- Басты
- Жаңалықтар
- Мектептердегі тәртіпсіздік қатаң жазаланады
Мектептердегі тәртіпсіздік қатаң жазаланады
Депутаттардың бастамасы бойынша, енді кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық сипатта жасалған қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық күшейеді. Ол ата-аналардың, өгей әке-шешелердің, мұғалімдердің, қамқоршылардың кәмелетке толмағандарға қатысты зорлау және зорлық әрекеттері үшін жазаға байланысты болып отыр. Бұл баптар бойынша бостандықтан айыру мерзімін 12 жылдан 17 жылға дейін көбейту көзделіп отыр.
Кәмелетке толмағандарды зорлаған арсыздарға жаза күшейтіліп, заң бұл баптар бойынша сотталғандарды өмір бойына мұғалімдік қызмет атқару және балалармен жұмыс істеу құқығынан айырады.
Жұртшылықты ерекше алаңдатқан мәселенің бірі мектептердегі тәртіпсіздік, оқушылар арасындағы қатігездік, әлімжеттік мәселесі екені белгілі. Елімізде түрлі оқиғалар орын алып, қоғамның алаңдаушылығын туғызып отыр.
Сенат қабылдаған заң мектептердегі зорлық-зомбылықты болдырмау және жазаны қатайту мәселесіне де қатысты.
Оның маңыздылығы сонда, ендігі жерде кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық және жыныстық сипаттағы басқа да қылмыстар үшін жазаның жаңа түрі енгізіледі. Сөйтіп, жұртшылық күтіп отырған шаралар қолға алынып, балаларға зорлық-зомбылық жасап, оларға қорлық көрсеткендер қылмыстық әрекетіне орай қатаң жазаланады.
Сенат Төрағасы көтерген жұрт көкейіндегі мәселелер заң аясында жүзеге асырылды, ендігі жерде балаларды қорғау жөніндегі ережелер бұрынғыдан да нақты әрі қатаң болмақ.
Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев „Жастар жылына“ арналған дөңгелек үстелде мектептерде жиі орын алып отырған зорлық-зомбылық жағдайларды барлық мемлекеттік органдардың жұмысындағы кемшілік екенін атап өткен болатын. Бұл мәселеге көз жұмып қарамай, нақты шаралар қолдану қажеттігі айтылған.
Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр қыркүйек айында қылмыстық заңдарды, оның ішінде балалардың құқықтарына қатысты нормаларды шектен тыс ізгілендіруді тоқтату қажеттігін көтеріп, жыныстық сипаттағы құқық бұзушылықтар үшін жазаны қатайтуға шақырды.
«Ондай қылмыстар біздің қоғамда қызу талқыға салынады, жеңіл жаза беру немесе қылмыстық жауапкершіліктен жалтару көріністері азаматтардың ашу-ызасын туғызады», - дейді Қ.Тоқаев.
Сенат Төрағасы Парламент пен Үкіметтің заңдарды шамадан тыс ізгілендіруі мемлекет мүддесіне зиян келтіретінін еске салды.
Аягөз Құрмаш
Оқи аласыздар:
Атырау, Ақмола, Қарағанды: Сенаторлар өңірлерде не істеп жүр?
Депутаттар Хромтау, Алға және Мартөк аудандарында болды
Жымпиты, Бұлдырты және Алғабас: сенаторлар ауылдарды аралап жүр
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады