• Басты
  • Тәуелсіз елдің алғашқы басшысы болу мәртебесі бұйырды - өнер қайраткерлері
20 Наурыз, 2019 00:03

Тәуелсіз елдің алғашқы басшысы болу мәртебесі бұйырды - өнер қайраткерлері

"Сіздің халыққа арнаған Жолдауларыңызды қазақстандықтар қашан да аса үлкен ықыласпен күтеді, тыңдайды. Өйткені, онда үнемі еліміз дамуының стратегиялық жолдары көрсетіліп, жұмыс бағыт-бағдары айқындалып беріледі", - деп көрсетілген М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театры ұжымының мәлімдемесінде.

Тәуелсіз елдің алғашқы басшысы болу мәртебесі  бұйырды - өнер қайраткерлері | Strategy2050.kz

Аса қадірлі Нұрсұлтан Әбішұлы!

Қазақстан Республикасының Президенті өкілеттігін тоқтатуыңыз туралы бүгінгі Жолдауыңызды қазақстандықтар, оның ішінде қазақ өнерінің қара шаңырағы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының ұжымы да толқи, ерекше тебіреніспен тыңдадық.

Сізге «Тәуелсіз елдің алғашқы басшысы болу мәртебесі  бұйырды». Өзіңіз жүргізген мемлекеттік сарабдал саясатыңыздың арқасында Қазақстан шын мәнісіндегі тәуелсіз де еркін, экономикасы мен мәдениеті дамыған өркениетті елге айналды, әлем қауымдастығынан лайықты орын алды.

Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатыңыз – мәдени және рухани құндылықтарды жасауға, жаңғыртуға, қайта түлетуге, сақтауға, дамытуға, таратуға және пайдалануға бағытталғанын мақтанышпен айтуымызға болады. Тәуелсіздік жылдары ұлттық өнер, сахна өнері құлашын кеңге жайды. Өзіңіздің бастамаңызбен Республикада тәуелсіздік жылдары көптеген жаңа театрлар ашылды, талантты бірнеше жас буын өсіп шықты.

95 жылдық тарихы бар қара шаңырақ, әлемнің көптеген елдерінде өнер көрсету мәртебесіне ие болған М.Әуезов театры Өзіңіздің «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламаңызда атап көрсетілгендей, «Қазақстанның мәдениетті және прогрессивті идеалдар қоғамына айналуы...»  жолында  аянбай  еңбек етіп келеді. Өзіңіз бастамашы болған «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында атқарылған, әлі де атқарылатын жұмыстар аз емес.  

Бүгінгі тарихи Жолдауыңызда Өзіңіз елімізді басқарған 30 жыл бойы атқарылған жұмыстар туралы бірнеше сөйлеммен ғана түйіп айтып өттіңіз. Ал, мұның астарында Сіздің ақыл-парасатыңыз, даналығыңыз, қаншама жан еңбегіңіз, күш-қуатыңыз бар екенін халық жақсы біледі. Біздер, сахна қайраткерлері, оның ішінде М.Әуезов театрының ұжымы шын мәнісіндегі тәуелсіз Қазақ елінің тұңғыш Президенті, дара Тұлға, қайталанбас құбылыс  – Өзіңізбен замандас болғанымызға, ұстанған сара бағытыңызды мұраттастықпен қолдап, еңбек етіп келе жатқанымызға бақыттымыз. 

Сіздің бүгінгі тарихи Жолдауыңыздың әрбір сөзі, сөйлемі біздерді қатты толқытты. «Маған ұлы халқыма, туған жеріме қызмет ету бақыты бұйырды. Баршаңызға – халқыма зор ризашылығымды білдіріп, басымды иемін» дедіңіз.  Біздерге Өзіңіздей Елбасы бұйырғанына біздер де аса бақыттымыз. Және Тұңғыш Президентімізге бүкіл Қазақстан халқы, олардың қатарында М.Әуезов театры ұжымы да аса үлкен ырзашылығымызды білдіріп, басымызды иеміз.

Қазақстан халқына бүгінгі Жолдауыңызда: «...Елеулі өкілеттігі бар Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы ретінде қызмет ете беремін. «Нұр Отан» партиясының Төрағасы, Конституциялық Кеңестің мүшесімін. Яғни өздеріңізбен бірге боламын. Еліміздің, халқымыздың қамы – менің мүддем болып қала береді» деген сөзіңіз біздерге қанат бітіріп, көңілімізге сенім ұялатты.

Біздер, сахна қайраткерлері Елімізді жаңғырту процестерінің баянды жалғасатынына сенеміз және Мәңгілік елімізді сақтау үшін қолымыздан келгенді аямаймыз деп уәде береміз.

Аса үлкен құрметпен,

КСРО Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, көркемдік жетекші
Асанәлі Әшімов
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театр директоры
Сәбит Әбдіхалықов
Қазақстанның Халық Әртісі
Сәбит Оразбаев
Қазақстанның Халық Әртісі

Нүкетай Мышпаева
Қазақстанның Халық Әртсі
Торғын Тасыбекова
Қазақстанның Халық Әртісі
Баян Имашева
Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі
Меруерт Өтекешова

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Әлия Бөпежанова

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Айдос Бектемір
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Азамат Сатыбалды
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Берік Айтжанов
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Еркебұлан Дайыров
«Серпер» Жастар Сыйлығының лауреаты
Салтанат Бақаева
«Серпер» Жастар сыйлығының лауреаты
Зарина Кармен

М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының барша ұжымы.

Оқи аласыздар: 

Жарық күндегі найзағайдай тосын жайт – Б.Тілеухан

Тәуелсіз елдің алғашқы басшысы болу мәртебесі бұйырды - өнер қайраткерлері

Шет мемлекеттердің Президенттері Н. Назарбаевтың өкілеттігін тоқтату туралы шешіміне қимастық ниет білдірді

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды