- Басты
- Жаңалықтар
- Маңғыстау мен Атырау облысының әкімдері маңызды кездесу өткізді
Маңғыстау мен Атырау облысының әкімдері маңызды кездесу өткізді
Жиын барысында аталмыш компания өкілдері екі облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына инвестиция құятындарын жеткізді.
- «Маңғыстау және Атырау облыстарының әлеуметтік-экономикалық дамуын инвестициялау туралы қолданыстағы келісімнің мерзімі осы жылы аяқталады. Алайда, 2020-2022 жылдар аралығында Солтүстік Каспий Концорциумы өз қызметін жүзеге асыратын аймақтардың дамуына жыл сайын 50 миллион АҚШ доллары көлемінде қаражат бөледі», - деді Консорциум акционерлері комитетінің төрағасы Лука Виньяти.

Бұл орайда, Атырау және Маңғыстау облыстарының әлеуметтік-экономикалық дамуына бөлінетін қаражаттың жалпы сомасы 150 миллион АҚШ долларын құрамақ.
- «Консорциум аталған соманың қомақты бөлігі білім беру саласындағы жобаларды дамытуға жұмсалатынына үміттенеді», - деді Виньяти мырза.
Қазіргі уақытта Консорциум акционерлері Өкілетті Орган – «PSA» ЖШС тиісті келісімдер бойынша бірлесіп жұмыс істеу туралы шешім қабылдады. Аталған кездесуге «НКОК Н.В.» компаниясының басқарушы директоры Ричард Хоув мырза да қатысты.
- «Солтүстік Каспий жобасы тікелей шетелдік инвестицияларды тарту тұрғысында Қазақстан Республикасындағы ең ірі жоба болып есептеледі. Бұл жоба Қазақстан азаматтарын жұмыспен қамтып, жергілікті компанияларды жұмысқа тарту арқылы экономикаға айтарлықтай үлес қосуда. Соңғы 20 жыл ішінде «НКОК» компаниясы Атырау және Маңғыстау облыстарында 200 астам әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асырды. Осы жобаларға жұмсалған қаражаттың жалпы сомасы 620 миллион АҚШ долларынан асты. 2018 жылы Солтүстік Каспий жобасы аясында жергілікті тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге 420 миллион АҚШ долларынан астам қаражат көлемі жұмсалды, бұл біздің жалпы шығындарымыздың 43% астамын құрады. «НКОК» компаниясы тарапынан 2004 жылдан бері жергілікті тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге жұмсалған қаражаттың жалпы сомасы 14 миллиард АҚШ долларынан асты», - деп атап өтті Хоув мырза.

Сондай-ақ, ол Қашаған кен орнының Қазақстан экономикасына қосатын үлесі ондаған жылдарға созылатын игеру кезеңі барысында жүзеге асатынын айтты.
- «Соңғы бірнеше жыл ішінде Солтүстік Каспий Консорциумы Маңғыстау облысындағы ең ірі нысандардың құрылысына қатысты. Мәселен, Ақтауда "Маңғыстау арена" спорт кешені мен Достық үйі салынды. Қазір НКОК тікелей қатысуымен бокс орталығы, Әбіш Кекілбаев атындағы мәдени орталығы, онкологиялық орталық және басқа да әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысы жүріп жатыр. Ынтымақтастықтың барлық кезеңінде компания аймақтағы көптеген әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды іске асырды. Сондықтан, компания өкілдеріне Маңғыстаудың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін алғысымды білдіремін", - деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.
Оқи отырыңыз:
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады