- Басты
- Жаңалықтар
- 2014 жылы Ақтөбеде рельс арқалығы зауыты мен Астанада дизель қозғалтқышы өндірісі іске қосылады
2014 жылы Ақтөбеде рельс арқалығы зауыты мен Астанада дизель қозғалтқышы өндірісі іске қосылады
«Ағымдағы жылы көліктік-коммуникациялық кешендер бойынша ірі жобаларды жүзеге асыру жоспарланған. Атап айтатын болсақ, жыл соңына дейін «Жезқазған-Бейнеу», «Арқалық-Шұбаркөл» теміржолын, Ақтөбедегі рельс арқалығы зауыты мен Астанадағы дизель қозғалтқышы өндірісі пайдалануға берілетін болады.
Сонымен қатар, «Астана» теміржол торабының құрылысы басталып, ЭКСПО-2017 көрмесіне дейін вокзал кешенінің құрылысымен бірге аяқтау жоспарланған», -делінген «ҚТЖ» АҚ хабарламасында.
Бұдан басқа, 2014 жылы Ақтау теңіз кемежайын кеңейту, Астана, Павлодар, Көкшетау, Атырау қалаларында көліктік-логистикалық орталықтарды салу және Астана қаласындағы әуежайды дамыту бағдарламасын бастау жоспарланған. Сондай-ақ, 2014 жылы жолаушылар мен жүк айналымын 2013 жылман салыстырғанда 15%-ға көтеру көзделуде.
Сонымен, 2014 жылы «ҚТЖ» АҚ кірісі 962 млрд. теңгеге жетіп, таза пайда 122 млрд. теңгеден төмен болмайды деп жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, мемлекеттік көліктік-логистикалық жүйені жетілдіру кешені 2020 жылға қарай транзиттік тасымалды 2 есеге немесе 18-ден 36 млн. тоннаға арттыруға мүмкіндік береді. Осылайша, жаңа 28 мың жұмыс орны ашылады.
ҚТЖ басшысының айтуынша, көліктік -логистикалық кешен ел экономикасының даму драйверінің бірне айналуы керек
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады