• Басты
  • Ресей, Пәкістан, Ауғанстан өкілдерін қабылдады
15 Наурыз, 2019 17:54

Ресей, Пәкістан, Ауғанстан өкілдерін қабылдады

Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар шетелдік өкілдерді қабылдады. Алдымен, Сенат Спикері Ресей Федерация Кеңесінің делегациясы мен Ауғанстан, Пәкістан елшілерін қабылдады. Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығы қалай дамып жатқанын келесі материалдан оқи аласыздар.

Ресей, Пәкістан, Ауғанстан өкілдерін қабылдады | Strategy2050.kz

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Халықаралық істер жөніндегі комитетінің төрағасы Константин Косачев бастаған Федерация Кеңесінің делегациясын қабылдады.

Сенат Төрағасы Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара қарым-қатынастар тарихи тұрғыдан қарағанда ұзақ мерзімді әрі одақтастық сипатына ие екенін атап өтті.

Қ.Тоқаев Қазақстанның саяси жүйесіндегі Сенаттың рөлі және «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде Президент Н.Назарбаев жария еткен әлеуметтік доктринаны іске асырудағы Палатының қызметі туралы айтып өтті.

Сенат Төрағасы Елбасы айқындаған шешімдерге шамамен 6,5 млрд  доллар болатын қомақты қаражат бөлінетінін атап өтті.

Қ.Тоқаевтың пікірінше, екі ел парламенттері жоғарғы палаталарының арасындағы байланыстарды одан әрі нығайта түсуде Ресей делегациясының бұл сапары аса маңызды.

Сенат Төрағасы ТМД, ҰҚКҰ, ЕҚЫҰ парламентаралық құрылымдардағы біздің мемлекеттердің заң шығару органдары өкілдерінің өзара тығыз іс-қимылына жоғары баға берді. Әңгіме барысында Еуразиядағы интеграция үдерістеріне ерекше назар аударылды.

«Еуразиялық экономикалық одақ аясында бірлескен жаңа жобаларды жүзеге асыру туралы ойластыру қажет. Бұл Одақтың болашағы зор. Бізге ынтымақтастықты нығайтып, ЕАЭО мен Қытайдың Ұлы Жібек жолы жобасын ұштастыру жолындағы жұмыстарды атқару керек», - деді Қ.Тоқаев.

К.Косачев өз кезегінде екі ел басшыларының арасындағы өзара сенімді қатынастар кепіл болып табылатын екі жақты стратегиялық әріптестіктің жоғары деңгейін атап өтті.

Федерация Кеңесі делегациясының басшысы Ресейде Президент Н.Назарбаевтың Еуразиялық Одақ идеясының авторы ретінде және оның бұрынғы кеңестік аумақтағы интеграциялық үдерістерді дамытуға бағытталған бастамаларын жақсы білетіндерін және жоғары бағалайтынын атап өтті. Кездесуге қатысушылар парламентаралық байланыстарды одан әрі дамыту және халықаралық және аймақтық ұйымдар аясындағы іс-қимылды үйлестіру туралы пікір алмасты.

Сондай-ақ, Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстанның және Пәкістанның елшілері Мухаммад Фархад Азимиді және Имтиаз Ахмад Казиді олардың өтініші бойынша қабылдады.

Сенат Төрағасы ауған дипломатымен кездесу барысында Қазақстан Ауғанстанды қайта қалпына келтіру жөніндегі халықаралық міндеттемелерді атқара беретінін және елдегі жағдайдың тезірек тұрақтануына мүдделі екенін атап өтті.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерінің соңғы жеті жылдағы Кабулға алғашқы сапарын, сондай-ақ Нью-Йорктегі «Ауғанстан мен Орталық Азиядағы өзара байланысты қауіпсіздік пен дамудың үлгісі ретінде аймақтық әріптестікті қалыптастыру» тақырыбында министрліктердің пікірсайыстарын ұйымдастырды.

Біздің еліміздің ауған жастарының өкілдеріне жоғары, техникалық және кәсіптік білім беруге арналған бағдарламасына халықаралық қоғамдастық жоғары баға беріп отыр.

Елші М. Азими Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру жөніндегі халықаралық күш-жігерге қосқан үлесі үшін Қазақстанға алғысын білдірді.

Қ.Тоқаев Қазақстандағы Пәкістан елшісі Имтияз Ахмад Казимен кездесу барысында Азия аймағындағы Пәкістанның маңызды рөлін және Қазақстанның осы мемлекетпен саяси және экономикалық ынтымақтастығын күшейту ниетін атап өтті.

Сенат Төрағасы Пәкістан мен Үндістан арасындағы шиеленісті жағдайдың тез арада шешілуіне мүдделілігін жеткізді.

 «Екі ел арасындағы ашық және сындарлы саяси және дипломатиялық үнқатысу қазіргі дағдарыстың шығудың тиімді және қолайлы бірден-бір жолы болып табылады деп санаймыз», - деді Қ.Тоқаев.
 

Оқи отырыңыз:

Нұрсұлтан Назарбаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Көктем мерекесі: Жанға жылулық сыйлайтын көрме

Жастардың басты өмірлік бағдары еліміздің тәуелсіздігі болуға тиіс – Н.Назарбаев

 

Фотоальбом: объективте – Президент

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды