• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2014 жылдың қараша айында ҚР Үкіметі мүгедектердің құқын қорғау заңнамасына өзгерістер енгізбек

2014 жылдың қараша айында ҚР Үкіметі мүгедектердің құқын қорғау заңнамасына өзгерістер енгізбек

21 Қаңтар, 2014 17:23
2014 жылдың қараша айында ҚР Үкіметі мүгедектердің құқын қорғау заңнамасына өзгерістер енгізбек, деп мәлімдеді ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде «Нұр Отан» фракциясы жетекшісінің орынбасары Сергей Дьяченко.

«Маған белгілісі, қарашада Үкімет мүгедектердің құқын қорғау заңнамасына өзгерістер енгізбек. Осыған орай Үкіметтің маңызды міндеттемені ескере отырып аталмыш жобаны түзетуі мүмкін», - деді С.Дьяченко.

Оның айтуынша, бөлек заңнаманы дайындау үшін немесе қазіргі заңның заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізуі үшін депутаттардың өздерінің бастама көтеруі мүмкін.

«Мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмысқа орналасу жеңілдіктеріне келер болсақ, «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңда жалпы жұмыс орнының 3 пайызын құрайтын жеңілдік қарастырылған. Сонымен қатар, мұндай жеңілдік «ҚР мүгедектерді әлемеуметтік қорғау туралы» Заңда да қарастырылған. Ендігі мәселе осы заңның тәжірибеде қолданылуы», - деді фракция жетекшісінің орынбасары.

С.Дьяченконың айтуынша, Үкімет тез арада аталмыш заңның іске асырылу механизмін анықтайтын нормативтік-құқықтық акті қабылдау керек.

Сонымен қатар, Мәжіліс қазіргі таңда әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістерді қарастыруда. Соның аясында жұмыс берушінің заңды сақтамаған жағдайында 40-тан 400 АЕК дейінгі айыппұл төлеуі көрсетілген. Бұл заң жобасы 2014 жылдың 19 ақпанында бірінші оқылымда қаралады. 

Барлық жаңалықтар