- Басты
- Жаңалықтар
- А.Мамин: Түркістан - түркі дүниесінің орталығы
А.Мамин: Түркістан - түркі дүниесінің орталығы
Асқар Ұзақбайұлы түркістандықтардың өмір сүру деңгейін арттыру, құрылыс салу, инженерлік инфрақұрылыммен қамту, өңір экономикасын ілгері жылжыту, бизнес пен туризмді дамыту перспективаларына ерекше көңіл бөлді.
- «Түркістан облысының құрылуы Елбасымыздың тарихи шешімі. Мемлекет басшысы Түркістан қаласын жаңа облыс орталығы ғана емес, бүткіл түркі дүниесінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамытуды тапсырды. Сондықтан, аймақтың өркендеуіне ерекше көңіл бөлінеді», - деді Асқар Мамин.

Премьер-Министр Түркістанда ауқымды құрылыс жұмыстары басталғанын айтты. Президент тапсырмасын орындау мақсатында Үкімет тарапынан барлығы қамтамасыз етілді. Құрылысқа қажет қаржы бюджетті нақтылау аясында қолдау тауып, нақты бекітілді. Инженерлік-коммуникациялық, көлік инфрақұрылымын жүргізу қамтамасыз етіледі. Құрылыс жұмыстарының қарқынын арттыру үшін кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер енгізілмек.

Түркістанда құрылыс жүргізу бойынша Президент тапсырмаларын орындау барысы және қаланы дамыту бойынша бұдан кейінгі жоспарлар туралы Түркістан облысының әкімі Ө. Шөкеев тарқатып айтты. Мәдениет және спорт вице-министрі Е. Кожағапанов, индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі — Қ. Өскенбаев, энергетика вице-министрі — М. Мырзағалиев, тарихи-мәдени орталықты абаттандыру, ЮНЕСКО жоспарланған реконструкция жұмыстарын келісу барысы, көлік инфрақұрылымын және ТКШ нығайту, сумен, газбен, жылумен, электр қуатымен жабдықтау бойынша баяндады. «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қ. Есекеев Smart City жобасын дамыту жоспарлары туралы мәлімдеді.
- «Мемлекет басшысы Түркістан қаласының дамуына ерекше көңіл бөліп отыр. Әрбір нысанға жауапты басшы бекітіліп, оны орындаудың нақты мерзімі белгіленген. Біз ортақ күш-жігерімізді жұмылдырып, Мемлекет басшысы алға қойған тапсырмаларды іске асыруға бірден кірісуіміз керек. Түркістанды аса дамыған облыс орталығына және үлкен туристік, мәдени және рухани орталыққа айналдыру қажет», - деді А.Мамин.


Премьер-Министр Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығындағы облыс әкімдігі, басқармалар мен департамент ғимараттары салынатын алаңдарды тексерді. Бұл нысандарды 2020 жылдың сәуір айында пайдалануға беру жоспарланып отыр. А. Маминге құрылыс жұмыстарын отандық өндірістің қажетті материалдар көлемімен қамтамасыз ету үшін өңірде фибробетон (еск. – ауқымды ғимараттар құрылысына қолданылатын материал) шығаратын жаңа зауыт салу көзделгені баяндалды.

Бұдан өзге, А. Мамин медиа орталықтың, конгресс-холдың, спорт кешенінің құрылыс барысын тексерді. Мұнда ғимараттардың іргетасын қалау жұмыстары басталды. Ұсынылған нысандар жақсы функционалдылығымен, сыйымдылығымен ерекшеленеді және сәулет өнерінің қазіргі стандарттарына сай келеді.
Салынып жатқан әкімшілік нысандарды тексеруді аяқтаған соң, А. Мамин Президент тапсырмаларын уақытылы орындауға барлық жағдай жасалғанын атап өтіп, құрылыс жұмыстарын күшейтуді және қажет болған жағдайда құрылысшыларды қосымша тартуды тапсырды.

А. Мамин «Түркістан — жаңа қала» шағын ауданын аралау кезінде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы тұрғын үй құрылысының басталуымен танысты. Жоба біртіндеп іске асырылады: 2019 жылы 44 үй, 2020 жылы — 52 үй пайдалануға беріледі. Жалпы, 2 977 пәтер «7–20–25» бағдарламасы бойынша, сондай-ақ, облыс әкімдігі жоспарлап отырған несиелік тұрғын үйдің жаңа бағдарламасы бойынша қолжетімді болады. Бұл көп балалы отбасылардың баспана мәселесін шешуге ықпал етеді. Премьер-Министр баспана құрылысы көлемдерін кеңейту келешегін зерделеу және қолайлы өмір сүруді қамтамасыз етуге заманауи технологияларды енгізу қажеттігін атады.
Айта кету керек, жалпы өңірде құрылыс жұмыстарының биылғы көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,3 есеге артқан.
Сонымен қатар, Премьер-Министр әлеуметтік инфрақұрылымның салынып жатқан нысандарын, оның ішінде білім және ғылым саласындағы нысандарды тексерді. Сапар кезінде Оқушылар сарайының, облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың құрылыс алаңдары қаралды.

Түркістан қаласын түркі дүниесінің рухани-мәдени орталығы ретінде дамыту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысу мақсатында А. Мамин қаланың тарихи-мәдени орталығын аралады. Қожа Ахмет Яссауи мұражайы, «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорығының визит-орталығы, «Ұлы дала елі» орталығы салынып жатқан жерлерде болды. Бұдан өзге, Премьер-Министрге Түркістан қалашығын абаттандырудың тұжырымдамалық бас жоспары таныстырылды.
Премьер-Министр жұмыс сапары барысында туристік инфрақұрылымды құру жұмыстарының жоспарларымен танысып, құрылыс жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Түркістанда туризмді дамыту мақсатында музыкалық субұрқақ, амфитеатр, аттракциондары бар қалалық саябақ салу көзделген.
Данияр Оралов
Оқи отырыңыз:
Қазақстандағы туризм 2025 жылы қандай болады?
Жансейіт Түймебаев жаңа қызметке келді
Түркістан облысы қалай дамып жатыр?
Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық даму ахуалы
Жастар жылы Түркістан облысында қандай тың жобалар пайда болады?
Түркістан облысы: Өңірдегі тың инвестициялық жобалар
«Нұрлы жол»: Бағдарламаның 2018 жылғы қорытындысы
Жастар жылын атап өтуде формалдық көзқарастан аулақ болу қажет – Қ.Тоқаев
2018 жылдың ең маңызды оқиғалары
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
«Зерде» холдингі»: Цифрлық трансформация орталығы, штат санының қысқаруы және холдинг кірістері -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді -
Түркістан облысының дамуы: Инвестиция, зауыттардың құрылысы, туризм және жол мәселесі -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар