформаларды іске асыру Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының және «Қазақстан-2050» Стратегиясының мақсаттарына тиімді қол жеткізу үшін жалғастырылатын болады.
Биыл экономика өсімі 3,8% төмен емес деңгейде, ал инфляция 4-6% дәлізінде күтіліп отыр.
Үкімет макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған тұрақты болжамды қазыналық саясатты жүргізуін жалғастыра береді. Барлық бюджеттік міндеттемелер және әлеуметтік бастамалар толық көлемде орындалады. Әсіресе, әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен қызметтер бағасының негізсіз өсуіне жол бермеуге ерекше көңіл бөлінеді.
Ұлттық Банк төмен инфляцияны қолдауға бағытталған болжамды ақшалай-несие саясатын жүргізуін жалғастыра береді. Валюта нарығында, банк секторында және қаржы нарығының басқа сегменттерінде жағдайдың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылданады. Ұлттық Банктің жеткілікті көлемде алтын-валюталық активтері, сондай-ақ теңгенің айырбас бағамына қатысты алыпсатарлық операциялардың алдын алу үшін қажетті құралдары, оның ішінде реттеу құралдары да бар.
Ағымдағы экономикалық ішкі және сыртқы факторлар ел экономикасының тұрақты дамуына ықпал етеді. Жағымсыз тәуекелдер көрініс берген жағдайда Үкімет пен Ұлттық Банк олардың салдарын барынша азайту және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қажетті ресурстарға ие.
Оқи аласыздар:
Жарық күндегі найзағайдай тосын жайт – Б.Тілеухан
Тәуелсіз елдің алғашқы басшысы болу мәртебесі бұйырды - өнер қайраткерлері
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары