• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Нұр Отан» фракциясы депутаттары сайлаушылармен 7 мыңнан астам кездесу өткізді –С.Дьяченко

«Нұр Отан» фракциясы депутаттары сайлаушылармен 7 мыңнан астам кездесу өткізді –С.Дьяченко

21 Қаңтар, 2014 17:07
Бүгінге дейін «Нұр Отан» фракциясы депутаттары 3 мыңдай елді-мекенді аралады, деп мәлімдеді ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде «Нұр Отан» фракциясы жетекшісінің орынбасары Сергей Дьяченко.

«Қазірде «Нұр Отан» фракциясы аталмыш бағытта негізгі күрделі жұмыстарды жүргізуде. Бүгінге дейін «Нұр Отан» фракциясы депутаттары 3 мыңдай елді-мекенді аралап, 7 мыңнан астам жерде сайлаушылармен кездесті», - деді С. Дьяченко.

Енді депуттардың кезекті сегізінші сапары алдағы уақытта ҚР Президентінің Жолдауын сайлаушыларға түсіндіру мақсатында жүргізілмек.

«Бұл жұмыстарды біз дәстүрлі түрде барлық парламенттік фракциялармен өткізіп отырамыз. Ең шалғайдағы ауылдарды аралап, халықпен жүздесеміз. Алда сегізінші сапарды жоспарлап отырмыз», - деді С.Дьяченко.

 

Барлық жаңалықтар