• Басты
  • 30 мыңға жуық ақтөбелік жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек алады
15 Наурыз, 2019 10:37

30 мыңға жуық ақтөбелік жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек алады

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бастаған Үкіметтің жұмыс тобы екі күндік қызмет бабымен Ақтөбеге барды. Делегация құрамында Үкімет мүшелері бар. Жұмыс сапары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті жанындағы жаңартылған Жастар орталағының жұмысымен танысудан басталды. Г.Әбдіқалықованың Ақтөбеге сапары туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
30 мыңға жуық   ақтөбелік жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек алады

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті жанындағы Жастар орталағының  ғимараты   жаңғыртылғаннан   кейін фортепиано, баян және домбыра кластары, Р.Жаманова атындағы хор өнері кабинеті, Н.Тапалова атындағы хореография залы, баспасөз конференциясы залы ашылды.Жастар сарайының жарақтануымен танысып болған соң ҚР вице-премьері  студенттермен кездесіп, жастар саясаты мен әлеуметтік саясаттың өзекті мәселелері талқыланды.

Г.Әбдіхалықова бүгінде еліміздің жастарына Жастар жылы, мемлекет басшысының Бес әлеуметтік бастамасы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, бизнес бастамаларды қолдау бағдарламаларының аясында үлкен мүмкіндіктер ашылғанын атап өтті.

«Елімізге жоғары білімді, бәсекеге қабілетті жастар қажет. Қазақстанның 26 жоғары оқу орны еліміздегі жоғары білім мен ғылымның флагманына айналады, білікті мамандарды даярлауда Назарбаев университетінің тәжірибесін қабылдап, тарататын болады. Жастардың жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін жұмысқа орналасуы маңызды. Алайда, жоғары оқу орындарының рейтингі түлектерінің жұмысқа орналасу деңгейіне байланысты болады. Биыл мемлекет жастардың проблемаларын шешіп, қолдау үшін қосымша 26 млрд теңге бөледі. Тек Жастар жылы ғана емес, алдағы уақытта да жастардың проблемалары мен бастамалары елеулі түрде қолдау табатын болады»,- деді ҚР вице-премьері.

Кездесу еркін әңгіме түрінде өтіп, студенттер үкіметтің жұмыс тобына өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

Жұмыс сапары «Азаматтарға арналған үкімет»  КАҚ филиалы – «Халықтық кеңсенің» тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету сапасымен танысумен жалғасты.

«Халықтық кеңсе» іске қосылысымен ақтөбеліктер енді мемлекеттік қызметтерді алу үшін түрлі инстанцияларды араламайтын болды.
"Халықтық кеңсеге" тапсырыс қалдырса болғаны мамандар оны тиісті мемлекеттік органдарға жібереді. Қазіргі таңда мұнда қызметтердің  700 түрі көрсетіледі. "Халықтық кеңседе" Халыққа қызмет көрсету орталығынан өзге БЖЗҚ, көші-қон қызметтерін көрсету, құқықтық қызметтер көрсету орталықтары орналасқан.

Жоба ҚР Президентінің "Жүз нақты қадам" ұлт жоспарының транспорентті және халыққа есеп беретін мемлекет құру бөлігінде көрсетілген тапсырмаларын орындау аясында жүзеге асырылған.

Шамамен 30 мыңдай ақтөбелік жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек алады.

Сондай-ақ,  Гүлшара Әбдіқалықова бастаған жұмыс тобы көпбалалы отбасылармен, халықтың аз қамтылған тобымен, мүгедек жандармен және ардагерлермен әлеуметтік қолдау шараларын жақсарту мәселелері жөнінде кездесті. Кездесуге сондай-ақ, облыс әкімі Оңдасын Оразалин, Қазақстан халқы ассамблеясының,  «Nur Otan» партиясының, іскер әйелдер қауымдастығының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен облыс активі қатысты.

Гүлшара Әбіхалықова жұмыс топтарының өңірлерге сапары Президент Н.Назарбаевтың «Nur Otan» партиясының XVIII съезінде берген тапсырмаларын тиімді жүзеге асыру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын кең ауқымды жүргізу мақсатында ұйымдастырылғанын атап өтті.

« Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» деп аталатын жаңа әлеуметтік шаралары қазақстандықтардың тұрмыс сапасын жақсартуға, бірінші кезекте мемлекет қолдауына зәру аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Бүгінде облыс басшылығы тұрғындардың өзекті мәселелерін жеке қадағалап, аталмыш міндеттерді орындаудың нақты шараларын қабылдауы керек. Әсіресе,  қаржының тиімді пайдаланылуын қатаң бақылау қажет. Қаражат әрбір мұқтаж отбасыға, әрбір адамға жетуі тиіс» ,- деді Г.Әбдіхалықова.

Өз кезегінде Бердібек Сапарбаев мемлекет басшысының тапсырмасын орындауда елімізде көпбалалы отбасыларды жұмыспен қамтуға қолдау көрсету шаралары кеңейтілетінін жеткізді. Сол үшін өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына тиісті өзгерістер енгізіліп жатыр.

Атап айтқанда, көпбалалы ауыл тұрғындарына отбасылық кәсібін ашу үшін жаңа бизнес идеяларға 505 мың теңге мөлшерінде қайтарымсыз негізде мемлекеттік гранттар берілетін болады. Шағын несиелеу аясында 2019 жылға жоспарланған 14 мың шағын несиенің 5 мыңын ауылдағы көпбалалы аналар мен мүгектігі бар тұлғаларға бөлу ұсынылып отыр. Оларға сондай-ақ, жеке ісін ашу үшін 6,5 млн. теңгеге дейін және зәкірлі қауымдастық үшін 20 млн. теңгеге дейін жеңілдетілген шағын несиелер беріледі. 

Бұдан өзге, ауылдағы көпбалалы аз қамтылған отбасыларды сұранысқа ие мамандықтарға қысқа мерзімді оқыту ұйымдастырылады. Сонымен қатар, жекелеген жұмыс түрлері бойынша жалақысы субсидияланатын үйде отырып орындайтын әлеуметтік жұмыс орындары ашылады. Бұл бала күтімі мен еңбек қызметін қоса атқаруға,сондай-ақ қосымша табыс көзін алуға мүмкіндік береді.

Мүгедек балаларға күтім көрсетіп отырған отбасыларды әлеуметтік жағынан қолдауды күшейту үшін 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап мүгедектігі бар балаларға және 18 жастан асқан бала кезіненбірінші топтағы мүгедектерге күтім көрсету бойынша мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері артады. Нәтижесінде 100 мың азамат үшін жәрдемақылардың мөлшері 31 183 теңгеден41 578 теңгеге дейін өседі.

Министр сондай-ақ, Ақтөбе облысында атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатындар саны бір жарым есе артатынын жеткізді. Егер 2018 жылы 20 083 адам жалпы сомасы 717 млн теңге атаулы әлеуметтік көмек алса, 2019 жылы олардың саны 29 237 адамға артады. Осы мақсатпен биыл бюджетке  903 млн теңге бөлінген, қосымша республикалық бюджеттен тағы 3,5 млрд теңге бөлінбек.

«Бұдан өзге, әрбір өңір өз бюджетінің ммүкіндігін ескере отырып, барлық атаулы әлеуметтік көмек алатындар мен мұқтаж отбасылар үшін қосымша қолдау шараларын пысықтайды. Бастысы, Мемлекет басшысы партия съезінде айтқандай, ең алдымен аса мұқтаж отбасыларға көмек көрсету керек. Сол үшін бүгінде бүкіл өңірде отбасылардың әлеуметтік картасы жасалып жатыр»,- деген Бердібек Сапарбаев халықты әлеуметтік қолдауды күшейту және тұрмыс сапасын арттыру шаралары кезең-кезеңімен енгізілетінін айтты.

Жұмыс тобы бейсенбі күні сондай-ақ, «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік орталығында азаматтарды мемлекеттік әлеуметтік қолдау сұрақтары бойынша қабылдап, көпбалалы отбасылардың үйлерінде болды және түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін облыс аудандарына шықты.

Атап айтқанда, денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов Хромтау, білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова Қобда, ИИДМ құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықістері комитетінің төрағасы  Мархабат Жайымбетов Алға, АШМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Қайыр Рыскелдинов Мәртөк аудандарының халқымен кездесті.

Аягөз Құрмаш 

Оқи аласыздар: 

Депутаттар Хромтау, Алға және Мартөк аудандарында болды

Маңғыстау әкімдігінде бос орындар азайды - Нұргүл Жанназарова

Көпбалалы отбасыларға қолдау көрсетеміз - ШҚО әкімінің орынбасары

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды