- Басты
- Жаңалықтар
- 7-20-25 пен Нұрлы Жер арқылы көпбалалы отбасыларға үй беріледі
7-20-25 пен Нұрлы Жер арқылы көпбалалы отбасыларға үй беріледі
Қазіргі күні көпбалалы отбасы ретінде баспана алу үшін алдымен ХҚО барып «е-gov» порталы арқылы кезекке тұру керек. Бірақ үйге мұқтаж жандардың тізіміне ілігу үшін Сіз сол қалада немесе ауданда ең кемі 3 жыл тұруыңыз тиіс. Яғни, мекен-жайыңызды өзгертпегеніңіз жөн. Ал мемлекет тарапынан қолдан келген көмектің бәрі жасалады.

- «Нұрлы жер» мен «7-20-25» бағдарламаларының тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін тұрғын үй құрылысын жандандыра түсу керек. Биыл 13,1 млн шаршы метр үй салынады. Жергілікті билік пен жауапты мемлекеттік мекемелер жер телімдерін бөлу, инженерлік-коммуналдық инфрақұрылым салу, тұрғын үй құрылысына инвестиция тарту бойынша белсенді жұмыс істеулері тиіс. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жеке тұрғын үй құрылысында ортақ архитектуралық біртектілік болғаны жөн. Бұл талаптардың орындалуы Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында байқалады», - деді Асқар Ұзақбайұлы.

ҚР Премьер-Министрі қызметінде Бақытжан Сағынтаев болғанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: - «Қараңдаршы Еуропа елдеріне, үйдің кезегінде тұру деген мәселе мүлде жоқ. Бұл проблеманы қайта-қайта қаузата бермей тезірек шешіңдер», - деген болатын. Шынымен-ақ, отыз дамыған елмен үзеңгі қағысып, иық тіресу үшін ең алдымен қоғамдағы көкейкесті әлеуметтік мәселелелер шұғыл түрде шешілуі тиіс. Ол үшін бюджетте ақша да, мемлекет басшысының нақты тапсырмасы да бар. Тек, жоғарыдан ыстық ықыласпен бөлінген қаржы діттеген жеріне суымай барса игі. Ал оның барысын қатаң бақылау қадағалау органдарының басты міндеті болмақ.
- «Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес,«Нұрлы жер» бағдарламасына өзгерістер енгізіп, бес жылдың ішінде жыл сайын 6 мыңға жуық көпбалалы отбасын баспанамен қамтамасыз етеміз. Бұл жұмыс 1 мамырдан басталады. «Тұрғын үй жинақ банкі» жүйесі арқылы екі жылда 20 мыңнан астам отбасы жеңілдетілген несие алады», - деді ҚР Премьер-Министрі.
Халықты баспанамен қамту мәселесі өз алдына, осы науқанның арқасында еліміздің құрылыс индустриясы да қарқын алары сөзсіз. Бұл дегеніміз құрылыс материалдарының нарығы жанданып, жаңа жұмыс орындары ашылады деген сөз.
- «Құрылыс саласындағы отандық үлесті 90% дейін жеткізу керек. Құрылыс материалдарын шығару «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасында қарастырылған және 600 млрд теңге бөлініп отыр. Жергілікті өнімді пайдалану экономикамыздың өзге салаларына оң әсер етеді. Мысалы, Түркістан қаласындағы алып құрылысты тиімді жүргізу үшін құрылыс материалдарын сол жердің өзінде шығару керек», - дейді Асқар Мамин.
«7-20-25» па, әлде, «Нұрлы жер» ме, басқа бағдарлама болады ма, тентіреп, жұмыссыз, үйіз-күйсіз жүргендерге маңыздысы бағдарламаның аты емес, затында. Ең бастысы айтылған сөз айтылған жерінде қалмас үшін, жергілікті жерлердегі әкімдер, прокуратура органдары, құрылыс басқармалары күн демей, түн демей халықтың мұң-мұқтажын қамтамасыз етуде білек сыбанып жұмыс істеуі керек. Ал бөлінген ақшаның талан-таражға түспей игерілуін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мұқият қадағалап отырары сөзсіз.
Данияр Оралов
Оқи отырыңыз:
Көпбалалы отбасыларға қолдау көрсетеміз - ШҚО әкімінің орынбасары
30 мыңға жуық ақтөбелік жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек алады
1 сәуірден бастап атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері қалай өзгереді
Қазақстан экономикасы: 88,8 млрд доллар ақшамыз бар
2019 жылға арналған базалық параметрлер бұрын мақұлданған деңгейде сақталды – Р.Дәленов
«Нұрлы жол» бағдарламасы: Инфрақұрылымдық дамудың жаңа саясаты
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі